6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы 3-курс, 313-топ соөж орындаған



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі110,91 Kb.
#137130
  1   2
Байланысты:
Әкімбек Лашын ҚЖТ




6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы
3-курс, 313-топ

СОӨЖ

Орындаған: Әкімбек Лашын
Қабылдаған: Раева Гүлзат

Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туында тарихи категория . Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан.

Шылау түрлері

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қолданылуы

Септеулік шылаулар

Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық
мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды. Десек те, көне түркі тіліндегі септік жалғаулары бірінің орнына бірі қолданылған.Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз.Мысалы: Йағру қоңдуқта кісре аңығ білік анта өйүр ерміс – Жақын қонғаннан кейін жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі «қоңдуқта кісре» тіркесі жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады деген. а)Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа жалғауларға қарағанда тұрақты болып келеді.Мысалы:Түпітке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.
ә)Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс белгі қойылмаған. Мысалы: Йерғару йер Байырқу йеріне тегі сүледім – Солға қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.
б)Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай, ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.
в)Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін салыстырған кезде монғол тіліндегі ру/рү формалары қарай шылау мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай, уул уруу – тауға қарай болып келеді

Демеулiк шылаулар

Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен. Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шақаманова,Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты”. Орхон – Енисей жазбалар тiлiндегi демеулiктерге та/де, оқ/өк, ба/му, ғу/гү/күк, қына, түгүл тұлғалары жатады. Сонымен қатар та/де демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай жалғаулық шылау мағынасындағы «йеме» формасын да жатқызуға болады. Аталмыш тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: та/де – та/те, да/де; оқ/өк – ақ; ба/му – ма/ме, па/пе, ба/бе; ғү/гү/күк – қой/ғой; қына – қана/ғана; түгүл – түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық мағына үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет