MS Access бағдарламасын жүктеңіз.
C:\STUDENT\ТОБЫҢЫЗДЫҢ НӨМІРІМЕН аталған қалтадан «Емхана» атты деректер қорын ашыңыз.
«Емхана» деректер қорының терезесінен ҚҰРУ (Создание) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (Другие) топтамсындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (Конструктор запросов) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың (запрос по образцу) бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу (Добавление таблицы)» атты сұхбат терезесі ашылады
«Кесте қосу (Добавление таблицы)» сұхбат терезесінен «Қызметкерлер» кестесін ерекшелеп, «Қосу (Добавить)» батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу (Добавление таблицы)» терезесін жабыңыз.
«Қызметкерлер» кестесінен қорытынды кестеге қажет «Дәрігердің аты-жөні», «Мамандығы», «Еңбек стажы» атты өрістерді таңдаңыз. Ол өрістерді таңдау үшін қажет өрісті ерекшелеп тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.
Үлгі бойынша сұраныс (Запрос по образцу) бланкісін жабыңыз. Жабу барысында сұранысқа «Дәрігер» атын беріңіз.
Құрылған сұранысты ашу үшін ӨТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ (Область переходов) «Дәрігер» сұранысына екі рет шертіңіз.
«Хирург» немесе «Лор» мамандығы бойынша қызметкерлерге таңдама бойынша сұраныс құрыңыз
«Қызметкерлер» кестесінен қорытынды кестеге қажет «Дәрігердің аты-жөні», «Мамандығы», «Еңбек стажы» және «Мекен жайы» атты өрістерді таңдаңыз.
«Мамандығы» өрісі үшін таңдау шартын қойыңыз. Ол үшін таңдау шарты (Условие отбора) жолына «Хирург or Лор» деп жазыңыз. Кестеден тек «Хирург» және «Лор» мамандығы бойынша дәрігерлер таңдалады.
Ескерту: Егер таңдама шартының жолына «Not Хирург» енгізсек, онда Хирургтан басқа мамандық бойынша дәрігерлердің барлығы таңдалынады.
Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған «Мамандық» деп ат беріңіз, құрған сұранысыңызды жүктеңіз.