Ла-Пас – Боливия елінің астанасы – 4000 м биіктікте орналасқан. Бұл Жер бетіндегі ең биік орналасқан астана. Осы биіктіктегі қысым неге тең? Осындай қысымда картопты пісіруге болама?
31-тапсырма. Булану және конденсация
Ыстық күнде шыны құмыраның ішіне мұздай су құйды (1-сурет). Біраз уақыттан кейін құмыраның сыртында су тамшылары пайда болды (2-сурет). Құмыраның сыртында су тамшыларының пайда болу үдерісін сипаттап бер.
32-тапсырма. Температура
Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады. Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (0С) арқылы өрнектейді.
Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын кемиді. Сонымен, дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді.
Сұрақ1:
Сауадамденесініңабсолюттемпературасынегетең?
А.36,6К
В.309,6К
С.100 К
D.237,6К
Сұрақ2:
Дененің қызу дәрежесін сипаттайтын шама
А.Жұмыс
В.Энергия
С.Жылдамдық
D.Температура
Сұрақ 3:
Ыстық және суық су молекулаларының айырмашылығы неде? А.Атомдар санында
В.Молекулалар өлшемінде
С.Молекулалардың қозғалыс жылдамдығында
D.Молекулалардың массасында