1-деңгей сұрақтары 1. Жазудың түрлерін жазыңыз.
2. Қазақ жазуында қолданылған әліпби түрлерін жазыңыз.
3. Көне түркі жазу ескерткіштерін топтастырып жазыңыз.
4. Графика, орфография терминіне анықтама беріңіз.
5. М. Қашқари сөздігі туралы жазыңыз.
6. Ы. Алтынсарин туралы жазыңыз.
7. А. Байтұрсынов еңбектері туралы жазыңыз.
8. «Төте жазу» әліпбиіндегі әріптердің жазылуын анықтаңыз.
9. Қ. Жұбановтың әліпбиіндегі әріптердің жазылуын анықтаңыз.
10. Ғалым С.Аманжоловтың еңбектерін атап жазыңыз.
11. Ғалым Ә. Қайдар еңбектерін атап жазыңыз.
12. Ғалым Р.Сыздықтың еңбектерін тізімдеңіз.
13. Бұрынғы латыннегізді әліпбиі туралы сипаттаңыз.
14. Латын әліпбиі мен араб әліпбиінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
15. Орфографиялық сөздік туралы жазыңыз.
16. Латын әліпбиінің түрлері туралы жазыңыз.
17. Орфография ережелерi тарауларын топтастырып жазыңыз.
18. Орфографиядағы қиындықтарға мысал жазыңыз.
19. Латыннегізді жазу емлесі туралы жазыңыз.
20. Кирилл әріптерін емле бойынша жазыңыз.
2-деңгей сұрақтары 1. Жазудың шығуы мен даму тарихы туралы мысал келтіріңіз, тұжырым жазыңыз.
2. Қазақ тарихындағы әліпби түрлерін салыстырып, өз сөзіңізбен жазыңыз.
3. Көне түркі жазуы түрлері мен жазба мұралары туралы мысал келтіріңіз.
4.Қазақ орфографиясының морфологиялық-фонематикалық жəне фонетикалық, дəстүрлi ұстанымдарын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарды көрсетіңіз.
5.Қазақ жазуы тарихында М. Қашқари сөздігінің ерекшеліктерін жазыңыз.
6. Ы. Алтынсариннің жазба әдеби тілдің негізін қалаушы екенін тұжырымдап жазыңыз.
7. А. Байтұрсыновтың қазақ графикасының негізін қалаушы екеніне мысал келтіріңіз.
8. А. Байтұрсынов құрастырған «Төте жазу» әліпбиінің ерекшеліктерін жазыңыз.
9. Қ. Жұбановтың әліпби және жазу туралы еңбектерінің қазіргімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
10. Қазақ орфографиясы жөніндегі ойлары туралы ғалым С.Аманжоловтың еңбектерінен мысал келтіріңіз.
11. Ғалым Ә. Қайдар зерттеулері бойынша латын әліпбиі туралы ұстанымдарын қазіргі көзқарастармен салыстырыңыз.
12. Қазақ әліпбиі мен жазуының дамуына үлес қосқан ғалымдардың ғылыми ойлары туралы тұжырымдаңыз.
13.Қазақ тілінің латын негізді әліпбиінің тарихы мен маңызы туралы тұжырымдап жазыңыз.
14. Бұрынғы латын әліпбиінің тарихы мен ерекшелігі туралы өз сөзіңізбен тұжырымдап жазыңыз.
15. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, олардың қалыптасуы туралы тұжырымдап жазыңыз.
16. Қазіргі латыннегізді әліпбиі түрлерін салыстырыңыз, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
17. Қазақ орфографиясының негiзгi ережелерi туралы тұжырымдап жазыңыз.
18. Қазiргi қазақ орфографиясының қайшылықты мәселелерiне мысал келтіріңіз.
19. Қазіргі латыннегізді жазу емлесі туралы тұжырымдап жазыңыз.
20. Қазіргі жаңа жазу емлесіндегі кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің жазылу ерекшеліктерін тұжырымдап жазыңыз.