Пәннің зерттеу әдісі: аталған курс ғылыми дайындықты талап ететін
күрделі пән болғандықтан оны оқып-үйрену үшін мынадай ғылыми әдістерді
меңгерген жөн:
5)
талдау әдісі;
6)
салыстырмалы-типологиялық әдіс;
7)
жүйелеу тәсілі;
8)
кешенді тәсіл.
Аталған пән ғылымының басқа ғылымдар арасында алатын орны мен қызметі. Әдебиеттанудың жаңа бағыттары пәні қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдар мен филология блогындағы басқа пәндермен түгелдей дерлік
мазмұны жағынан сәйкеседі және байланысады. Атап айтар болсақ, олар:
фольклористика, тіл білімі, стилистика, шешендік өнер, философия, эстетика,
мәдениеттану. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарыштап дамуына
орай әдебиеттануда жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері де орында
қолданылуда.