69 Бөлім бойынша орта және қысқа мерзімді жоспар? Жауабы: Орта мерзімді жоспар


)Грамматика пәнінде қолданылатын көрнекі құралдар?



бет3/3
Дата12.06.2022
өлшемі16,73 Kb.
#36717
түріСабақ
1   2   3
70)Грамматика пәнінде қолданылатын көрнекі құралдар?
Жауабы: Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеу керек. Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай - ақ мәтіндерді
таблицаларда берудің қажеті жоқ.
Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеліп алынған (түсіндірілетін тұлғаны анықтай түсетін) мысалдар беруге болады.
Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, морфема, әріп таолицада
бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктрі басқа бір элементпен
салыстырыла көрсетуге тиіс.
Оқылып отырған грамматикалық неше орфографиялық құбылыс таблица
мазмұнында тасада қалып қоймау жағына мұқият назар аударған жөн.
Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету т. б.
Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру барысындағы жұмыстың максатына, сипатына қарай. жалпы (қорытынды) таблица және жеке таблица жасалады. Көрнекі құралдың пайдалы жағынан бірі оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің басшы.іығымен таблицаны оқиды, түсінеді, оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды, қопытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім оларға түрлі тапсырма береді (таблицанып дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға осындай таблица жасау, өз жандарынан мысалдар келтіріліп, таблицаларды салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша тсксерту т. б.).
Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай - ақ, оқушының білім, білік, дағды дарежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер - оқушы жұмысының айнасы. Әр сабақтың барысында оқушылардың барлық дэтерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштарда пайдаланылады.
Көрнекі құралдарға компьютер, магнитофон, грампластинка, оқу фильмдер; диафильмдер де жатады. Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін қоя тыңдап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады. Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттер көп қолданылады.
Стильдік - синтаксистік жаттығу жұмыстары - оқушыларға тіл стильдері тұралы, олардың тілдік құралдары және ерекшеліктерін таныту барысындағы ең көп жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірі.
Негізінде стильдік - синтаксистік жаттығулар жүйесі оқушыларға сөз тіркестері, сөйлем, тіркестерщдің стильдік қолдануы мен олардың ойды жеткізудегі тіл стильдеріне қатысы туралы білім мен дағды беру немесе оны бекітуді кездейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет