"6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу таныстырылым іс-тәжірибесінің бағдарламасы. – Қарағанды, 2021. – 28 бет



бет2/10
Дата08.12.2023
өлшемі183,5 Kb.
#134693
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
введ в спец каз 1 курс Асетова Медиева

1 Жалпы ережелер
«Білім туралы Заң» және ҚР БҒМ 29.01.2016 жылғы №107 бұйрығымен бекітілген кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің Типтік ережелерінің талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында оқитындар үшін педагогикалық практика жоғары білікті мамандар даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады және практика базасы болып табылатын тиісті мекемелерде өткізіледі, педагогикалық үдеріс барысында теориялық алған білімдерін практикалық дағдылардың қалыптасуы мен озық тәжірибелерді меңгеруге бағытталған.
Мамандарды даярлау сапасын арттыру жолдарының бірі білім алушыларды жүйелі кәсіби іс-әрекетке бағдарлауын жүргізетін оқыту тәжірибені енгізу болып табылады.
Оқу таныстырылым іс -тәжірибесі мазмұны мұғалім-тәрбиеші тұлғасын қалыптастыруға және дайындауға, сонымен қатар білім алушыларды мектептерде педогогикалық мамандықпен таныстыру болып табылады. Бұл педагогикалық мамандықты саналы таңдауға мүмкіндік береді.
Оқу таныстырылым іс- тәжірибе жүйесі өзінің мақсаты ретінде білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісінде оларды қолдану үшін университет білім алушыларының оқыту үдерісінде алынған теориялық білімдерді тереңдету және бекітуді қамтиды.
Тәжірибенің мақсаты оқыту үдерісінде алынған теориялық білімдерді меңгеру мен тереңдету болып табылады.
Оқу таныстырылым іс- тәжірибесі білім алушылар даярлығының түрлі деңгейлері үшін әмбебап міндеттер қояды. Соның ішінде:

  • кәсіби іс-әрекетте оларды өздігінен қолдануға дағды мен іс-әрекеттерді қалыптастыру;

  • білім алушылардың білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісімен танысу және бақылау;

  • сынып жетекшінің, факультативті және секциялық бағыттардың қызметтерін зерттеу;

  • сынып жетекшінің және үйірме жетекшінің жыл бойындағы тәрбиелік жұмыс жоспарының мазмұнымен, құрылымымен танысу;

  • жалпы педагогикалық дағдыларды қалыптастыру: оқушыларды бақылау, сыныптан тыс шаралардың сынып жетекшінің іс-әрекетін бақылау.

Оқу таныстырылым іс-тәжірибесі білім алушылардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыруға, белсенді шығармашыл тұлғасын қалыптастыруын қамтамасыз ететін шарттарды құрастыруға, болашақта кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға және оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда шығармашылықты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқу таныстырылым іс-тәжірибесі барысында теориялық білімдер қажетті іс-әрекеттер мен дағдыларға айналады. Соған байланысты оқу тәжірибе білім алушы практиканттарда кәсіби маңызды дағдыларды, яғни оқыту үдерісінің негізгі компоненттерін, мұғалім іс-әрекетін, оқу үдерісінің құрылымын бақылау, анықтау, жоспарлау, талдау, болжауын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет