|
|
бет | 253/356 | Дата | 09.05.2022 | өлшемі | 460,07 Kb. | | #33148 |
| Байланысты: Қазақстан тарихыБалама (лат. alter –екінің бірі) – бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана таңдап алу қажеттігі.
Бал-бал - бабалар құрметіне қабыр басына қойылатын мүсін тас
Барбаросса жоспары – фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия атауы.
Барымта – жауласқан екі рудың бірін-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.
Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейін казак әскерлерінің аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мешандар, саудагерлер) осылай аталған.
Басқақ – моғол хандарының жаулап алған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындалған адамы.
Бастауыш мектеп – медресе, мұсылмандардың орта және жоғары оқу орындары.
Басыбайлы шаруа – Ресейдың 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|