6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған Бураева Жанат Бауыржановнаның «Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру» атты тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
Сын пікір
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында былай деген еді: «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.
Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда». Ел президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында білім беру сапасын жақсарту бағытындағы іс-шараларды кешенді іске асыру міндеттелді. Ол Төртінші өнеркәсіптік революцияның қарқынды дамуы үдерістерімен анықталады, онда адам капиталының рөлі күшейе түседі. Мұндағы басты ерекшелік білім беру, стейкхолдерлердің жаңа талаптары,ғаламдық жаңа талаптар, білім беру провайдерлері арасындағы ғаламдықбәсеке, жүйе ішілік инноваторлар (оқу орындары).
Қойылған міндетті шешуде креативті тұлғаның дамуы мен жетілуі өмірдің әлеуметтік жағдайының сапалы түрде өзгеруіне, қоғамның әл-ауқатына ықпал ететін жаңа мәдениеттің қалыптасуына әкелуі мүмкін.Мұндай жағдайда жалпы философиялық-дүниетанымдық негізді, бірыңғай қағидаларды, халықтардың, мемлекеттердің, мәдениеттердің, өркениеттердің өзара бейбіт, толерантты, құрметпен өмір сүрудің жалпыға ортақ ережелерін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік мәні арта түседі. Бұл мәселе зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
2. Диссертацияға қойылатын талаптар шеңберіндегі ғылыми нәтижелері.
Диссертациядағы алынған міндеттер логикалық бірізді, зерттеу мәселесін шешуге бағытталған және ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген.
философиялық, педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде креативтіліктің шығу генезисімен айқындалған және «креативтілік», «педагогикалық креативтілік» ұғымдарының мәні нақтыланып берілуі - бірінші нәтижені білдіреді.
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру моделінің жасалуы - екінші нәтижені білдіреді.
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың тетіктері жасалуы - үшінші нәтижені білдіреді.
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың тиімділігі тәжірбиелік эксперименттік жолмен дәлелденіп, оны пайдалануға қатысты ұсыныстар берілуі - төртінші нәтижені білдіреді.
3. Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір нәтижесінің тұжырымдары мен қорытындыларының негізделуі және шынайылық дәрежесі.
Ж.Б. Бураеваның диссертациялық зерттеулерінің нәтижелерін талдау және бағалау оны шынайылық пен негізділік талаптарына сәйкес келеді деп айтуға негіз береді.
Әр ғылыми нәтиженің негізділігінің және дәлелділігінің дәрежесі талапқа сай теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу нысанына сәйкес әдістердің қолданылуымен, зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде жарық көрген еңбектердің мазмұнымен қамтамасыз етілген. Диссертациялық жұмыс нәтижелерін рейтингті шетелдік журналдарда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған ғылыми журналдарда жариялануы да зерттеу нәтижесінің шынайылық дәрежесін көрсетеді.
4.Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған нәтижесінің (қағидасының) тұжырымдары мен қорытындыларының жаңалық дәрежесі.
Зерттеу жұмысында педагогикалық-психологиялық құралдарды пайдалану арқылы автордың жасаған «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» атты бағдарламасының мазмұны мен құрылымының сенімділігіне дәлел бола алады.
Бірінші нәтиже. «Креативтілік», «педагогикалық креативтілік» ұғымдарының мәні кәсіби білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру мазмұнының креативті мұғалім тұлғасын қалыптастырылатын креативті білімнің, дағдының және жеке тұлғалық қасиеттерінің бірізділігінің жүзеге асырылуымен айқындалады.
Екінші нәтиже. Кәсіби білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру моделі әдістемелік жүйе (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал) мен өлшемдер жиынтығын құрайтындығымен сипатталады.
Үшінші нәтиже. Кәсіби білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың психологиялық аспектілері мен педагогикалық, дидактикалық тетіктері моделді жүзеге асыруға ықпал тигізетіндігімен анықталады.
Төртінші нәтиже. Кәсіби білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру мазмұнымен оны жүзеге асыруға арналып жасалған оқу-эдістемелік кешен (білім беру бағдарламасы) болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру мақсатында білімін толықтыруға және кәсіби бағытта креативтілік қасиеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен ерекшеленеді.
Докторант Ж.Б.Бураеваның зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелері ғылыми аппаратпен, диссертация құрылымымен, зерттеу кезеңдерінің тізбектілігімен, ішкі бірлігімен, логикалық бірізділігімен сипатталады.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау.
Ж.Б. Бураеваның «Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясында қол жеткізілген нәтижелері ішкі бірлікпен, логикалық және алынған нәтижелердің бір-бірінің байланыстылығымен сипатталады. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен қорытындылары ғылыми тұрғыдан дәлелді келтірілген.
Минджасаров Нурсултан тф 1-курс магистрант
Достарыңызбен бөлісу: |