Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
№6 СӨЖ
Баяндама
Тақырыбы: Дислалия түзету жолдары
Орындаған: Черкешбаева Нургул
Тобы: МДОжТ-302
Тексерген: Балтымова Майра
Ақтөбе-2022
Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі
Дислалияда логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тіл дыбыстарын (фонемаларды) дұрыс айту үшін бала келесіні білуі тиіс: дыбысты
акустикалық белгілері бойынша тану;
бұзылып айтылған дыбысты дұрыс нұсқасынан ажырату;
өз сөзін есту арқылы бақылау және оған сапалы баға беру; қажетті
артикуляциялық позицияларды келтіру;
сөйлеудің кезкелген түрінде қажетті дыбысты қолдана білу.
Логопед баланың дыбыс айтуын дұрыс қалыптастыру үшін үнемді және тиімді жолдарын табу керек. Егер логопедиялық жұмыс дұрыс ұйымдастырылған болса дислалияның барлық түрлерін түзетуде оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Кейбір жағдайда механикалық дислалия кезінде бірлескен логопедиялық жұмыспен медициналық ықпалдың арқасында нәтиже алуға болады. Дыбыс айтуын жоюға бағытталған жұмысқа қолайлы жағдай жасау логопедиялық ықпалдың нәтижелі болуының алғы шарттары болып табылады: логопедтің баламен эмоционалды қарым-қатынас орнатуы; баланың басшы әрекетін ескере отырып, қызығушылық тудыратын сабақ формаларын ұйымдастыру; т.б. Логопедиялық сабақтар жүйелі түрде аптасына 3 рет өткізіледі. Логопедтің тапсырмасы бойынша ата-аналарының қатысуымен үй тапсырмаларын орындау қажет. Оларды күні бойы 2-3 рет, 5-15 мин. дейін қысқаша жаттығулар түрінде өткізу керек. Дыбыс айтуын түзетуде дидактикалық материалдар кеңінен пайдаланылады. Дыбыстарды түзету мерзімі келесі факторларға байланысты: ақаудың денгейінің күрделілігіне, баланың жеке және жас ерекшеліктеріне, сабақты жүйелі өткізуіне, ата-аналар тарапынан көрсетілген көмегіне. Жай дислалия болса түзету жұмысы 1 айдан 3 айға дейін, ал күрделі дислалия кезінде – 3 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балаларда дыбыс айту бұзылыстары мектеп жасындағы балаларға қарағанда қысқа мерзімде түзетіледі, ал бастауыш сынып оқушыларында жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда тезірек түзетіледі.