4. Емтихан тақырыптарының тізімі
Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.
«Әдебиет теориясы» пәні
1. Әдебиет теориясы – ғылым.
Әдебиет теориясының негiзгi міндеттерi. Әдебиеттiң тарихы және әдебиет теориясы. Әдебиет теориясы және әдеби сын. Әдебиеттанудың даму және қалыптасу тарихы.
2. Әдебиеттанудың қазiргi жағдайы және даму беталысы.
Қазiргi әдебиеттанудың әдiстемелiк аппараты. Әдеби өнердi зерттеудің жолдары мен көркем шығарманың игерудің негiзгi формалары. Әдебиеттанудың негiзгi мектептері.
3. Өнердiң мәні және табиғаты.
Философиялық және эстетикалық категория. Көркемөнер – эстетикалық құндылықтарды жасаушы. Негiзгi эстетикалық категориялар. Эстетикалық және көркемдік.
4. Көркем өнердің танымдық қызметі.
Елiктеу теория. Символизация теориясы. Типтiлік пен даралық. Өнер және әдебиеттің мақсаты мен міндеттері.
5. Әдебиет – өнердiң түрi.
Көркем әдебиет – қоғамдық сананың бір түрі. Қоғамдық сананың түрлерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуi. Саясат және философияның әдебиетке ықпалы. Әдебиет және дiн. Әдебиет және тарих. Әдебиет және география. Өмiрдi танудың әр түрлi формалары.
6. Суретшi мен ғалым ойлауындағы ерекшелiктер.
Жазушының дүниені тануы мен шығармашылығы. Ғылым мен өнердегі объективтілік пен пен субъективтіліктің бірлігі. Ғылыми зерттеу мен көркем шығармадағы мақсат пен мазмұн. Ғылым тiлi және әдебиет тiлi. Өнердiң басқа түрлерi мен әдебиет. Өнердiң пәні мен мақсаты. Өнер туралы ұғым. Көркем әдебиеттiң пәні мен қызметі.
7. Әдеби шығарма – тұтас бiрлiк.
Көркем әдебиет мазмұны туралы ұғым. Пішін туралы ұғым. Көркем шығарманы мазмұн мен түрге салыстырмалы түрде бөлу. Әдебиет пен өнердегi түр мен мазмұнның бiрлiгі және бөлiнбейтiндiгi, олардың өзгермелілігі. Көркем түрдің байлығы, сонылығы және айқындылығы. Сөз – форманың бастапқы элементi. Оның мазмұн мен түр ерекшелігін анықтайтын көркем әдебиеттiң әсері.
8. Кейiпкер және жазушы (қаhарман және автор).
Кейiпкердiң санасы мен сезiмi. Психологизм. Портрет. Өмiрдегі және өнердегі Әсемдік. Эстетикалық туралы ұғым. Негiзгi эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезiм. Жазушының эстетикалық талғамы. Эстетикалық қабылдау және әсер. Кейіпкер және мінез.
9. Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы.
Көркем шығарма тақырыбының тууы процессі. Тақырыпты өңдеу мен таңдаудағы дүниетанымның ролі. Шығарманың барлық элементтерiн бағындырған негiз, iрге, қойылым сияқты (суреттелетін объектiмен) өмір материалы мен тақырып арасындағы айырмашылық. Тақырыптың өмірлiк негiзi, шығарманың басты және қосалқы тақырыбы. Мәңгi тақырыптар. Әдеби шығарманың идеялық – мағыналық жағы. Идея – бұл жазушысының суреттелетiн жайға қатынасы, баға, шығарманың басты ойы. Идея және әлеуметтiк-эстетикалық мұрат. Түпкі ой және идея.
10. Шығарманың мәселесі және мотивi.
Шығармадағы тақырып пен мәселе, тақырып пен идея, тақырып пен мотивтің өзара байланысы. Идея және характер, идея және өмір шындығы. Мотив – баяндаудың ең қарапайым бөлiнбейтiн бөлшегі. Мотив шығарманың қырлары іспетті. Мотив талдаудың негiзгi бiрлiгі іспетті.
11. Көркем шығарманың сюжетi.
Сюжет элементтерi. Сюжет түрлерi. Көркем шығармадағы сюжеттiң рөлi мен орын. Сюжет және фабула. Қимыл, іс-әрекет – көркемдік әлем ерекшелiгін анықтайтын факторлар. Лирикалық шығармалардағы сюжет. Сюжетсiз шығармалар. «Психологиялық» оқиғалар мен мотивтер. Әдеби компаративистикадағы сюжеттер және мотивтер мәселесі.
12. Тартыс.
Сюжет бұл шығармадағы тартысты нақты iске асыратын, қаhармандардың қарым-қатынасы мен оқиғалар жүйесi іспетті. Көркем әдебиеттің шағын сюжетіндегі өмір тартыстары мен олардың өзiндiк көрініс алуы. Тартыс – шығарманың негiзгi қозғаушы күші. Тартыс және коллизия, перипетия.
13. Көркем шығарманың композициясы.
Көркем шығарманың компазициясы туралы. Сюжет пен композиция бірлігі. Композицияның негізгі компоненттері. Шығарма композициясы және образдар композициясы.
14. Көркем шығарма құрылымның компоненттері.
Шығарма композициясының шарттылануы-шығармадағы ақиқатты суреттеудегі шынайы заңдылықтар мен көркем әдістер, иделық-эстетикалық ойластырулар өмірлік материялдар, шығарма жанрлары. Параллелизм мен антитеза шығарма композициясының әр түhлілігі іспетті. Өмір шындығы және көркемдік шешім шығарманың тақырыбының, идеясының, проблемасының барлық элементтерінің (эпизод, образ, мотив) қатаң сақталуы. Сюжет құрастудың тәсілдері.
15. Көркем шығарманың тілі. Тіл және сөйлеу.
Көркем шығармадағы тілдің рөлі. Көркем сөйлеудің стилистикалық өзгешелігі. Көркем сөйлеудің басқа формаларымен байланысы. Көркем сөйлеудің құрамы. Авторлық сөз. Диалог және монолог.
16. Көркем сөйлеудің ерекшелігі.
Көркем шығармадағы троптың (құбылту) түрлері және олардың рөлі. Кереғарлық және төлеу сөз. Стиль, пародия, ертегі. Реминисценция. Автор тілі және әрекетшіл жақтың тілі. Автор тілі мен әрекетшіл жақ тіліндегі типтеу және жекелеу. Көркем шығарманың тілі және жанрлық ерекшелігі. Поэтикалық синтаксистің маңызы. Поэтикалық тілдегі фигураның (айшықтау) түрлері.
17. Көркем әдебиеттің поэтикасы.
Көркем шығарма әлемі және жазушының көркемдік әлемі. Қазірі әдебиеттанудағы хронотоп ұғымы. М. М. Бахтин теориясы. Көркемдік уақыт-кеңістіктің әдебиеттегі қызметі. Шығарма композициясының поэтикасы. Әдеби шығармалардағы психологизм. Шығарма, цикл, фрагмент. Әдеби шығарманың құрамы.
18. Шығарма әлемі.
Шығарма әлемі және жазушы әлемі. Кейіпкер және құндылық бағыты. Автор және қаһарман. Көркем шығармаға автор қатысуының түрлері. Пейзаждың қызметі. Шығарманың заттық әлемі. Әдеби шығармадағы интерьердің қызметі.
19. Мәтін.
Филологиядағы мәтін ұғымы. Лингвистикадағы мәтін түсінігі. Қазіргі әдебиеттанудағы мәтін теориясы. Семиотика мен мәдениеттанудағы мәтін ұғымы. Постмодерндік концепциядағы мәтін. Р. Барт, Ж. Деррид еңбектеріндегі мәтіннің түсіндірілуі.
20. Әдеби дамудың заңдылықтары.
Әдебиет және фольклор. Әдебиеттің пайда болуы. Әдеби дамудың тарихи кезеңдері, мәдени-тарихи дәуірлері. Әдеби бірлесіп әрекет ету, дәстүрлер және жаңашылдық. Әдебиеттегі нақтылы-тарихи және салыстырмалы-типологиялықты үйрену. Мәдени-тарихи дәуірлер және ондағы көркемдік ойлаудың үстем болуы. Әдебиеттің даму кезеңдері.
21. Көркемдік әдіс.
Көркемдік әдісті шындықты бейнелеуші ретінде түсіну. Әдіс және стиль. Стильді әр түрлі пайымдау. Стиль және көркемдік машық.
22. Әдеби бағыт және ағым.
Ағым мен бағытта шындықты бейнелеудің әдісі, бағалау, талдау принциптері бойынша құру. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдебиеттегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
23. Пәндер тоғысындағы әдебиеттің мәселесі.
«Әлем әдебиеті» ұғымының мазмұны. Әдебиеттің түйіспелі-типологиялық байланысы. Адамгершілік мәселелері «Интегралды әдебиет». Әдебиеттің диффузиялық-конвергенттік қатпары. Типологиялық әдеби топтар. Қазіргі әдебиеттанудағы әдебиеттің тарихи дамуының мәселелері.
24. Қазіргі әдеби даму үрдісі.
Қазіргі замандағы әдебиеттің ролі. XXI ғасырдағы әдебиеттің бағыттары мен ағымдары. Көркем шығармалардың жанрлық құрамы. Көркем шығармалардың стил мен тілі.
25. Әдеби тектер.
Әдебиеттің тектік қасиеттерінің қалыптасу және даму тарихы, оның фольклорлық ғұрыптық негізі. Аристотель, Гегель, Белинский поэзияның тектері мен түрлері туралы. Тектер бейнелеудің түрлері мен әдістері ретінде. Эпос, лирика, драма. Әртектілік және туысаралық түрлері.
26. Тарихи даму жағдайындағы эпос.
Эпиканың пайда болу принциптері. Повесть, әңгіме, роман, эпопея, новелла, ертегі эпостың жанрлық түрлері ретінде. Болуы мүмкін синтетикалық түрлер: роман-эпопея, роман-мениппея, роман-поэма, роман-ертегі, роман-анекдот, дилогия, трилогия. Деректі түрлер – очерк, фельетон, памфлет, күнделік, хат, эссе.
27. Тарихи даму жағдайындағы лирика.
Прозадағы лирика. Өлең және лирика. Лирика және поэзия. Лирика тудырудың принциптері. Лирикалық қаһарман туралы ұғым. Лирика бастауындағы объективтік және субъективтік жайттар, Лирикалық «меннің» маңызы. Лирикалық жанрлар: ода, элегия, сатира, романс, жолдау, эпиграмма, ән. Лиро-эпостық жанрлар: мысал, поэма, баллада.
28. Драманың тарихи дамуы.
Драманың ерекшеліктері. Драммалық идея мен образдарды іске асыруда сахнаның және сахналық құралдардың маңызы. Конфликт – драманың қозғаушы серіппесі іспетті. Драманың жанрлары: трагедия, комедия, водевиль, мелодрама, фарс, трагикомедия.
29. Әдеби жанрлар.
Көркем шығармашылық тектердің жанр бойынша жіктелуі. Көркем шығармашылық жанрдың нақтылы-тарихи сипаты. Көркем жанр бүтін бітім және көркемдік тұрғыда іске асырудың құралы іспетті. Аралық тектік-жанрлық қалыптасуының бастауы.
30. Әдебиет түрлері.
Түр – жанрдың жеке, нақты көрінісі (отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, тарихи роман; әлеуметтік-тұрмыстық, саяси, философиялық драма). Көркем шығарманың жанрлық-түрлік өзіндік ерекшелігі.
31. Әдебиеттің қызмет етуі.
Герменевтика. Түсіну, интерпретация, ойлау. Герменевтика диалогтың бір бөлігі іспетті. Дәстүрлі емес герменевтика. Әдебиеттің қабылдауы. Автор және оқырман.
32. Рецептивті эстетика.
Шынайы оқырман. Әдебиетті тарихи-функционалды тұрғыдан үйрену. Әдеби сын. Көпшілік-бұқаралық оқырман. Әдеби иерархия және репутация. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиет. Беллетристика. Әдеби репутацияның тербелісі. Беймәлім және ұмытылған авторлар. Өнердің элитарлы және элитарлы емес концепциясы.
33. Өлең құрылысының негіздері.
Поэзия және өлең. Өлең құрастырудың принциптері. Өлең құрылысының жүйесі. Өлең құрылысының силлабо-тоникалық жүйесі. Өлең құрылысының силлабикалық жүйесі. Дольник. Өлең құрылысының тоникалық жүйесі. Орыс және қазақ өлең құрылысының салыстырмалы аспектілері. Еркін өлең – өлең құрылысы жүйесінің ерекше түрі.
34. Проза және поэзия.
Прозалық шығармаларының ерекшелігі. Проза құрыдымы. Поэзия табиғаты. Поэтикалық шығармаларының композициясы. Лирикалық және эпикалық кейіпкер. Поэзия мен прозадағы ырғақ категориясы.
35. Ырғақ және өлең.
Өлең ырғағының ерекшеліктері, ұлттық тілдің өзіндік шарттылығы. Өлең құрылысының ұлттық жүйемен байланысы, әдебиеттің тарихи дамуының шарттарымен өлең өлшемі, метрі. Стопа және икт. Әртүрлі стопты өлеңдер (еркін өлең). Рифма және оның әдістері. Өлеңнің дыбыстық жүйесі. Рифманың түрлері. Ақ өлең.
36. Әдеби шығарманы талдаудың принциптері.
Сипаттама және талдау. Әдебиеттанудағы интерпритация. Әдеби шығарма мәнмәтінінін оқып-үйрену. Әдеби мәнмәтіннің түрлері. Жазушы шығармашылығындағы мәнмәтін және шығарманы түйсінудегі мәнмәтін. Мәнмәтіннің көпқырлылығы. Шығарманы талдаудың имманентілігі.
37. Әдебиеттану және фольклористика.
Әдебиет және фольклор. Әдебиеттану мен фольклористиканың негізгі міндеттері мен мақсаттары. XX-XXI ғасырдағы әдебиеттану мен фольклористиканың даму тенденциялары. Мәдениет жүйесіндегі әдебиет және фольклор.
38. Семиотика және әдебиет.
Семиотиканың негізгі міндеттері. Бейне және таңба. Семиотика мен әдебиеттің байланыстары. Көркем шығарма таңбалық жүйе ретінде. Ғлыми бағыт ретіндегі семиотиканың мәні.
39. Әдебиет және риторика.
Риторика ғылым ретінде. Теориялық және тәжиребелік риторика. Шешендік өнердің ерекшелігі. Шешендік өнер және әдебиет. Жазушы және оратор. Поэтикалық риторика. Көркем шығарманың құрылымындағы риторикалық сөйлемдер.
40. Көркем шығармадағы цитата қызметі.
Цитата ұғымы. Цитата түрлері. Әдеби шығармадағы цитата қызметі. Цитата және аллюзия, цитата және реминисценция. Эпиграф және цитата. Көркем шығармадағы афоризмдер.
41. Көркемдік бейне.
Қазіргі әдебиеттанудағы көркемдік бейненің ұғымы. Көркемдік бейне эстетикалық категория ретінде. Көркемдік бейненін ерекшелігі. Көркемдік бейненін табиғаты.
42. Әдебиеттану мен фольклористикадағы мифологиялық мектебі.
Мифологиялық мектеп – әдебиеттану мен фольклористиканың бағыты. Мифологиялық мектептің философиялық негізі. Мифологиялық мектептің өкілдері. Қазіргі филология ғылымындағы неомифологиялық бағыты.
43. Әдебиеттанудағы мәдени-тарихи мектеп.
Мәдени-тарихи мектептің даму тарихы. И. Тэнның теориясы. Мәдени-тарихи мектептің негізгі идеялары мен тұжырымдары. Көркем шығармаларды генетикалық тұрғысынан зерттеу.
44. Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп.
Психологиялық мектептін даму алғы шарттары. Суретші, жазушы және көркем шығарма. Қаламгердің ішкі әлемін, сезімдерін әдеби шығармада сипаттау. Психологиялық мектептін өкілдері. А. Потебня мен Д.Н. Овсяннико-Куликовскийдің концепциясы.
45. Әдеби сын жанрлары.
Әдеби сын міндеттері. Әдеби сын шығармаларының мәні. Әдеби сыншы және жазушы. Әдеби сыншы және оқырман. Әдеби сын шығармаларының негізгі жанрлары.
46. Әдеби компаративистика.
Әдеби компаративистиканың міндеттері. Қазіргі компаративискадағы жаңа парадигмалар. Көркем шығармаларды салыстырмалы түрде зерттеу. Қазіргі әдеби компаративистиканың теориялық және тарихи поэтикасы. Салыстырмалы әдебиеттану мен салыстырмалы-тарихи әдебиеттану.
47. Әдебиеттің ұлттық сипаты.
Автордың санасы мен ой-пікірлері. Қаламгер шығармашылығы және ұлттық мәдениет. Ұлттық әдебиеттердің ерекшелігі және әлем әдеби үдерісінің заңдылықтары. Әдеби байланыстар. Көркем шығармаларды аудару мәселесі.
48. Әдеби шығармашылығының генезисі.
Әдеби шығармаларды генетикалық тұрғысынан талдау. Динамикалық поэтикасы. Жазушы шығармашылығына әсер ететін негізгі факторлар. Әдеби шығармашылығының генезисі туралы негізгі теорилар мен концепциялар. Әдеби даму кезеңдері.
49. Әдеби мектептер.
XIX-ХХ ғасырдағы негізгі әдеби мектептер.Әдеби мектептердің манифестері. Жазушы шығармашылығы және әдеби мектеп. Қазақстан мен Ресейдегі негізгі әдеби мектептер.
50. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік.
Көркем шығармадағы ұақыт пен кеңістік ролі. М. Бахтин теориясы. Хронотоп ұғымы. Ұақыт пен кеңістік және сюжет. Хронотоптың көркемдік қызметтері. Әдеби шығармадағы ұақыт пен кеңістік категорияларының ерекшелігі. Қазіргі әдебиеттанудағы хронотоп туралы концепциялар мен теориялар. Хронотоп және жанр, стиль мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |