6 тaқырып. Теріс эмоциялар және денсаулық. Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры


Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді



бет6/7
Дата27.11.2023
өлшемі86,69 Kb.
#128595
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 тәж психология

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді


Эмоциялар барлық жоғары психикалық функцияларға ортақ даму жолынан – сыртқы әлеуметтік детерминацияланған формалардан ішкі психикалық процестерге дейінгі даму жолынан өтеді. Туа біткен реакциялардың негізінде, балада оны қоршаған адамдардың эмоционалды күйлерін қабылдауы дамиды. Уақыт өте келе, күрделенген әлеуметтік байланыстардың әсерімен эмоционалды процестер қалыптасады.


Мектеп жасына дейінгі балалардағы аса ерте эмоционалды көріністер оның органикалық қажеттіліктерімен байланысты болады. Оған тамақтанудағы, ұйқыдағы және т.б. қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаудағы қанағаттану немесе қанағаттанбау көріністері жатады. Сонымен қатар, қорқыныш және ашу-ыза сияқты қарапайым сезімдер ерте байқала бастайды. Алдымен, олардың бейсаналы сипаты болады. Мысалы, егер сіз қолыңызға жаңа туылған нәрестені алсаңыз, оны жоғары көтеріп, содан кейін тез төмен түсірсеңіз, онда нәрестенің ешуақытта құламаса да, жиырылып қалғанын көресіз. Баланың қажеттіліктері қанағаттандырылмағанда, олардың басынан өткеретін қанағатсыздықпен байланысты ашу-ызаның алғашқы көріністерінің дәл осындай бейсаналы сипаты болады. Мысалы, екі айлық нәрестеде әдейілеп бетінің кескінін бұзған әкесінің түріне қарағандағы қорқыныштың белгісі байқалды. Дәл осы нәрестеде оны мазақтауды бастағанда маңдайындағы ашу-ызаны білдіретін сызықтар байқалды.


Атап өтетін бір жайт, мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоциялары ойын арқылы және зерттеушілік мінез-құлық арқылы бірте-бірте дамиды. Мысалы, К.Бюлердің зерттеулері балалар ойынындағы қанағаттану күйінің сәттері баланың өсуі мен дамуы шамасына қарай артады. Бастапқыда сәбиде қаланған нәтижені алу сәтінде қанағаттану пайда болады. Бұл жағдайда қанағаттану эмоцияларына мадақтаушы рөл беріледі. Екінші саты – функционалды. Ойын ойнаушы балаға іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, процестің өзі қуаныш сыйлайды. Қанағаттану енді процестің аяқталуымен емес, оның мазмұнымен байланысты болады. Үшінші сатыда, ересектеу балаларда қанағаттанумен асыра тамсану пайда болады. Бұл жағдайдағы эмоция ойын әрекетінің басында пайда болады, әрекеттің нәтижесі және оны орындау баланың толғаныстарында орталық орын алмайды.


Ерте жастағы сезімдердің көрінісінің басқа сипаттамалық ерекшелігі ретінде оның аффектілі сипаты алынады. Осы жастағы балалардың эмоционалды күйлері кенеттен пайда болады, қызу жүреді, сонымен бірге тез жоғалады. Балалардың эмоционалды мінез-құлқын аса мәнді бақылауы, ересек мектепке дейінгі жаста пайда болады, бұл кезде оларда қоршаған адамдармен күрделенген өзара қатынастардың әсерімен эмоционалды өмірдің аса күрделі формалары пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет