Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



жүктеу 1.22 Mb.

бет1/9
Дата15.03.2017
өлшемі1.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
9357

6  81.2 
Қ65
д м   г ш
м
л а у ш
й л  
р р іж  т щ і > — ііч іг п
Ж.  Қоңыратбаева
ТІЛ  БІЛІМІ
ғылымыныи
МЕН  ТАРЫХЫ
Оқу  қцрапы

*  
ш
ш
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
'
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ж. Қоңыратбаева
Т ІЛ  Б ІЛ ІМ І Ғ Ы Л Ы М Ы Н Ы Ң  
Т Е О Р И Я С Ы  М Е Н  Т А Р И Х Ы
Жоғары 
оқу 
орындарының филология факультеттеріне
арналған оқу құралы
А стана,  2013

ӘОЖ 81  22 (075.8) 
КБЖ  81.2-03 я73
Қ65
Баспага Л.Н.Гумилев атындагы  Еуразия үлттық университетінің
Ғылыми Кеңесі ұсынган.
Пікір жазгандар:
Ж.Ә.Әбуов 
- филстогия гылымдарының докторы
,
профессор
Ж.А.Құсайынөва - филология гылымдарыныц докторы,
доцент
 
1
  ‘
І8В^ 978-601-7429-38-6
Қ65  Тіл  білімі  ғылымынын  теориясы  мен  тарихы.  Оку 
күралы./  Ж.  Қоңыратбаева  -   Астана:  Л.Н.Гумилев  атындағы  Е¥У,
2013.-308 6.
Жогары  оқу  орындарының  филология  факультеті  студенттері 
мен магистранттарына усынылып  отырган  оқу қүраіы

Оқу қураіының 
мақсаты  -   «Лингвистика  ілтінің  тарихы»  жэне  «Жаты  тіл 
білімі» 
курстарының  басты  мэселелерін  кешенді  түрде  түжырымдап  талдау. 
Кешен 
болашақ  филологтарга  тіч  туралы  гылымның  өткен  тарихы
 
нан,  қазіргі куйінен,  негізгі теориялық  багыт-багдарынан.  гылым  аідын- 
да  түрган  басты-басты  мэселелерден  оқу  багдаріамасы  талабына  сай 
жуйелі білім  береді.  Оқу қуралында жалпы  тіл  бііімі теориясы  мен  та- 
рихына,  оны  зерттейтін  эдіс-тэсілдеріне  қатысты  мэселелер  бойынша 
практикалық талдау жүмыстары  қамтылды.  Әр тақырыптың  соңында 
бақылсху  сурақтары  мен  үгымдардың  терминологияіық минимумы  қоса 
берілді
Оқу қүралы филолог-мамандарга арналган.
ӘОЖ8Г22 (075.8) 
КБЖ  81.2-03 я73
І8В^ 978-601-7429-38-6
© Қоңыратбаева Ж., 2013 
© Л.Н.Гумилев атындағы Е¥У, 2013
ать-чдағы  ғылыми

А Л Ғ Ы   С Ө З
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  «Лингвистика  ілімінің  та-
рихы»  және  «Жалпы  тіл  білімі»  курстарында  оқылған  дәріс  ма-
териалдары  мен  жүргізілген  праісгикалық  сабақтардың  негізінде
құрастырылды.  Дегенмен  оқу  кешені  «Тіл  біліміне  кіріспе»,
«Лингвистика  ілімінің  жаңа багыттары»,  «Тіл  тарихы»  пәндерінің
дэрістері  мен  практикалык  сабақгары  үшін  де  пайдалы  көмекші 
құрал бола алады.
Оқу  құралының  мақсаты  -   «Лингвистика  шімінің  тарихы» 
жэне «Жалпы  тіл  білімі»  курстарының басты  мәселелерін кешенді 
түрде  түжырымдап  талдау.  Студенттерге  ты  туралы  гылымның 
өткен  тарихынан,  қазіргі  күйінен,  негізгі  теориялық  багыт- 
багдарынан,  гылым алдында түрган басты-басты мэселелерден оқу 
багдарламасы талабына сай жүйелі білім беру.
Оқу  қүралы  екі  үлкен  бөлімнен  түрады.  Мүнда  бірін-бірі 
толықгырып отыратын «Лингвистика ілімінің тарихы» жэне «Жал-
пы  тіл  ощімі»  курстарының  теориялық  жэне  практикалық  нысан- 
дары  камтылды.  Оқу  күралының  теориялық  белімінде  жалпы  тіл 
біл імінің 1) тіл біл імі теориясы; 2) тіл біл імінің тарихы; 3) тіл біл імін 
зерттеу  әдіс-тәсілдері  мәселелері  жиырма  негізгі  такырыптық  ны- 
санда  қамтылып,  практикалық  бөлімде  теориялық  бөлімнің  осы 
материалдары  сараланып,  талданады.  арнайы  тапсырмалармен 
түжырымдалып, корытындыланады.
Оқу  күралының  теориялық  бөлімі  үсынылган  эдебиетгер 
тізіміндегі  отандық (Т.  Қордабаев,  Ғ.  Қалиев,  Б.  Қалиев  т.б.)  жэне 
элемдік (Ф. де Соссюр, Э. Сепир, Б. Уорф, Н. С. Шарафутдинова, И. 
П. Сусов т.б.) тіл білімінің басты,  соңгы жетістікгері негізінде дай- 
ындалды.  Бүл  бөлім  әсіресе,  қазақ галымдары  Т.  Қордабаев  пен  Ғ. 
Қалиевтің  авторлыгымен  жарық  көрген  «Жалпы  тіл  білімі»  (2004) 
окулыгына  сүйене  жазылды.  Кейбір  мэселелер  толыктырылды, 
кейбір  тараулар  қайта  жазылды,  тіл  гылымындагы  антропоөзектік 
багыттың мэселелерін камтитын бөлім жаңадан қосылды. Кітаптың 
теориялық  бөліміндегі  «Тіл  білімі  теориясы»  деп  аталатын  тара- 
уында  дыбыстық  тіпдің  табигаты  мен  мэні,  тілдін  функциясы,  ол 
функциялардың қандай жолдармен іскеасатындыгын айкындайтын, 
тілдің  қогаммен,  ой-санамен  карым-қатынасы,  тілдік  элементтер-

де  болатын  өзгеріс-құбылыстар,  гілдің  дамуы,  оның  ішкі-сыртқы 
себептері,  тілдің  диалектілік  және  әлеумеггік  салалары,  тіл 
деңгейлері,  грамматикапық  категория  мэселелерінің  маңызы  мен 
өзіндік сипаты талданады. Тіл біл імі тарихының негізгі мәселелеріне 
арналған екінші тарауда ежелгі, орта дэуірлердегі, ХҮІІ-ХҮІІІ, XIX, 
ХХ-ХХІ  ғасырлардағы  тіл  білімінің  жайы  талданады.  Тіл  білімін 
зерттеудің  әдіс-тәсілдері  соңғы  бөлімде  карастырылады.  Бершген 
тапсырма  үлгілері  бойынша  жалпы  «әдіс»,  «эдістеме»,  «әдіснама» 
ұғымдарын  танып-білуден  бастап,  зерттеудің  әдіс-тәсіл  түрлеріне 
ғылыми  түсінік  жасау  жүмыстарын  жүрідзуге  болады.  Мүнда 
берілген  тапсырма-сүрақгар  студенттердің  тіл  білімін  зерттеудің 
әдіс-тәсілдерінің  мақсат-міндеттері  мен  мүмкіндіктері  жайындағы 
мағлүматтарын толықтыруға мүмкіндік  береді.
Оқу  қүралының  практикалық  бөлімі  бүган  дейін  жарык 
көрген  көмекші оқу қүралдары (Ғ. Қалиев, 2001; Ж.  Қоңыратбаева, 
2007)  материалдары  негізінде  қүрастырылды.  Жалпы  тіл  білімінің 
күрделі  мәселелерін  студенттердің  жете  түсінулеріне  көмектесу 
мақсатында  оқу  қүралының  практикалық  бөлімінде  эр  тақырыпқа 
жоспар  қүрылып,  одан соң негізгі әдебиеттер,  одан  соң сол  мәселе
лар  (200-ден  астам)
реферат
тал
Ж Ү
жүмыстарының  ерекш 
імда қүрылғандығында
әртүрлі
арналған
сүрақтар  түрлері  үсынылады.  Жалпы  тіл  білімінде  шешімі 
табылған  проблемаларды  студенттердің  талдап  түсіндіруі  үшін 
түрлі деңгейдегі тапсырма, сүрақгар берілді. Ал тіл заңдылықтарын 
эр  қырынан  зерттейтін  эр  кезең  зерттеушілерінің  талас  пікір- 
көзқарастарын  саралап,  өздерінше түжырым  жасап  отырулары  кей 
тапсырмаларда студенттердің өздеріне қалдырылды. Студенттердің 
жалпы  тіл  білімі  бойынша  күрделі  лингвистикалық  үғымдарды 
жете  меңгеруі  үшін  эр  тақырыптың  соңында  «Тіл  біліміне 
кіріспе»  жэне  тағы  басқа  курстарда  көп  кездеспейтін  атаулардың 
терминологиялық мини-сөздігі (минимум) беріліп отырды. Тапсыр- 
маларды орындау сипаты дәлелді, нақты, анық болуы  міндетті.  Бүл
4

үшін  студенттердің әр тапсырма,  тақырып  нысанымен жете таныс 
болғандары жөн.
«Лингвистика ілімінің тарихы» және «Жалпы тіл білімі» кур- 
стары болашақ тілші-филолог мамандарды дайындауда ең жетекші 
рөл атқарады. Сондықган оқу қүралы практикалық тапсырмаларды 
тек  ауызша,  жазбаша  түрде  орындап  қана  қоймай,  студенттердің 
осы тапсырма арқылы кәсіби лингвистикалық теориялық білімдерін 
жинақтап,  тілдік  қүбылыстар  мен  мәселелерге  өз  көзқарастарын 
білдіріп,  өз  беттерінше  қорытынды  шыгарып  отыруға  да жетелей 
түседі.
Оқу  қүралының бірін-бірі толықгыратын  кешенді  түрде жа- 
салуы студенттердің өз бетімен жүмыс істеуіне жәрдемдеседі деген 
ойдамыз.
5

К ІРІС П Е
Тақырып:
 ТІЛ  Б ІЛ ІМ ІҒ Ы Л Ы М Д А Р  Ж ҮЙЕСІНДЕ
Қ арасты ры латы н  мэселелер: 
Тіл  білімі  жеке  гылым 
ретінде.  Тіл білімінің басца гылым салаларымен байланысы.  Тілдің
өзіндік сипаттары.
Тіл білімі жеке ғы лы м  ретінде
Тіл білімі немесе лингвистика-тіл мен^ның даму зандары ту- 
ралы ғылым.  Былайша айтқанда, адамзат баласы тілінің шығуы ту- 
ралы түсінік беретін ілім саласы. Себебі тіл ең алдымен — қогамдағы 
адамдардың  өзара  пікірлесу,  қарым-қатынас  жасау  құралы.  Әрбір 
тілдің дыбыс жүйесі, сөздік қүрамы жэне грамматикалық қүрылысы 
болады.  Тілдің  осы  аталған  эртүрлі  жактары  тш  білімінің  тиісті 
салаларында,  атап  айтқанда,  тіл  дыбыстары  фонетика  саласында, 
сөздік қүрамы лексикология  саласында,  грамматикалық қүрылысы 
морфология мен синтаксис салаларында қарастырылады.
Жалпы  тіл  білімі  қурсы  жеке  тіл  білімінің  мәселелерін 
қарастыруды міндет етпейді, ол  проблемамен жеке тілдің салалары 
айналысады.
Бүтіндей  тіл  жэне  оның  эртүрлі  салалары  даму,  біртіндеп 
жетілу  күйінде  болады.  Осы  аралықта  тілдің  түрлі  салалары
қалыптасады.  I шді  оелгілі  оір  дәуірде  өмір  сүріп  түрған  қалпы 
түрғысынан  қарастырып,  сипаттама  беретін  саласы  сипаттама  не- 
месе  синхронды  тіл  білімі  деп  аталса,  ал  тілді  шығу  тарихы  мен 
даму  кезеңдері  түрғысынан  зерттейтін  саласы  тарихи  немесе  диа- 
хронды тіл білімі деп аталады. 
.  -- *
Ғылым атаулы, негізінен, үлкен екі топка бөлінеді:
1) Қоғамдық ғылымдар;
2) Жаратылыстану ғылымдары.
Ғылым  атаулының  бүлайша  екі  топқа  бөлінуі,  әрине, 
оның  қарастыратын  мәселелеріне  байланысты.  Материалдық 
қүбылыстарды,  жаратылыстану  қүбылыстарын  жаратылыстану 
ғылымдары  зерттесе,  адам  баласы  қоғамындағы  қүбылыстарды 
қоғамдық  ғылымдар  зерттейді.  Тіл  білімінің  даму  тарихын  қай 
гылым  тобына  қосамыз?  Бүл  жөнінде  ғылымда  эртүрлі  пікір, 
көзқарастар  болып  келді.  Бірі  биологиялық  қүбылыс  десе,  бірі
6

физикалык  құбылыс  деп  түсіндірді.  Мысалы,  XIX  ғасырда  неміс 
лингвисі  Август  Шлейхер  (1821-1868)  тілді  тірі  ағза  секілді 
құбылыс  деп  таныды.  Оның  ойынша,  тіл  тірі  ағза  сиякты  туады, 
өседі, содан соң өледі. А. Шлейхер тілді биологиялық құбылыстың 
қатарына  жатқызып,  оны  жаратылыстану  ғылымының  мүшесі 
деді.  Бұл  мүлдем  ғылымға  қарама-қарсы  айтылған  жаңсақ пікір. 
Себебі тіл мен тірі ағзаның арасында үлкен айырмашылық бар. Тірі
тұрғыдан
ағзадан
Тіл  —  қоғамдық  құбылыс.  Тіл  білімін  басқа  ғылымдарға 
тәуелді  деп  қарау  тенденциясына  қарсы  күрес  XIX  ғасырдың 
соңы  -  XX  ғасырдың  бас  кезінде  күшейе  түсті.  Ф.  де  Соссюр  тіл 
білімін  ішкі  лингвистика  (микролингвистика),  сыртқы  лингвисти- 
ка  (макролингвистика,  экстралингвистика)  деп  екі  түрге  бөледі 
де,  тілдің  ғылымдар  аралық  мәселелерін  сыртқы  лингвистиканың 
қарауына қалдырады.  Тілдің қоғамдық құбылыс болатын себебі тіл 
өзін  дүниеге  келтірген  қоғамға  қызмет  етеді.  Алғашқы  қауымның 
не  мәдениетті  ұлттардың  тілі,  адамның  тілдік  қызметінің  бүкіл 
көріністерін  жеткізетін  барлық  деректер  -   лингвистиканың  мате- 
риалы болып табылады.  Лингвистиканың міндетіне  Ф.  де Соссюр 
мыналарды жатқызад ы:
а)  барлық  тілдік  ұялардың  тарихын  жасауға  және  ежелгі
каита
зерттеу
ә)  барлық  тілдерде  үнемі  әрі  жан-жақты  қызмет  атқаратын 
факторларды  анықтау  және  осы  тілдердің  тарихындағы  жеке 
құбылыстарды түсіндіре алатын жалпы заңдарды анықтау;
б) тіл білімі тарихының нысаны мен шекараларын анықгау. 
Сонымен, 
лингвистиканың 
жалпы 
мәдениет 
үшін 
маңыздылығы белгілі, өйткені, жеке адам үшін де, бүкіл қоғам үшін 
де, тілдік қызмет ең маңызды. Сондықтан да оның зерттелуі аз гана 
мамандардың зерттеу мәселесі болуы мүмкін емес.
Тілдің түсінігі  тіл  қызметі  түсінігіне  сай  келмейді;  тіл  — тіл 
қызметінің  ең  маңыздысы  болса да,  белгілі  бір  бөлігі  гана.  Тілдік 
қызмет  әртүрлі  болады;  бір  мезгілде  физикалық,  физиологиялық 
және  психикалық  болғандықтан,  ол  жеке  жэне  әлеуметтік  салага
ш
7

жатады; оны адам өміріндегі  құбылыстардыц  нақты бір категория- 
сына жатқызуға болмайды.
Біз сөйлеген кезде көрініс табатын формасында тілдің қызметі 
табиғи  нәрсе  екені,  басқаша  айтқанда,  біздің  аяғымыз  жүру  үшін 
қажет  болатын  сияқгы,  біздің  сөйлеу  мүшелеріміз  сөйлеу  үшін 
қажет  екені  де  айқын.  Бүл  жайлы  лингвистикада  эртүрлі  пікірлер 
бар. Мысалы, Уитни тілді барлық  ерекшеліктерімен  қоса  қоғамдық 
орнауға  балайды  да,  біздің  сөйлеу  мүшелерін  сөйлеу  қүралы 
ретінде  пайдалануымызды  ыңғайлы  болу%імен  түсіндіріп,  таза 
кездейсок деп  біледі.  Американдық  лингвист  пікірінің  жаны  бар: 
тіл -  шарттылық,  ал  шартты  түрде таңдалған таңбаның  табиғаты 
ешкімді  де  қызықтырмайды.  Демек,  сөйлеу  мүшелері  туралы 
м эселе-тіл  қызметі  проблемасындағы  екінші  кезектегі  мәселе.
Тіл  қызметін  зерттеуді  тілден  бастау  қажеттігінің  дэлелі 
ретінде  сөздерді  жіктеу  қабілеті  үжым  жасаған  және үжымда  бар 
қүрал арқылы жүзеге асады деген дәлел келтіруге болады.
Сонымен, тілдің негізгі қасиеттері:
Тіл  — тілдік  қызмет  деректерінің  әр  текті  жиынтығындағы 
нақгы нәрсе. 
г 
,
Тіл - дербес зерттеуге келетін пэн.
Тіл — таңбалар жүйесі.
Біз  жоғарыда  көзіміз  жеткеніндей,  тіл  басқа  қоғамдық 
қүбылыстардан:  саяси,  юридикалық  т.б.  айырмашылығы  көп 
қоғамдық ғылым болып табылады.
Тіл білімініц басқа ғы лы м  салалары мен байланы сы
Тіл  оілімі  қоғамдагы  барлық  ғылым  саласымен  тығыз  бай- 
ланыста.  Себебі  ешнәрсемен  байланыссыз,  томаға-түйық  жатқан 
Дүние жоқ деуге болады.  Ғылымдардың өзара байланысы  олардың 
зерттейтін нысандарының ортақ болғандығында. Мысалы, жерді ге- 
ография  ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді.  Бірақ екеуі екі 
түрлі  бағытта,  екі  түрлі  мақсатта  зерттейді.  Тіл  білімінде  бір  ғана 
ғылым аясына сыюы мүмкін емес гылымдараралық мәселелер көп. 
Өиткені  дыбыс тілінде қоғамдық сипат та,  физика,  философиялық, 
физиологиялық та сипаттар мол.
Тіл білшіиіц қогамдық гылымдармен байланысы.
 Тіл білімінің 
эртүрлі ғылымдармен байланысын жететүсіну үшін, оның қоғамдық
8

гылымдар  мен  жаратылыстану  ғылымдарының  әртүрлі  салалары- 
мен байланысының эр қайсысының маңызын білу аса маңызды.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия мен 
филологияның  сабақгастығы  ежелден  белгілі.  Тіпті  XIX  ғасырға 
дейін тіл философияның бір тармағы ретінде қарастырылып келгені 
белгілі.  Себебі  ол  кезеңде  тілді  зерттеушілердің  көбісі  философ- 
тар  немесе  эрі  философ,  эрі  тіл  мамандары  болды.  Ежелгі  заман 
тіл  білімінде  заг  пен  оның  атауы  арасындағы  байланыс  қандай 
дэрежеде  деген  ойлар  қарастырылғаны  белгілі.  Қазіргі  кездегі  тіл 
білімі  философияның  тіл  философиясы  деген  тарауымен  байла- 
нысады.  Бұл  екеуіне  ортақ  нысан — тіл  мен  ойлаудың,  мағына мен 
форманың байланысы. Себебі ойлау мен оның негізгі заңдылықтары 
философияның  проблемасы,  ал  тіл  ойды  қалыптастыратын,  оны 
жарыққа  шығарагын  құрал.  Тіл  мен  философия  арасындағы  бай- 
ланыс  екі  жақты:  философия  жалпы  заңдылықтарды  зертгейтін 
ғылым  ретінде  эдіснамалық  негіз  болса,  ал  тіл  білімі  ойды 
сыртқа  шығару  арқылы  оның  қандай  қызмет  атқаратыны  жайлы 
философияға магериал беруші  болып танылады.  Яғни,  біріншіден, 
әдіснамалық  жағынан  байланысса,  екінші  жагынан  зерттелінетін 
ортақ  проблемалары  жағынан  жакындасып  жатады.  Мысалы,  ой- 
лау  заңдылықгарын,  халықтың  материалды  жэне  рухани  өмірінің 
ерекшелігін,  оның  тарихын  білудің тілдегі  құбылыстарды танып 
білуде,  халықтың тарихы  мен  тілдің тарихын,  олардың байланы- 
сын жете түсінуде үлкен  мэні  бар.  Тілдің  мәні, оның таңбалық си- 
паты, тілдің шыгуы мен  дамуы,  ойлау мен  тілдің ара қатысы жэне 
т.б. проблемаларды зерттеп  шешуде  философиятіл  біліміне бағыт- 
бағдар  беріп отырады.
Гуманитарлық  гылымдар  ішінде  тіл  білімімен  тығыз  байла- 
ныста болатындар: этнография, әлеуметтану,  филология,  герменев- 
тика, тарих, психология, археология.
Лингвистиканың  деректерін  пайдаланатын  жэне  оған  өз 
деректерін үсынатын басқа да бірқатар ғылымдардың лингвистика- 
мен тыгыз байланысы бар. Лингвистиканы осы гылымдардан ерек- 
шелеп  түратын  шекара  ешқашан  айқын  межеленбейді.  Мысалы, 
лингвистиканы  тілге  тек  қүжат  ретінде  қарайтын  этнография  мен 
ежелгі дэуір тарихынан  қатаң түрде  шекгей  білу  қажет.  Сондай-
9

ак,  лингвистиканы  адамды  зоологиялық  түр  ретінде  зерттейтін 
антропологиядан  да  айыра  білу  керек,  өйткені,  тіл  элеуметтік  де- 
рек  болып  саналады.  Лингвистика  мен  әлеуметтік  психологиянын 
арақатынасы  қандай?  Негізінен,  материалды  және  механикалык 
көріністерді  қосқанда  дыбыстардың  өзгеруі,  тілдегі  нэрселердің 
бэрі  де  психикаға  қатысты  болады  деп  Ф.  де  Соссюр лингвистика 
мен әлеуметтік психологияны тыгыз байланыстырады.
Тіл  білімі логика ғылымымен тыгыз байланысты.  Екі  ғылым 
саласыныңтүйісетінжері-тіл мен ойлаудынаракатысы мэселесі. Ло- 
гика ойлау формаларының өзара байланысын, даму заңдылықтарын
зерттеитінғылымоолса,оилаудыңзаңдылықтарынтілдікдеректерсіз 
білу тіпті мүмкін емес. Ойлау формалары тілдік бірліктермен тығыз 
байланысты. Сондықтан үғым, байымдау, ой  қорытындысы сияқгы 
логикалық категориялардың тілдік бірліктер арқылы  көріне алаты- 
ны да, олардың арасындағы ұқсастык пен өзгешеліктер де логиктер 
үшін өте қажет.  Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық. 
мазмүндықжағы дааса маңызды. Ал,  тілдік  мазмүн  дегеніміз —ой, 
байымдау.  Бүлар — логикалық  категориялар.  Дегенмен  екі  саланың
өз мақсаттары бар: логиктер тіл арқыпы ойлаудың заңцылықтарын, 
ал  тіл  зерттеушілері  тілдегі  заңдылықтарды  тануға  тырысады.
пл  оілімін  қызықтыратын  мәселе  -   оилау  заңдылықтарының  тіл
қүрылысына қандаи дэрежеде эсер ететіні.
Тіл білімі тарих ғылымымен де өте байланысты. Тілдің тари-
хи дамуын зертгеу сол тілді туғызған, оны  қатынас  қүралы ретінде
қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл
тарихын зерттеушілер сол тілді  қолданған  қоғам тарихы жөніндегі
ілімнің  табыстарына  сүйенбей,  ал  тарихшылар  өз  зертгеулерінде
тіл фактілерін ескермей түра алмайды.  Тіл деректері тарихшьыарға
халықтың шығу төркінін,  оның даму тарихының эр кезеңдеріндегі
мәдени дэрежесін, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғанын,
шаруашылыктың  қандай  түрімен  айналысқанын  айқындауға 
жәрдемін тигізеді.
Тіл  білімінің  жаратылыстану  гылымдарымен  байланысы. 
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдарының ішінде, әсіресе, адам фи-
зиологиясы, математика, кибернетика, физика, биология,  медицина 
сапаларымен тығыз байланысты.
10

Тіл  білімі  физиология  ғылымымен  тіл  дыбыстарының 
калак  жасалатындығы  жөніндегі  мэселеде  байланысқа  түседі.  Тіл 
дыбыстарын  жасауда  қандай  мүшелердің  қызмет  агқаратынын 
физиологияның  артикуляциялық  физиология  деп  агалагын  саласы 
зертгейді.  Ал,  тіл  дыбыстарының  қапай  жасалатынын  білу  -   тіл 
білімі үшін, әсіресе оның фонетика саласы үшін өте қажет. Бүл ретте 
физиологиялық  артикуляция  тіл  зерпгтеушілеріне  коп  көмектеседі. 
Дыбыстардың  жасалу  жағымен  қатара  естілу  жағы,  дыбыстық  са- 
пасы  деген  болады.  Мүнымен  физиологияның  есту  физиологиясы 
дейтін саласы да,  физиканың акустика дейтін саласы да айналыса- 
ды.
Тіл білімі кибернетикамен ерекше байланыста.  XX ғасырдың 
50-жылдарынан  бері  тіл  біліміне  кибернетика  ғылымы  қарқынды 
әсер  етуде.  Кибернетика  басқару,  басқару  шеберлігі  деген  грек 
сөзі.  Ол  I  математика,  физика,  психология,  физиология, тіл  білімі 
сынды ғылымдардың табыстары  негізінде туып, соларға сүйенетін 
синтетикалық  ғылым.  Кибернетиканың  мақсаты  -   хабарды  техни- 
ка  аркылы  істету.  Тіл  білімі  үшін  кибернетиканың  маңызды  ісінің 
бірі  -  материалды,  мэтінді  электрон  машинасы  арқылы  бір тілден 
екінші тілге аудару мәселесі. Бүл мэселе  1954 жылы алғаш рст Аме- 
рикада басталды.
Тіл  білімі  математика  сапасымен  ерекше  байланысты. 
XXI  гасырда  электронды  техниканың  карқынды  дамуымен  байла- 
нысты  математика  ғылымымен,  біріншіден,  компьютерлік  аудар- 
ма  мэселелері  бойынша  байланысса,  екіншіден,  тілді  зерттеуде 
математикалық статистика эдістерінің қолданылуы жағынан байла- 
нысады.
Тілдің өзіндік сипаттары
Теориялық тіл білімінің ішіндегі  күрделі де өзекті  проблема- 
лар қатарына дыбыс тілінің табиғагы мен өзіндік мэні, тілдің функ- 
циясы, ол функцияның кандай жолдармен  іске асатынын айқындау,
тілдің  тіршілігі,  оның  қоғаммен  қатынасы,  тшдщ  қүрылымы, 
оның  қандай  элементтерден  түратыны,  тілдік  элементтерде  бо- 
латын  өзгерістер,  тілдің  дамуы,  оның  ішкі-сыртқы  себептері,  т.б. 
мэселелер жатады.
11

Жалпы,  қазақ  халқы  тіл  деген  сөзді  екі  магынада:  а) 
анатомиялық  атау  ретінде,  э)  сөйлеу,  дыбыстау  мағынасы  ретінде 
қолданады. Тіл білімінде бұл сөз сонгы атауга ие. Тіл білімінде тілге 
берілген анықгамаларды сараптағанда олардың көп жағдайда ұқсас 
келетін  жактары  да  бар,  кейде  өзара  алшақгап  кететін  тұстары  да
болатынын көруге болады.
Дыбыс тіліне анықтама беруде оган бір сөзбен не сөйлеммен 
анықгама  бере  салуға  болмайды.  Бұл  оның  әр  қилы  қызметімен 
байланысты  дүние.  Мэселен,  егер дыбыс  тілін  қогамдагы  қызметі 
жагынан  айқындагымыз  келсе,  оган  -   дыбыс  тілі  дегеніміз 
«адамдардың  өзара  қатынас  жасайтын  қүралы»  деп,  ал  егер  ды- 
быс  тілінің  ойлаумен  қатынасын  айқындагымыз  келсе,  «ойды 
қалыптастырып,  жарыққа  шыгарушы  қүрап»  деп,  ал  егер  дыбыс 
тілін  қүрылымдық,  материапдық  жағынан  анықтағымыз  келсе, 
«қатынас  жасауга  қажетті  элементтердің, ережелердің жиынтығы» 
деп анықгаймыз. Осылардың ішіндегі еңнегізгісі адам қатынасының 
аса  маңызды  қүралы  дейтін  жалпы  анықтама.  Бүл  анықтамада 
тілдің  коммуникативтік  те,  экспрессивтік  те  қызметі  ескеріледі. 
Тілдің сипатына қарай беріліп жүрген анықгамалардың ішінде оны 
семиотикалық  жүйе  дейтін  де  анықтама  бар.  Тұтас  алганда,  тіл 
таңбалар  жүйесі,  семиотикалық  жүйе  емес,  өйткені  семиотикалық 
таңбалар бір жақгы, тек материалдық қана белгі. Ал тілдік түлгалар 
екі  жақты:  материалдық  көрсеткіш  пен  мағына  бірлігінен  түрады. 
Сондықтан ол семиотикалық таңбалардан бөлек, онда тек таңбалық 
кейбір сипат қана бар. 
і |г . | ||! ||| у  Щі
Тілдің  табиғатына  қогамдық,  табиги,  психофизикалық 
күбылыс  екендігі жатады. Бүл жерде гылымдағы тіл жеке адамның 
рухани  қасиетіне  тэн  психикалық  қүбылыс  деген  көзкарастың 
қате  екендігін  айту  керек.  Егер  олай  болса,  эр  адамның  тілі  эр 
басқа  болар  еді  де,  халықтық,  үлттық  тіл  деген  болмас  еді.  Тілді 
биологиялық қүбылыс деп танушыларга да осындай дау айтуға бо- 
лады.  Бүл пікірді қолдаушы  натуралистік мектеп өкілдері Ягни, тіл 
әлеуметтік қүбылыс болып табылады. Тілдің шығуы туралы  ежелгі 
гректерде  туған  келісім теориясының өзі де белгілі шамада  тілдің 
әлеуметтік  сипатын  мойындагандық.  Кейінірек  бүл  болжам  XIX 
ғасырда В.  Гумбольдт т.б.  еңбектері  арқылы тереңірек  дэлелденді.
12

«Тіл  -  қоғамдық»  деген  теорияны  Н.  Я.  Марр  мектебі  де  ерекше
қолда^ы.
Тілдің  қоғамдык  өрісі  өте  кең.  Бұл  жағынан  алғанда  ол 
қоғамға  қызмет  етуші  барлық  нәрселерден:  ғылымнан,  техника- 
дан,  ойлаудан,  т.б.  жоғары  тұр.  Тіл  қоғамдық  тіршіліктің  барлық 
саласында бірлесіп жұмыс  істеуғе  мүмкіндік беретін  қүрал ретінде 
қызмет етеді. Бұл -  тілдің өзіндік ерекше мэні, өзгешелігі.
Тілдің  құрылымы  мен  функциясы  дегендер  өзара  бай- 
ланысты,  бірақ  бір  емес.  Тіл  жалпыхалықгық  дегенде,  оның 
құрылымының  жалпыхалықтығы  ескеріледі,  өйткені  бұл  жағынан 
эр халық,  эр ұлт тілі  бір бүтін.  Ал  қызметі  жағынан  алғанда, тілде 
айырмашылық,  өзгешелік  кездесе  береді.  Мамандығына,  кэсібіне, 
біліміне,  жынысына, жасына қарай әр әлеуметтік топтың өз сөйлеу 
лексиконы  болуы  мүмкін.  Қоғамның  әлеуметтік  қүрылысының 
тілге тигізетін әсері,  ең алдымен, тілдің қызметінен  анық көрінеді. 
Өйткені тілді қолданушы әлеуметтіктоптар, таптар оган немқұрайды 
қарамайды. Оны өз әлеуметтік жағдайларына сэйкес қолдануға ты- 
рысады.  Мұндай талап тілдің құрылымдық  негізін  өзгерпегенімен, 
оны  функциялық  қүбылыстарға,  өзгешеліктерге,  түрлі  жіктерге 
бөлшектемей  қоймайды.  Ондай  жіктеулердің  ең  елеулісіне  қоныс 
ыңғайынан  туатын  ерекшелікті  (диалект),  тіл  қызметінің  қандай 
жолмен  іске  асуынан  туатын  ерекшелікті  (жазу  тілі,  ауызекі  тіл) 
жатқызуға болады.
Ұ сы ны латы н әдебиеттер:
1. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической на-
уки. Москва, 2007.
3. 
Сусов  И.П.  История  языкознания.  Электронный  учебник.
Тверь,  1999.
4. 
Кодухов В.И. Общее языкознание.  Учебник. Москва,  1974.
5. 
Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінін  түсіндірме  сөздігі.  Ал-
маты, 2005.
13

I.  ТЕО РИ Я Л Ы Қ  БӨ Л ІМ
I бөлім. Т ІЛ   БІЛ ІМ І  ҒЫ Л Ы М Ы Н Ы Ң   ТЕО РИ ЯСЫ
Тақырып:
  Т ІЛ Ж Ә Н Е Қ О Ғ А М
Қ арасты ры латы н  мәселелер: 
Тіл  жэне  қогамдық  сана. 
Дыбыс тілінің шыгуы.  Тілдің қогамдық дифференциациялануы.  Тіл 
және  сөйлеу.  Қостілділік мэселесі.  Креол  тілдер.  Әлемдік  тілдер. 
Әдебитіл.  Тіл және мәдениет.
 
#
Тіл және қоғам ды қ сана
Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті деп біз оның 
қатынас  құралы  екендіғін  айтамыз.  Тіл  мен  қоғамның арасындағы 
өзара  байланыс  -   екі  жақты  байланыс.  Біріншіден,  тілсіз  ешбір 
қоғам  өмір  сүре  алмайды.  Тіл  жоқ  жерде  адамдардың  қоғамда 
бірлесіп  өмір  сүруі,  еңбек  етуі,  өндірісті  үйымдастыруы,  оны  да- 
мытуы  мүмкін  емес.  Демек,  қоғамдық  үдерістің  өз  деңгейінде 
жүргізілуіне тіл қажет. Тіл -  адам баласы қоғамының өмір сүруі мен
алғы
алмаиды
қоғамнан
үжымнан
қоғамнан тыс тіл жоқ.  Тілсіз  қоғам,  қоғамсыз тіл жок деген  қағида
осыдан қалыптасқан.
Тілдің  қогамдық  қүбылыс  ретіндегі  тағы  бір  белгісі  — 
қоғамдық сананы  білдіретіндігі.  Қоғамдық сананы  қоғамға қызмет 
ететін  басқа күбылыстар да белгілі  шамада  көрсетуі  мүмкін.  Бірақ 
олардың ешқайсысы тіл сияқты толық көрсете алмайды. Тіл қарым- 
қатынас  пен  ойлау  қүралы  болғандықтан  да,  адамзат  баласының
тек танымдық жүиесімен  ғана емес, сондаи-ақ адамдардың рухани 
мәдениетімен  де  байланысты,  яғни  қоғамдық  санамен  де  тікелей 
бірлікте. Олардың қарым-қатынасы қоғамның философиялық мэнін 
түсіну үшін, оның қүрылымы мен тарихи дамуын білу үшін бірден- 
бір тәсіл болып табылады.
Диалектикалық 
және 
тарихи 
материализм 
қоғамның 
дамуындағы  қоғамдық  сананың  ықпалын  жоққа  шығармайды. 
Адамдардың  іс-әрекеті  оның  кім  екендігін  дәлелдеп  береді. 
Адамдардың сөйлеу  эдебіндегі  білім-білігі  олардың танымдық ой- 
лау  деңгейін  тікелей  аңғартып  түрады.  Тілдегі  қалыптанған  білім

адам  баласының  ары  қарайғы  танымының  негізгі  құралы  ретінде 
өмір сүреді. Қоғамдық сана эртүрлі формада көрінеді, ол өзінің бой- 
ына саяси, қүқықтық, діни,  философиялык жэне басқа да қоғамдық 
көзкарастар мен ғылыми білімді жинақгайды. Тіл алдыңғы қоғамға 
да.  оның орнына  келген  жаңа  қоғамдық қүрылысқа  бірдей  қызмет 
етеді. Тілді жүмсау дағдысы секілді қоғамдық сана формасы да тер- 
минологияны, тілдің стилистикалық ерекшеліктерін туындата оты- 
рып, тілге өзінше әсер етеді. Дегенмен тіл қоғамдық сананың барлық 
формасы үшін де,  оны  пайдаланудың күллі саласы үшін де бірегей 
болып  қала береді.  Мэселен,  дін  мен  ғылымның тілі  өз  халқының 
тілінде емес, өзге тілде жүмыс істейді. Түркі жүртында, оның ішінде 
Қазақстан  Республикасында  діни,  ғылыми  қажеттіліктерді  өтеу 
үшін араб тілі (Қүран тілін меңгеру үшін) жэне латын тілі  (ғылыми 
терминдерді түсіну үшін) пайдапанылып отыр.
Дыбыс тілінің шыгуы
Тілдің алғашқы  негіздерін  адамның  пайда болуы  үдерісімен 
байланыстыра қараған дүрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше 
тілдің  қалыптасуы  да  адамның  қалыптасуы  тэрізді  миллиондаған 
жылдарға созылған  процесс.  Жэне  оның  қалыптасуы  адамның түр 
ретінде  қалыптасуымен  бірге жүріп, бүл  жолда жетекшілік қызмет 
атқарғаны да рас.  Тілдің пайда болып  қапыптасу үдерісі  глоттоге- 
нез деп аталады.
Адам  эволюциясының  қазіргі  деректер  бойынша даму  жолы 
төмендегідей.  Қазіргі  адамдар  (гомо  сапиенс)  бүдан  150-200  жыл 
бүрын  қазіргі  Шығыс  Африка  территориясында (Кения,  Танзания) 
пайда болған. Олар Еуразия  қүрлығына алғаш рет бүдан  70-80 мың 
жыл  бүрын  аяқ  басқан,  бүл  аймақта  кең  таралған  адам  тәріздес 
«ағайындары»  (негізінен  неандертальдықгар)  олармен  бәсекеге 
төтеп бере алмай жойыла бастайды.  Ал 40-60 мың жыл бүрын олар 
Оңгүстік  Азия  мен  Еуропаға  кеңінен  таралып  орналасқан.  Одан 
кейін, бүдан 20-30 мың жыл бүрын адамдардың оңтүстікте Австра- 
лия  мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы 
жалғасады.  Яғни тілдің қазіргі түрдегідей калыптасқан кезін бүдан 
200  мың  жыл  бүрынғы  кезден  эрі  деп,  ал  қазіргі  тілдердің  бэріне 
негіз болган ең көне тілді бүдан 50 мың жыл бүрын өмір сүрген деп 
жорамалдауға болады.
15

Бұл  болжамды  айтушылар  көне  тілдің  қазіргі  тілден  елеулі 
айырмасы  болмаған:  яғни  дыбыстардан  сөздер  құрастырып,  олар- 
ды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген дейді. Алгашкы кез- 
де адамдардың саны  әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте  көп 
болған  деп  есептеледі.  Кейін  тілдердің  азаюы  тайпалық  дэуірдің 
басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің басталуы, ондағы 
адамдар  негізінен  бір тілде  сөйлесуге  бағытталады.  Бұл  тілдердің 
бір-бірін  ығыстырып  шығаруы  жэне  тоғысуы  түрінде  жүрген.  Ал 
қазіргі  сапыстырмалы-тарихи  зерттеулер  бойынша  барлық  тілдер
бұдан  15  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген  5-6  ата  тілден  таратады. 
Олардың  ішіндегі  ең  ірісі  нострат  тілдері.  Оның  ұрпақтары  кейін 
Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне
(Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диф- 
фузды  тіл»  деп  атайды.  Бүл  тілдің  дыбыстық  ажыратылмаитын 
кезеңін  білдіреді.  Бұл  тілде  сөздер  мен  дыбыстардан  гөрі  мағына 
білдіруде  интонациялар жэне ымдаулар  маңызды  орын  алган.  Бізді 
қазір үй жануарлары  немесе  кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) 
қандай  да  бір  жолмен  (сол  диффузды  түрде,  яғни  дауыс  әуеніне, 
көзге,  қимылдарға  қарайды)  «түсінеді».  Жалпы  тілдің  ең  бастау 
көздерін жануарлар элемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір ба- 
сты қағидаларға өзек болуда.
Дүниені  танып  білуге  қойылатын  басты  бір  әдіснамалык  та- 
лап  — шындықгың  кез  келген  құбылысын  объективтік  тұрғыдан 
түсіндіру, яғни оның шын мэнін, табиғатын шындыққа дэл сәйкестік 
тұрғысынан  бейнелендіру.  Мұнсыз  адамның  білімі  ақиқат  болмас 
еді.  Бұл  барлық  ғылым  атаулыға,  жаратылыстану  ғылымдарына 
да,  қоғамдық-әлеуметтік  ғылымдарға да қойылатын  бірінші талап- 
ты тілтану  ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты,  мэні, оның шығу 
себептері  мен  қоғамдық  сипаты,  атқаратын  қызметі  қандай  де- 
ген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі 
келіп  шыгады.
Бірақ бұл  мәселе жайлы  сөз  қозғағанда,  ең  алдымен,  мы- 
надай  екі  проблеманы  бір-бірінен  ажыратып  алу  қажет:  оның 
бірі  —   бүкіл  адамзат  баласына  тэн  жалпы  сөйлеу  құралы  болып 
табылатын  тілді  білдіретін  жалпы  ұғым,  ал  екіншісі  —  жеке
16

халыктардың сөйлеу  кұралы  болатын жеке (нақты) тілді білдіретін 
жекеиіе үғымдар.
Бүл екі түрлі үғымды бір-бірімен шатастырмау керек. Өйткені 
бүлардың  арасындағы  логикалық  қатынас  жалпы  мен  жекеше 
категорияларының ара-сындағы қатынас тэрізді.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте 
көне заманға—   адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу 
заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен да- 
муы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда 
бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан  нақгы жеке тілдердің,  мы- 
салы, казақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін
тарих,  лингвистика  ғылымдары  тікелеи  зерттеп,  аиқындаи  алатын 
болса,  ал  жалпы  адамзат  тілінің  шығуын,  адамдар  о  баста  қалай
сөилеп  үиренгенін  аиқындау  үшін  тек  тарихи,  лингвистикалық 
зерттеулердің  бір  өзі  тіптен  жеткіліксіз,  өйткені  тілдің  шығу  про- 
блемасы  жалпы  адамның  пайда  болуы  (антропогенез)  жэне  адам- 
зат  қоғамының пайда болуы (сопогенез) сияқгы  күрделі  проблема- 
лармен  іштей  тығыз  байланысты.  Сол  себепті  тілдің  о  баста  шығу 
проблемасы  тарих  пен  линғвистика  ғана  емес,  сондай-ақ  филосо- 
фия  мен  психология,  археология  мен  этнография,  физиология  мен 
антропология  жэне басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін аса күрделі 
проблема болып табылады.
Жер  шарында  мыңдаған  жеке тілдер  бар.  Олардың  бэрінің
бір-бірінен толып жатқан айырмашылыктарымен қатар өзара ұқсас,
бәріне ортақ жалпы  қасиет белгілері  де  бар.  Әрбір тіл белгілі бір 
жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді жэне соны- 
мен бірге ол — қогамдық-тарихи  құбылыс.  Ол-адамзаттың мәдени 
дамуының  қажетті  шарты,  өзара  қарым-қатынас  орнатудың,  ой- 
сананың  қалыптасуы  мен  дамуының  кұралы.  Бұлар  және  бұлар 
сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу нысаны болу- 
мен қатар философиялық  проблемалар болып табылады.
Философия  тілді  ең  алдымен  қоғамдық-тарихи  прогрестің 
нәтижесінде  пайда  болған  табиғи-әлеуметтік 
құбылыс  деп 
қарастырады,  өйткені  қоғамнан  тыс  сөйлеу  тілігікок^бодган  емес 
жэне болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл ж<ж же 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал