60х84 1-8 Сарыбаев indd


бармақ нан –қамырын қолмен үзіп дайындайтан көже, Қызылорда да бұл үзбен  аталады, үзу етістігінен жасалады; кісе нан


бет26/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

бармақ нан –қамырын қолмен үзіп дайындайтан көже, Қызылорда да бұл үзбен 
аталады, үзу етістігінен жасалады; кісе нан – ішіне тураған ет салып, табаға пісі-
рілетін нан; тобаяқ – қазының ең майлы етті жері; сырбаз – қойдың етін терісіне 
орап, от өртелген шұңқырға салып пісіреді; қымыран – ашыған көже; ағарған – су-
сын ретіндегі сүт тағамдарының жалпы атауы. (Ағарған ішкен адам тез оңалады) 
[8, 74-75-б.]. Ә. Нұрмағамбетов Түрікменстандағы қазақтар тіліндегі: күртік(еттің 
наны), бұл орталық говорда іңкәл аталатынын, бөре(пельмен, тұшпара) атаулары-
ның ауыспалы ерекшеліктер екенін айтады [9, 100-101-б.]. Н. Жүнісовтің Қарақал-
пақстандағы қазақтар тілінен алынған деректеріне қарағанда, батыс аймағына ор-
тақ белгілерімен қатар: ақсаулақ басалай, деңгене, зағара, қансоқта, қара ашытпа, 
шеребе, шөрек, шәуле, шеребе сияқты атаулардың жергілікті ауыспалы сипаты ба-
сым екені аңғарылады [10, 88-89-б.]. Ш. Сарыбаев Батыс Қазақстан экспедициясы 
материалдарынан: ақмай (күзгі май, ақ май), ақ түймеш/ақ құрт (айранды ашытып 
жасаған құрттың түрі), собалақ (балаларға арналған бауырсақ), салма (кеспе), төң-
керме (ұнға май қосып, қуырып жасайтын тамақ) [11, 39-40-б.] тәрізді атауларды, 
ал Айдаров Өзбекстандағы қазақтардың тілінен: сыршай/шыршай сүт қатқан шай, 
сыргүріш/сырбырыш (сүтке пісірілген күріштен жасалған тамақ, ботқа) ақсерке 
(айран қатқан сорпа), күлшетай (қамырды суға пісіріп, үстіне май құятын тамақ 
түрі) тәрізді түрлерін көрсетеді [12, 97-99-б.]. Оңтүстік сөйленістер тобына жата-
тын Өзбекстандағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне айналадағы өзбек, қарақалпақ, 
тәжік, түрікмен тілдерінің әсері бары белгілі, сондықтан бұлар ұн, күріш, көкөніс 
өнімдерін мол қолданады. 
Ш. Сарыбаевтың солтүстік-шығыс сөйленістер тобына жататын Көкшетау об-
лысы Еңбекшілдер ауданы материалдарынан: бүрме (жылқының қарнына салып 
қатырған ет), жарма құрт/ащы құрт (қапқа салынғаннан кейін жарылған құрт), 
көмбе (күлге көміп пісірілген нан), қақтама (ашытып, қақтап пісірілген нан), құ-
лақ нан (етке салатын нан) [13, 66-65-б.] атаулары кездеседі. Солтүстік аймағының 
географиялық жағдайына қарай, көкөніс, жеміс-жидектен гөрі, еттен жасалған та-
ғамдар, картоп өнімдері басым қолданылады. 
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі азық-түлігі, негізгі қорегі, алды-
мен, ет-сүт, ұн өнімдерінен жасалатын тағамдар екені белгілі. Жергілікті сипаттағы 
этномәдени мазмұнды бірліктер сол ежелгі дәуір көріністері, сондықтан қазақ хал-
қының қазіргі ас мәзірі басқа зерттеулердің нысаны болу керек. Дегенмен қазақтың 
ұшы-қиырсыз даласының географиялық жағдайында да айырмашылық болуы заң-
ды құбылыс, осыған орай оңтүстікте көкөніс, Батыста балық өнімдері, Ақтөбе, Қы-
зылорда жағында да балық өнімдерімен қатар, тары, күріш өнімдерінің қолданысы 
басымдау деуге болады. Бұған қарағанда, лексиканы тақырыптық топқа топтас-
тыруда лингвистикалық ұстаным негізге алынбайды, заттардың табиғи белгілері, 
шындық, ақиқат қатынастары т.б. белгілері алынады. Тақырыптық топтағы сөздер 
парадигмалық қатынаста, тең дәрежедегі байланыста болады. Ал мағына мәселесі 
лексика-семантикалық белгілерін есепке алады, сөйтіп, тақырыптық топ пен лек-


51
сика семантикалық топ өзара байланысты ұғымдар екені көрінеді [14, 128-135-б.]. 
М. Атабаеваның диалектілік семантиканың мәселелері қаралатын еңбегінде ай-
мақтық лексиказат, сын, қимылт.б. Ұғым атауларын білдіретін сөздер сипатында 
топталып, зат есімдердің қырық тоғыз, сын есімдердің алты, етістіктердің тоғыз 
тақырыптық тобы жіктеліп сипатталады [3, 5, 28-б.], ал Ш. Сарыбаев пен О. На-
қысбековтың аймақтық лексика жайлы еңбегінде қазақ тілінің жергілікті ерекше-
ліктерінен бойынша тіркелген материалдар жинақталып, ұғымдық-атауыштық мә-
ніне қарай (зат, сын, сан, қимыл, мезгіл, мекен, көңіл-күйатаулары, есімдік, шылау) 
макротоптарға, іштей жіктеліп микротоптарға бөлініп алынған [11]. Аймақтық лек-
сикадағы семантикалық өзгерістер жайында кең көлемдегі зерттеу Ш. Сарыбаев-
тың «Казахская региональная лексикография» еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде 
диалектологиялық сөздік жасаудың теориясы мәселелерін шешудегі аймақтық сөз-
дің белгілері мен олардың семантикалық жақтан топтастырып жіктеу мәселелеріне 
тоқталған. «Сөз семантикалық жақтан семантикалық байланыстың екі типі: пара-
дигмалық және синтагмалық типі арқылы сипатталады, сондықтан сөз семаларын 
айқындауда осы екі типтің біріне сүйену керек [3, 56-б.]. Семантикалық парадиг-
мадан атаулар арасындағы мағынаны анықтауға болады. Парадигмалық байланыс 
парадигмалық мағынадан жасалады. Парадигмалық және синтагмалық мағына бі-
рімен-бірі байланысты, себебі парадигма қатарындағы сөз қандай парадигма жү-
йесіне енуіне қарай өзінің синтагмалық қатынасын белгілейді. Егер ас-су, тағам 
атаулары тобына қатысты болса, сөз табы ретінде – зат есім сондықтан олардың 
синтагмалық мағынасы септелу жүйесі (парадигмасы ) арқылы анықталады. Ш. Са-
рыбаев аталған еңбегінде аймақтық сөзді сематикалық ерекшеліктеріне қарай: омо-
ним және көпмағыналылық, антонимдік мағына, дублет және синонимдерге бөліп, 
аймақтық сөзге тән ерекшеліктерін көрсеткен. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет