60х84 1-8 Сарыбаев indd


А әрпінің қатарында – 127, Б


бет35/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

А әрпінің қатарында – 127, Б әрпінде – 40, Ж әрпі 
бойынша – 7, Қ әрпінің қатарында – 49, Л әрпінде – 8, П әрпі бойынша – 5, 
Т әрпін-
де – 1З жергілікті тіл ерекшеліктері тіркелген. 


66
ОС құрамына тіркелген жергілікті тіл ерекшеліктерінің негізгі түрлері төмендегі 
кестеде топтастырылды. 
құрал-жабдық, зат, 
ұғым атаулары
образды және стильдік 
реңкке ие сөздер
синонимдес сөздер
ақа(аға) (айыр) (зат. 
жерг.)
абызды (жерг.)
азда-аз (жерг.)
азтола(жерг.)
ақегін (жерг.)
абылаңқы(жерг.)
ақзон (мата)
ашағар (жерг.)
алсын (жерг.), алсын шөп азын-ауық (жерг.) 
ашақай(жерг.)
байқыт (жерг., тыныш)
аталақтау (жерг.)
ашуат(жерг.)
бәткәрде (жерг.), бәткәрде 
қылу
атқуымдау (жерг.)
ауыздама (кәс.)
бостекі (сөйл.), бостекі сөз бақарту (жерг., қырқу)
байтаса (жерг., аяқкиім)
бейшең (жерг., бейпіл)
бәсею (жерг.)
бадал (қалың бұталы жер) белбайлы (жерг.)
қамбоз (жерг., қапырық)
бордақшай (жерг.)
қатықұлақ (жерг.)
қоймүрет (жерг., момын)
бытықана (жерг., ұсақ 
маса)
қатықыз (жерг.)
қоқанжұлыс (жерг.)
Жадуал (жерг., көбейту 
кестесі)
қитабан (жерг., қыңыр)
құнмезгіл (жерг., ауық-
ауық)
Бәрдек (жерг.), жүгерінің 
бәрдегі
тұғыжым (жерг.), 
тұғыжым жігіт
ламайлау (жерг.)
панжара (жерг., абажур) қылағайлау (жерг., 
әлжуаздау)
лапыт(жерг.)
күләбі (кәс.)
өрел (жерг.), өрел тұту
тепкілі (жерг. орнықты) 
тепкілі қоныс
құрсақ қағу (жерг.)
құнжау(жерг.)
тепкір (жерг.), тепкір сөз 
қылуа (жерг.)
лапқай (жерг.)
ламайлау (жерг.)
тахман (жерг. жүкаяқ)
лаққы(жерг.)
лапыт(жерг.)
Кестеде көрсетілген сөздер төңірегінде Орфографиялық сөздікте жергілікті тіл 
ерекшеліктерінің берілуіне қатысты төмендегілерді атап өтеміз. 
1. Орфографиялық сөздікте диалектизмдер (жерг.) деген белгімен көрсетілген, 
бұл – лексикографиялық еңбектердің негізгі ұстанымына толық сәйкес келеді
2. Бірқатар сөздердің қасында сөз тіркестері арқылы сөздің мағынасы нақтыла-


67
нады: алсын (жерг.), алсын шөп; бәткәрде (жерг.), бәткәрде қылу; бәрдек (жерг.), 
жүгерінің бәрдегі; өрел (жерг.), өрел тұту; тұғыжым (жерг.), тұғыжым жігіт; тепкір 
(жерг.), тепкір сөз; тоқатай: тоқатай жілік (жерг.); 
3. Жергілікті тіл ерекшеліктері әдеби нормадағы тілдік бірліктер арқылы түсін-
діріледі: ақзон (мата); бақарту (жерг., қырқу); байқыт (жерг., тыныш); қылағайлау 
(жерг., әлжуаздау); қоймүрет (жерг., момын); құнмезгіл (жерг., ауық-ауық); қитабан 
(жерг., қыңыр); тереңсамал (жерг., тереңірек); тахман (жерг. жүкаяқ); 
4. Кейбір сөздердің түсіндірмесі беріледі: бадал (қалың бұталы жер); жадуал(-
жерг., көбейту кестесі); бытықана (жерг., ұсақ маса); байтаса (жерг., аяқкиім); 
5. Бірді-екілі фактілерде өзге тілдегі баламасымен түсіндіру кездеседі: панжара (жерг., 
абажур); жаяусоқпақ (жерг., тротуар); 
6. Тағы да бір реттерде жергілікті тіл ерекшеліктеріне тән омонимдер бір қатарда 
түсіндірілгенақа(аға) (айыр) (зат. жерг.); 
7. Образды мағынаға ие, стильдік реңктері бар сөздердің мағынасы нақтылан-
баған: абылаңқы(жерг.); аталақтау (жерг.); атқуымдау (жерг.); белбайлы (жерг.); 
қоқанжұлыс (жерг.); қатықыз (жерг.); лаққы(жерг.); лапқай (жерг.). 
Берілген фактілерден байқалатынындай, ОС тізбесіндегі жергілікті тіл ерекше-
ліктерін нақтылауда лексикографиялық, энциклопедиялық, имплицитті және эксп-
лицитті әдістер қолданылған. 
Орфографиялық сөздікке енгізілген диалектизм түрлерінің сипаттамасы, тұтас-
тай алғанда, лексикографияның принциптері мен сөздік түзудің әдістемесіне сәйкес 
келеді деп есептеуге болады. 
Әдеби тілдің сөздік құрамын байыту көзі тұрғысынан қарағанда, мәселен, бірне-
ше сөздің – бәрдек (жерг.), жүгерінің бәрдегі және қылағайлау (жерг., әлжуаздау) де-
ген диалектизмдердің әдеби тіл айналымына қосылу әлеуеті бар; алғашқысы (бәрдек) кәсіби 
атаулардың қатарын нақтылай түседі; екіншісі әлжуаздау сөзіне қосымша стильдік реңк үс-
тейді. Осылар типтес сөздер диалектологиялық сөздіктерде нақты түсініктемелермен айқын 
көрсетілген. 
Диалектизмдерді іріктеудің негізгі көзі – «Қазақ тілінің диалектологиялық сөзді-
гі» және «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» атты еңбектер. Қазақ жерінің түрлі аймақ-
тарындағы диалектизмдер мен кәсіби лексиканы жинау, реттеу, жүйелеу жағынан 
түркітану ғылымындағы аса маңызды зерттеулер және қазақ лексикографиясының 
теориясы мен практикасына елеулі үлес қосқан еңбектер ретінде бағаланып келе 
жатқан осы сөздіктердің түзілуінде академик Шора Сарыбаевтың еңбегі айрықша. 
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен кәсіби лексиканың әдеби тілге қарым-қатысы ту-
ралы тұжырымды пікірлерінің бірінде диалектолог-ғалым: «Жергілікті ерекшелік 
– әдеби тілді байытудың көзі, әдеби тілге әр кезде азды-көпті еніп отырады, әдеби 
қолданысқа түскеннен кейін ол диалект болудан қалады. Егер жергілікті ерекшелік 
(диалект сөз) көркем шығармада арнайы стильдік мақсатта қолданылса, оны «диа-
лектизм» деп атауға болады» [3, 37 б.], – деп атап өткен болатын. 
Қазіргі кезде қазақ тілінің емле сөздігінің жаңартылған нұсқасы әзірлену үстінде. 
Жаңа емле сөздігінде әдеби тілдің айналымына ене бастаған, нормалануға бейім, 
қоғам өміріндегі жаңа ұғым-түсінік, заттар мен бұйымдар атауларын, жаңа еңбек 


68
түрлерін беруге семантикалық жағынан қабілетті, сондай-ақ көркем, көркем-пуб-
лицистикалық мәтіндерде, басқа да жанрларда стильдік реңкімен пайдалануға қа-
білетті жергілікті тіл ерекшеліктері жаңа емле сөздігінде іріктеліп, енгізілетін бо-
лады. Орфографиялық сөздік түзуде басшылыққа алынатын нормативтік, ғылыми, 
қолданылу жиілігі межелері диалектизмдерді іріктеуде басты негіз болады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет