6 срсп сейітқұл Айдана Қ. Аманжолов поэзиясындағы өршіл рух, романтизм. Ә. Кекілбаев повестеріндегі психологизм


  М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы Оразмұхамед бейнесі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі464,57 Kb.
#116795
1   2   3   4
4. 
М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы Оразмұхамед бейнесі. 
«Аласапыран» романында көп кейіпкерлердің аты аталады. Солардың 
негізгі сюжеттік желі үстінде көрінетіні санаулы ғана. Ал басқалары түрлі 
оқиғалық баяндаулар тұсында қосылып отырады. Шығармада Ораз-
Мұхаммед бейнесі барша оқиғаның арасында жеке дараланып көрініп 
отырады. Бірақ бұл шығармаға оғаштық əкелмейді, тарихи сипатын арттыра 
түседі. 
«Аласапыран» романында Ораз-Мұхаммед жəне оның айналасындағы ел 
басшыларының, ру басыларының, батырлардың, əйел-аналардың өмірі мен 
іс-əрекеті мол шындығымен көрінген. Əсіресе Ораз-Мұхаммед тұлғасы 
арқылы талай шытырманды ашып көрсете алған. 
Қаламгер Ораз-Мұхаммедтің басындағы ерлік пен парасатты бірнеше жерде 
айқын аңғартады. Сонымен қатар тарихи шындық қаһарман келбеті арқылы 
дəл мүсінделген. Мұнда халықтың азаттық жолындағы күресін, ересен 
ерлігін бейнелейтін тұстар көзге шалынады. Автор бір жағынан бостандықты 
аңсаған, бірақ оған қолы жетуге жағдайы жоқ халықтың басындағы 
трагедияны таныстыруға тырысқан. Шындығында еліне, туған-туыс, 
бауырларынан айрылған Ораз-Мұхаммедтің бұлқынысы, күйреуі, қайта 
жандануы түрік халықтарының жай-жапсарын анықтайтындай. 
Жас сұлтанның туа біткен əрі өскен ортасы қалыптастырған өр мінезін, 
болашақ тақ иесі ретіндегі өз дегенін орындата білетін, ақылды əрі өз күшіне 
сенімді бейнесін берудегі жазушы шеберлігі ерекше. Ол тарихи романда 
Ораз-Мұхаммед бейнесі «екі иығына салбырай түскен қос өрім қара тұлымы 
бар, үлкен қоңыр көзді, қыр мұрынды, қызыл шырай, ақ құба өңді, əдемі əрі 
биязы бозбала жігіт. Бүкіл тұлғасынан балаңқы жастық лебі еседі. Бетінің 
ұшы лыпып қызарып тұр. Бірақ нық басып келіп, боз қасқаны шылбырынан 
ұстады да, шірене тартып тұрып қалды» деп сырт тұлғасын, портретін өзі 
көргендей етіп шеберлікпен бейнелейді. Бұл он алты жасар бала Ораз-
Мұхаммедтің бейнесі болса, Ресей империясының патшасының уəзірі Борис 
Федорович Годуновтың бейнесі қандай екеніне тоқталып кетейік. 
«Омырауына маржан төгілген қасабы шапан, биік бұлғын бөрікті, ортадан 
жоғары ғана бойы бар, майда тілді, жылы жүзді кісі екен... 
Сыпайылылығынан əмір жүргізіп үйренген өктемдігі, тəтті сөзінен кісінің 


осал жерін нық басар білгірлігі айқын танылған Борис Годунов басқа жаққа 
мойын бұрғызбады». Бұл суреттеуде жас Ораз-Мұхамедке қарағанда биліктің 
құрығын қолына ұстап үйренген білікті басшының көш озық екенін аңғаруға 
болады. Ал Тəуекел ханның бейнесі «құдіретті ақ патшадан да, билігі 
патшаға пара-пар» Борис Годуновтан да ықпайтын қайсарлыққа толы 
сюжеттермен дамиды. М.Мағауин кейіпкерлерін ұсақ, дəйексіз мəселелермен 
бүгежектемеген. 
М.Мағауин Ораз-Мұхамедті ханның тақ мұрагері есебінде емес, 
халқымыздың тамаша патриот ұлдарының бірі ретінде мүсіндеуді мақсат 
еткен, оны орынсыз идеалдандырудан аулақ. Қадырғали бектің қызы Ай-
Шешек бегім де сұлулығы, ақылы, парасаты, ұстамдылығы, 
халықшылдығымен күйеуі Ораз-Мұхаммедтің ойынан шығып, сенімді 
серігіне айналады. Асыл əйел образын жасауда қаламгердің халық 
поэзиясындағы тамаша дəстүрді тереңінен меңгергені анық байқалады. 
Ежелден жұртымыз ақылы көркіне сай, ісі даналықпен үйлескен əйелдерді 
пір тұтып, ер адамдар асыл жардың бағасын түсірмеген. 
Жазушы тарих қатпарынан терең сыр тартып, тарихи құбылыстардың тігісін 
тарқатып, жылнамалық құжаттарға жан бітіре дəуірдің сипатын нақпа-нақ 
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу ерекшелігімен дараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет