Мәтінде берілген қатені тап: «Камадан Астраханға дейінгі Еділдің сол жақ жағалауындағы және одан әрі
Каспий теңізінің татар-түркімендердің жерімен шектесіп жатқан солтүстік және солтүстік-шығыс
жағалауындағы барлық жер қыпшақтардың жері деп аталады. Оның халқы Мұхаммед; 1558 жылы мен
Астраханда болған кезімде оны азаматтық қырқыстың, ашаршылықтың, індеттің және т.б. апаттардың әбден
бүлдіргені сонша, сол жылы 100 мыңға дейін адам қырылды; мұндай апаттың болғанын мұндағылар ешқашан
білген емес, демек, жайылымы мол қыпшақ жері қыпшақтармен ежелден қатаң соғыс жүргізіп келе жатқан
орыстарды аса қанағаттандырып, енді бос қалып отыр. Қыпшақтар өздерінің гүлденген заманында былайша
өмір сүрген: Олар Орда деп аталатын бірнеше қоғамға бөлінген. Әрбір орданың өз билеушісі болады, оған
король сияқты бағынады; билеушісі мырза деп аталады. Қыпшақтардың қаласы да, үйлері де жоқ, олар ашық
далада өмір сүреді; әрбір мырзаның немесе корольдің жанында әйелдерімен, балаларымен, малымен өз
ордасы болады. Малы бар шөпті деп қойған соң, олар басқа жерге көшіп қонады. Көшкен кезде олардың
тұрағы – доңғалақты шатырлар немесе арба үстіне орнатылған шатырлар, оны бір жерден екінші жерге түйе
жегіп апарады; олар өздерінің әйелдерін, балаларын және оларда онша көп бола бермейтін бүкіл байлығын
осы арбалармен алып жүреді. Әрбір еркектің күңдерін есептемегенде кемінде 4 немесе 5 әйелі болады. Олар
теңге дегенді мүлде қолданбайды, бірақ көйлек-көншікке және басқа да қажетті заттарға айырбастайды. Олар
өздері өте тәжірибелі, әскери өнерден басқа, қолөнермен де, көптеген өнер түрлерімен айналысады. Көбінесе
бұлар малшы халық, иелігінде малы көп, оынң бүкіл байлығы содан құралады. Олар етті, негізінен, жылқы
етін көп жейді, қымыз ішеді, оны көбінесе мас болғанша ішеді, бұлар бүлікшіл, кісі өлтіру мен талап-тонауға
бейім тұратын халық. Олар астық екпейді және нанды мүлдем жемейді. Біздің қамалдарымызды жек көріп,
христиандардың нан жейтінін күлкі етеді, олар бізді шөптің басын жеп, нақ солардан істелген сусын
ішесіңдер дейді, өздерімен күш теңестіріп, мықты болу үшін олар көп ет жеп, сүт ішуді ұсынады...» Ноғайлар