74. Жаhанданудың философиялық мәселелері Жаһандану дегеніміз – бір-бірінен тығыз экономикалық, ғылыми-текникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Бұл қазіргі таңда дамыған ғаламтордың және еркіндіктің нәтижесі. Бұл қауымдастық жалпы адамзат баласының дамуын тездетеді. Осы кезеңге дейін қалыптаспаған ғарышты бағындыру идея қазіргі таңда шынайы және мүмкін болып көрінеді.
Жаһандану әлемді ұйымдастырудың жаңа тәсілін білдіреді, оны соғыс пен басқыншылық емес, басып алу немесе талап ету емес, тек субъектінің дамуы мен қалауы бойынша жүзеге асырады. Жаһандану тек таңдау еркіндігін ғана емес, сонымен қатар бостандықты таңдау. Егер адам модернизацияға, жаһандануға бет бұрса, бұл оның жеке шешімі және оны ешкім қыстамады. Әркімнің өзі шешім қабылдауға - қатысушы болуға құқығы бар жаһандану, «өзің болу» немесе болмау - бұл аймақтағы және адамдардағы негізгі қозғаушы күш болды.
Таяқтың екі ұшы бар дегендей жаһанданудың нәтижесінде біршама мәселелер анық болып шығуда. Адамдардың арасындағы әлеуметтік теңсіздік айқын көрініс табатын болды. Адамдардың ғаламтор көмегімен, әлемге әйгілі материалдық заттар көмегімен бір-бірлеріне деген ойлары және көзқарастары адамның нағыз шынайы бет-бейнесін жауып, оның ішкі «Менін» көмкеріп жатыр. Адамдардың стандарттарға сай болуы, қоғамның ойының адам өміріндегі маңызының өсуі секілді психологиялық мәселелер пайда болуда. Әрине, бұл кезеңде әрбір адамның жетістікке жетуі тікелей өзіне байланысты және оның қабілеттері назарсыз қалмайды. Көптеген білім ресурстары ортақ болып халықтардың ассимилясына әсер етуде. Үлкен мәдениеттер кіші мәдениеттерді жұтып қоюда.
Жаһандық мәселерді мемлекеттік деңгейлерде қарастырсақ. Бірінші ол ядролық қару-жарақтың жетілуі және ІІІ дүниежүзілік соғыстың қаупінің пайда болуы. Екіншіден, табиғи ресурстардың өлшемсіз пайдалануы адамдардың тойымсыздығына әкелуде. Үшіншіден, адам санының жыл санап өсуі, оларға жеткілікті ресурстардың азаюы және т.б.
Технократты әлемде өмір сүріп жатырғандықтан адам даму жолында жүріп өзінің табиғаты мен негізін ұмытпауы тиіс. Олай болмаса адам өзінің түбіне өзі жетуі әбден мүмкін.