Іскерлік сұхбат – басқарушылық қызметтің негізгі және маңызды элементі. Іскерлік сұхбаттың көптеген мақсаттары бар: іскерлік әріптестік қатынастарды немесе жеке өзара қарым- қатынасты орнату және дамыту, ақпарат алмасу, өзекті мәселелерді шешу және оларды шешудің конструктивті тәсілдерін әзірлеу, адамдарды іскерлік белсенділікке, өнімді еңбекке ынталандыру, жедел, іскерлік ақпараттарды алу, келіспеушілік жағдайларды шешу, ұжымдағы психологиялық климатты жақсарту т.б.
Іскерлік келіссөздер - екі тараптың да сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келуге арналған адамдардың арасындағы өзара байланыс құралы.
Іскерлік мәжіліс басшының қызметінің ең жауапты түрлерінің бірі және бүкіл ұжымның жұмыс режимін ұйымдастыруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ол нақты тапсырмаларды орындаушыға едәуір жедел жеткізу, тиімді түрде тәжірибе және пікір алмасу үшін, сондай-ақ шешім қабылдау үрдісін тездету және олардың негізделу деңгейін жоғарылату үшін қажет.
Кәсіпкерлік этика –кәсіпкердің мінез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.
Кәсіпкерліктегі этикалық нормалары мемлекеттің және қоғамның, нақты тұтынушылардың, нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын,азаматтардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің белгілерінің жиынтығын білдіреді.
Кәсіпкерлік этиканы реттеу жүйесінің төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Этикалық қағидалар;
Кәсіпорын кызметкерлерінің іс-әрекетін реттейтін нормативтік актілер;
Кәсіпорынның еңбек ұжымы;
Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке мотивтері.
Іскерлік этикет мінез-құлық іс-әрекет нормаларының кешені ретінде:
Адамдардың араласуы кезінде өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін іс-әрекет ережелерін қалыптастырады;
Даулы жағдайлар мен қарама- қайшылықты сәттерде дұрыс шешімін табуға ұмтылыды;
Фирманың және кәсіпкердің имиджін қалыптастырады.
Кәсіпкерлік мәдениеті кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мәдениет– адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Мәдениет – бұл ұйымның барлық мүшелеріне ортақ базалық құндылықтар, сенімдер (убеждение), жария емес келісімдер және ережелер жиынтығы.
Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі (қоғамдағы) қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершлік ережелеріне негізделеді.
Қайталауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкердің этикалық кодексін ашып көрсетіңіздер.
Іскерлік этикеттің негізгі шарттары мен талаптары қандай?
Жағымды, дұрыс, оң имидж қалыптастырған адамдардың ісқимылдық сипаттары қандай?
Кәсіпкерлік қызмет мәдениеті дегеніміз не?
Кәсіпкерлік имиджін сипаттап беріңіздер.
Корпоративтік мәдениет түсінігі мен түрлеріне сипаттама айтыңыздар.
Кәсіпқой моралды нормаларды сипаттаңыздар.
Дейл Карнеги ережелерін анықтаңыздар.
«Телефонмен сөйлесу мәдениеті» түсінігін қалай түсінесіздер.
Іскерлік келісімшарттар ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?
Іскерлік хат алмасу ережелерінің нормалары қандай?
Іскерлік кездесулерде қандай сыйлықтарды сыйлауға және қандай сыйлықтарды сыйға тартуға болмайды?