66. «Шу батыр» дастанындағы батырдың тапқырлығы Түркі халқының ұлы перзенттерінің бірі Махмұд Қашқари ХІ ғасырда жазылған, үш кітаптан тұратын «Диуани лұғат ат-түрік»


Әл-фарабидың ақындық тқлғасын танытатын жырлары



бет2/6
Дата09.05.2023
өлшемі33,6 Kb.
#91341
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Емтиxан тапсырмалары 66-70

67. Әл-фарабидың ақындық тқлғасын танытатын жырлары
“Бауырым, қанша сүйгенмен”, “Қашықтасың туган жер — қалың елім”, “Тамылжып бал тыныштық айналамнан”

Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған Әбунәсір әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана тілі – түркі тілінен басқа араб, парсы, көне грек тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. Әл-Фараби заманында талантты да білімді ақын болған. Өлеңдер жазып нағыз поэзияның үлгісін көрсетіп отырған. Фарабидің өз заманында аты әлгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар болған.


Фарабидің біздің игілігімізге айналған шағын шығармашылығын саралар болсақ, ғұлама ғалымның ой мен сезімді катар устай білген парасатты ақын да болғанын аңғарамыз. Фараби жырларында бірде нәзік сезім, бірде байсалды ой басым келсе, енді бірде екеуі қатар түсіп, тоғысып жатады: Қашықтасың туған жер қалың елім,
- Не бір жүйрік болдырып жарау деген, Шаршадым мен, қанатым талды менің Шаныт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Касіреттің жасына көз жуынар.
О, жараткан көп неткен ақымағың,
Кум секілді тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тутам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.
Фараби өлендерінде насихат сарыны байқалады. Оның дидактикасы сезімсіз, сөлсіз жалан үгіт емес, өршіл рухты, тунык ойлы, белгілі бір дәрежеде лиризмге де бейім, адамның жан сезіміне қозғау сала отырып, еріксіз иілтетін салиқалы сыр:
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыкка бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Қағаздың түсіп бетіне
Сызықтай бейне тартылған,
Тап болып жігер сарқылған,
Кездейсок өмір етіне
Қайыспай турса нар тулған.
Сонда да беріп кетеміз
Жүректің отын молында.
Арманды ансап өтеміз
Біз ұлы мұрат жолында ...
Ибн Халликан əл-Фарабидің өлеңдері бар екенін, яғни ақындығы болғанын айтқан. Ол Фараби бəйіттерінің бірнеше шумағын жазып қалдырған:
Адамдар əлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалықты дəрменсіз болғанымыз ба?
Бір рет самал соқса-ақ бəріміз,
Мына өмірден ұшты-күйлі жоғалып кетеміз бе?
Адамға бір сəттік қысқа ғұмыр берілген,
Сол қас қағымдай сəттің өзін көп көріп,
Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,
Бірін-бірі азапқа салып қинайды.
Түкке тұрғысыз атақ-даңққа таласып,
Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз?
Одан гөрі көк-тəңірісіне жалбарынып,
Өліп кеткеніміз жақсы емес пе?!
Ол өлеңдерінде кемеңгер ақын ақыл-ой еңбегі үстінде кешкен қиындық, азаптарын, күйзеліске толы күнкөріс тіршіліктерін, даналық жолындағы талпыныстарын, қайсарлық, табандылық арқасында қолы жеткен табыстарын жырлап, терең толғанады. Ақын бабамыз тағдыр тəлкегіне түскен өз ғұмырын сол тұстағы қоғам тіршілігімен ұштастыра суреттейді.
Қашықтасың туган жер — қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен,
Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Əкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп түңіледі.
Қайтейін мен көкжиек көңілімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде — шарап бар, жайы мəлім,
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Бұл өлеңдегі ақынның аңсары — туған жерге деген сағыныш, өмірдің өтпелілігіне өкініш. Фараби туған жеріне бір оралып, келіп-кетіпті. Бұхара өкілі Нұх Самани шақыртып, жалпы ғалымдардың негізі жөнінде кітап жазып беруін өтінген. Əл-Фараби сонда «Екінші оқулық» («Тағлым — əс-Сəни») атты еңбек жазыпты
Өкінішке қарай, данышпан ақынның поэзиялық мұрасы біздің дəуірімізге дейін толық сақталмаған. Əйтсе де саусақпен санарлықтай аз ғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, терең ойлы, нəзік сезімді, дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет