6В07204– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы



бет11/22
Дата27.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#110932
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Бақылау сұрақтар:

  1. Жылу сақтағыш матаның қасиетті қандай?

  2. Ауа өткізгіштік матаның қасиеті?

  3. Жылу сіңіргіштің коэффициенті қандай?

  4. Әртүрлі маталардың ауа өткізгіштік пайыздарын атаңыз?

  5. Материалдың ауа өткізгіштік формуласы қандай?



Модульдік бірлік 8. Қолданылу мақсатына қарай арнайы киімдерге қойылатын талаптар
Дәріс жоспары:
1. Арнайы киімге қойылатын талаптар
2. Қорғаныс қасиеттері бойынша арнайы киімдердің топтамасы
3. Арнайы киімнің түрлері
4. Эксплуатация шарттарына байланысты арнайы киімнің әрбір түріне талаптар

Арнайы киім жұмысшылардың қорғанысында кеңінен қолданады. Ол келесідей талаптарды қанағаттандыру керек:


- қолданыс кезінде жұмысщылардың қалыпты функционалды қалпына және жұмыс істеуіне кедергі келтірму керек;
- жұмыс кезінде қауіпті өндірістік факторлардан сақтау керек;
- жалпы токсикалық және теріні тітіркендіретін әрекеттерді болдырмау керек;
- төзімді және эстетикалық талаптарға сай болу керек.
Өндірістік шарттарына және еңбек қауіпсіздігіне байланысты арнайы киімнің көптеген түрлері болады. Соладың негізіне: күртеше, шалбар, комбинезон, жартылай комбинезон, алжапқыш, плащ, қолғаптар, жилеттер, бахилдар, бас киімнің түрлері, иық қорғайтын, тізе қорғайтын және т.б жатады.
Бұл арнайы киімдер жеке дара немесе бір-бірімен байланысып қолданылуы мүмкін. МЕМСТ 12.4.015-76 «Еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі. Арнайы киім. Жіктелуі» талабына байланысты арнайы киім 15 топқа, 35 топшаға бөлінеді. Киімнің жіктелуі негізіне оның кәсіпорындағы іс-әрекет кезінде қауіпті факторлардан қорғау міндеттелген, кестеде арнайы киімнің жіктелуі және қорғау қасиетіне байланысты таңбалануы берілген.
Қорғаныс қасиеттері бойынша арнайы киімдердің топтамасы

Топтың шартты белгісі



Арнайы киімнің қорғаныс қасиеттері



Кіші топтың шартты белгісі

Арнайы киімнің кіші топтарының қорғаныс
қасиеттері

1

2

3

4

М

Механикалық зақымданудан қорғануға арналған

с

Дабыл, белгі

р

кіру және кесіп кету әрекетінен сақтайтын

и

қажалудан

З

Жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған

в

Климаттың жоғары температурасынан қорғайтын

Т

Жоғары және төмен температураларданқорғану үшін арналған

и

Жылу сәулеленуден

р



ұшқындардан, балқыған металдың шашырауынан,

о

темір қағынан қорғайтын ашық от жалынынан

н

төмен температурадан қорғайтын

Р

Радиоактивті заттардан қорғану үшін

з

Радиоактивті ластанудан қорғайтын

и

радиоактивті (ластанудан) сәулеленуден

И

Рентген сәулелерінен қорғану үшін арналған







З

Электр өрісінен қорғануға арналған

п

Эл.өрісінен

с

эл. зарядтарынан

м

магнит өрісінен

И

Улы емес заттардан қорғану үшін арналған

с

Асбест, шыны талшықтарының шаңынан қорғайтын

Я

Улы заттардан қорғану үшін арналған

ж

Сұйық улы заттардан

а

аэрозольдерден

т

қатты улы заттардан

В

Судан қорғану үшін арналған

н

Су өткізбейтін

у

суға төзімді

а

беткі-активті заттардың ерітінділерінен

К

Қышқылдардан қорғауға арналған

к

Концентрациясы 80 %-тен жоғары болатын
(күкірт қышқылы бойынша) қышқылдан

80

концентрациясы 50%-тен 0%-ке дейін болатын (күкірт қышқылы бойынша) қышқылдан

50

концентрациясы 20%-тен 0%-ке дейін қышқылдан (күкірт қышқылы бойынша)

60

концентрациясы 20%-к кейін қышқылдан
(күкірт қышқылы бойынша)

Щ

Сілтілерден қорғануға арналған

Р

Сілті ерітінділерінен



Қорғау қасиетіне байланысты таңбаланудың түсінігі белгілі-бір бұйымның нормативті-техникалық құжаттамасында қаралады. ГОСТ 10581-63 бойынша бұйым жууға және химиялық тазалауға төзімді краскалармен таңбаланады.осыған байланысты арнайы киімді қолданылуына қарай берілуіне мүмкіндік береді.
Бір уақытта бірнеше қауіпті факторлардан қорғайтын арнайы киімнің маркировкасы топ пен топшаның мағынасын білдіреді. Төменде арнайы киімнің кейбір түрлерінің маркировкасы мысалға келтірілген:

Арнайы киімнің түрлері

Қорғау қасиеттері бойынша таңбалану

Балқытылған металл шоқтардың шашырауынан қорғау үшін

Тр

Балқытылған металл шоқтардың шашырауынан, жылу сәулелерінен қорғау үшін

Тир

Төменгі температурадан және 20-50% дейін концентрациядағы қышқылдан қорғау үшін

ТнК50

Мұнайдан, механикалық зақымдалудан және төменгі температурадан қорғау үшін

НсМиТн

Мұнайдан, механикалық зақымдалудан және қансорғыш жәндіктерден қорғай үшін

НсМиБн

Эксплуатация шарттарына байланысты арнайы киімнің әрбір түріне талаптар қойылған:

  1. Механикалық зақымдарға байланысты киімге механикалық көрсеткіштері өте жақсы маталар қолданады. Бұндай киімдерге саржа, зығыр-лавсанды және т.б. маталар қолданылады.

  2. Жалпыөндірістік ластануға арналған киімге жоғарыда айтылғандай, бірақ мықтылғы төмен көрсеткіштегі маталар қолданылады.

  3. Жоғары температурадан қорғайтын киімнің сапасы мата мен құрамына байланысты болады. Мата жылудың әсеріне байланысты таңдалады.

  4. Төмен температурадан қорғайтын киімнің сапасы термиялық кедергіге және метеорологиялық жағдайдағы ауаөткізгіштікке, физикалық жұмыстың ауырлығына, суықта өткізетін уақыттың ұзақтығына байланысты болады. Төмен температурадан қорғайтын киім ЦНИИШП жасап шығарған методика бойынша жобаланады.

  5. Токсикалық емес заттардан қорғайтын киім астарына шаң тәрізді бөлшектердің кіруіне бөгет ететін құрамы тығыз матадан жасалады.

  6. Токсикалық заттардан қорғауға арналған киім пленкалы матадан жасалады. Қауыпті факторларға тікелей шалдығатын адам денесінің үстіңгі қабатына костюмдер, алжабапқыштар, халаттар, бахилдар, бас киімдер, қолғаптар және т.б.

  7. Судан қорғайтын киімнің қасиеті материалмен және құрылысымен, сондай-ақ факторлардың ықпал ету түрімен анықталады. Мысалы, судың қысқа уақытты ықпалына сукернеулі қасиеті бар мата қолданылады.

  8. Қышқылдан қорғайтын киімдер қасиеті матаның белсенді қасиетімен анықталады. Матаны таңдау ықпалын тигізетін фактордың құрамына байланысты болады.

  9. Мұнайдан, мұнай өнімдерінен, майдан, жанармайдан және органикалық ертіндісінен қорғайтын киімдер қолданатын матаның қорғаныштық қасиетімен анықталады.

  10. Реактивті заттардан қорғайтын киім адамның сыртқы ортадан толықтай оқшаулау және киім ішінде жасанда микроклиматы болуы керек. Бұл талаптарға сай келетін киімге оқшаулайтын кстюмдер мысал бола алады. Оқшаулайтын костюмдерде жылу дененің белгілі-бір аймақтарында орналасқан салқындатқыш экрандар арқылы шығарылуы мүмкін. Костюмастының температурасы және ылғалдылығы адамның оқшаулайтын костюмінде жүруінің ұзақтығына және атқаратын жұмысына әсер етеді.

Арнайы киімнің сапасын бағалау қорғайтын қасиетіне негізделеді. ГОСТ 12.4.016-75 «Еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі. Арнайы киім» Сапа көрсеткішінің номенклатурасы бойынша сапасының көрсеткіштері арнайы киімнің бағытталуына байланысты жеке түрлерге міндетті және барлық түрге міндетті болып бөлінеді. Арнайы киімнің барлық түрлеріне міндетті сапасының көрсеткіштеріне келесілер жатады:

    • Матаның сапасының бағытталуы;

    • Тігістің үзілу салмағы;

    • Еңбек шартына байланысты құрылысына сай келуі;

    • Антропологиялық өлшемдерге құрылысының сай келуі;

    • Бұйымның массасы;

    • Үздіксіз әрекеттің уақыты;

    • Тігістің беріктігі;

    • Көркемдік-эстетикалық көрсеткіштері;

    • Жууға және химиялық тазалауға төзімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет