70.Екі таңбалы сандарды салыстыруға, санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға, ондықтар мен бірліктерден екі таңбалы сан құрастыруға үйрету. Натурал сандар оның бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар т,б разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады Мысалы:
37=30+7 (3 ондық+ 7 бірлік)
45=40+5 (4ондық+5 бірлік)
305= 300+5 (3 жүздік+5 бірлік)
751=700+50+1(7 жүздік+5 ондық+1 бірлік)
71.Көбейту мен бөлу амалдарымен және олардың қасиеттерімен таныстыру Бірдей қосылғыштарды қосу көбейту деп аталады.
2+2+2+ 2 қосындысын басқаша 2*4 өрнегі түрінде жазуғаа болады. Бұл көбейтінді деп аталады.
3*6 көбейтіндісі 3 санын 6 рет қосылғыш түрінде алу керек екендігін көрсетеді.
Қосылатын санды бірінші көбейткіш деп атайды. Бірдей қосылғыштардың неше рет қосу керек екенін көрсететін санды екінші көбейткіш деп атайды. 3*6=18 3 және 6 санын көбейту нәтижесінде алынған 18 көбейтіндінің мәні деп аталады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді а*б=б*а
Көбейтудің терімділік қасиеті Бірнеше сандарды көбейткен кезде көбейтінді өзгермейді, егер көршілес екі көбейткішті олардың көбейтіндісімен н\е жақшалардың орнын ауыстырса, көбейтіндінің мәні өзгермейді (а*б)*с=а*(б*с)
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті Қосындыны санға көбейту кезінде осы санға әр көбейткішті жеке көбейтіп, алынған нәтижелерді қосу керек. (a+b)*c=a*c+b*c
Бөлу- белгілі көбейтінді мен көбейткіш арқылы белгісіз көбейткішті табуға арналған математикалық амал.8/4 өрнегі бөлу деп аталады
Бөлу таңбасы : а:б=с. с*б=а
Бөлінетін санды бөлінгіш, бөлетін санды бөлгіш, бөлу нәтижесінде пайда болатын сан бөліндінің мәні деп атайды,
Бөлу амалы бүтіндей бөлу және қалдықпен бөлу деп екіге бөлінеді.
72. Уақыт бірліктері: сағат ,минут, жыл, ғасыр, апта, ай ,секунд және олардың арақатынасымен таныстыру 1 минут=60 сек
1 сағ = 60 мин =3600 сек
1 тәулік = 24 сағ
1 апта = 7 тәулік
1 айда = 30-31 күн
1 жыл = 365 күн
1 ғасыр = 100 жыл