№7 (3157) 4 наурыз 2016 жыл Қазақстан республикасы ұлттық Ұланының газеті



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата28.02.2017
өлшемі7,13 Mb.
#5076
1   2   3   4

Беседовал майор Ерболат СУЛТАНОВ,

г. Атырау

Традициям верны



Ұрлық – қылмыс. Ал оның ішінде адам 

жанын қиятын суық қару – мылтық ұрлан-

са  ше?!  Бұл  әрине  мемлекеттік  дәрежедегі 

қауіп.  Өткенде  Павлодар  қаласында  осын-

дай дүбірлі оқиға тіркелді. 

Анығырақ тарқатсақ, қаңтар айында қала-

лық полиция басқармасына «Жылым секьюри-

ти» ЖШС-нің күзет бастығының қызмет бөл-

месіндегі  қару  сақтайтын  сейфтің  бұзылып, 

тоналғаны  жайлы  жедел  ақпар  келіп  түседі. 

Жоғалған  қару  да  қомақты,  2  «Сайга»  мыл-

тығы, 3 травматикалық «Оса» тапаншасы, сон-

дай-ақ 1 «Байкал» мылтығының қолды болға-

ны  белгілі  болады.  «Әуп»  деген  атанға  күш» 

демекші,  із  кесу  қызметіне  сын  түскен  сәт. 

«Енді не істеу керек, қаруды қайдан іздейміз» 

деп полиция қызметкерлері әрлі-берлі сарсаңға 

да түсті.

Бірақ  тығырықтан  шығар  жол  бар  екен. 

Білікті  із  кесушілердің  ұсынысымен  оқиға 

орнына  иісшіл  ит  жұмылдырылады.  Көп  ұза-

май  ұрлық  затты  табуға  жеткен  5512  әскери 

бөлімінің  кинология  қызметінің  аға  мама-

ны  аға  сержант  Серік  Тілепалдин  Ақтөс  де-

ген итімен іске кірісіп кетеді. Ақтөс те алғыр 

саққұлақтың бірі екен, өзінен не қажет етіліп 

тұрғанын ұқтыма, әлде иесін ұятқа қалдырмай-

ын деп шешті ме, ол жағы әрине белгісіз, терезе 

алдынан аяқ іздерін тауып, сол ізді ұзатып жү-

гіре жөнелді. Иісшіл ит кәсіпорын аумағынан 

шығып,  2  шақырым  қашықтықтай  жүгіртіп, 

күре жолдың бойына әкеледі. Сол арадан бел-

гісіз көліктің ізі анық көрініп тұрды...

Мұнан соң иісшіл ит ғимарат ішіне қайтып 

оралып,  күзет  постына,  жұмыс  цехіне,  одан 

2-ші қабатқа көтеріліп, күзет бастығының ка-

бинетіне әкелді. Енді қиюын таппай тұрған ал-

горитм өз-өзінен шешілгендей болды. Ұрлыққа 

осы поста тұрған күзетшінің қатысқаны, қару-

ды  жол  бойында  тұрған  көлікке  жеткізіп  са-

лып бергені айдан анық. Осындай тұғырымға 

келген  полиция  қызметкерлері  күзетшілерді 

тергеуге алып еді, күдікті де алдына қойылған 

дәлелдерден  тырп  ете  алмай,  шындықты  ай-

тып сайрай жөнелді. Күдікті де «заманың түл-

кі  болса,  тазы  боп  қудың»  желеуімен  жүрген 

ұры-қараның  нағыз  «сүлейі»  болып  шықты. 

Оқиға  да  тұп-тура  жоғарыдағыдай  өрбіген 

екен. Сол күні ұрлық жасаған кәсіпорын күзет-

шісі  туысқанының  көлігіне  салған  қаруларды 

кейін  «қара  базарға»  шығарып  пұлдап,  азын-

ау лақ пайдаға кенелмекші болған көрінеді. 

«Ұрлық,  ұрлықтың  соңы  қорлық»  де-

ген  осы.  Енді  ұйыққа  батқан  ұрыны  тағдыр 

маңдайынан сипайын деп отырған жоқ. Бірер 

жылын темір тордың арғы жағындағы қапаста 

өткізеді.

Ер  жігіт  үшін  төгілген  тердің  өтемі  оған 

көрсетілер құрмет десек, тиісті марапаттардың 

өз иелерін табар күні де алыс емес.



Ефрейтор С.АХМЕТОВ,

5512 әскери бөлімі

АҚТӨСТІҢ АЛҒЫРЛЫҒЫ АЙТУҒА ТҰРАРЛЫҚ



Воинская часть 5546, сформированная приказом МВД СССР на базе Атырауского 

отдельного специального моторизованного батальона 25 февраля 1991 года, отпразд­

новала 25­летний юбилей. О том, какие боевые задачи поставлены перед частью в ны­

нешних условиях и что наиболее значимое за эти четверть века произошло, рассказал 

командир полка подполковник Бекайдар Куртыбаев.

ИНТЕРВЬЮ С КОМАНДИРОМ

4

4.03.2016

АРУЛАР, АСЫЛ ЖАНДАР!

Қазақтың қайсар қыздары­ай! 

Екі бұрымы желкілдеп, қысылта­

яң  сәтте  ерлеріне  сүйеу  болған, 

елінің ұрпағын жалғап, ошағының 

отын  өшірмеген  тегі  асыл  ана­

ларым!  Қажет  болса  қолға  қару 

алып,  жаумен  жата­жастана 

соғысқан  батыр  бұрымдыларым! 

Кей  замандары  ерлеріміз  еңсесін 

көтере  алмай  жатқанда  намыс 

отын  жанып,  алмас  қылыштай 

жарқылдаған  танакөз  сұлулары­

мыздың  көп  болғанына  бұралаң 

тарих жолы куә. Қазақ қызы иба­

лы әрі өр келеді. Олардың бойын­

дағы  қайсарлық,  алғырлық  пен 

тектілік қасиет әлемде бірде­бір 

халықтың бойжеткені тел дары­

маған шығар. Олар біздің мақта­

нышымыз.

Қазіргі  таңда  ерлермен  бір-

ге  ел  қорғау  қызметінде  қаншама 

нәзік жанды ана, әпке, қарындаста-

рымыз  жүр.  Олардың  жүгі  жеңіл 

жантақ  емес.  Ер  атқарар  жүктің 

бірі тұтқасын ұстап, ел амандығы-

ның,  берекелі  тыныштығымыздың 

тілекшісіне айналған. Бүгінгі мақа-

ламыздың  бас  кейіпкерлері  нәзік 

жанды, нұрлы дидарлы, ару мінезді 

әскери  қызметкерлеріміз.  Олар  – 

ер  азаматтармен  бірге  иық  тіресе 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

ұланы  «Оңтүстік»  өңірлік  қолбас-

шылығында қызмет атқарады.



КАДРДАН БИІК КҮН ҒАНА

Өткен  жылды  ой  елегінен  өт-

кізіп отырып, мына бір жайт есіме 

түсті.  Атырау  атырабындағы  күн-

дердің  бірі,  күнделікті  қытымыр 

тірліктен бөлек тексеруші комиссия 

келіп,  қызметтік  құжаттарымды 

тексеруде. Ротадағы жалғыз офицер 

қайда «бөлінетімді» білмей? ал-дал 

болып отырмын. Бір тау болып үй-

ілген  қағаздарымның  жанындағы 

тексеруші офицер «кенедей» жабы-

сып,  «мынаны  көрсет,  анау  қайда, 

мынау қайда?», – деп шыдас берер 

емес. Осы сәтте ұялы телефонным 

шырылдап:  «Сәлеметсіз  бе,  Сізді 

мазалап тұрған кадр бөлімінің офи-

цері  капитан  Балғынбекова.  Сіздің 

құжаттарыңызды сұрату үшін әске-

ри бөліміңіздің мекен-жайын білей-

ік  дегенбіз»,  –  дейтін  әсем  дауыс 

телефон тұтқасының арғы жағынан 

естілді.  Сол  сәтте  иықтағы  жүк 

түскендей  болды.  Көптен  күткен 

сүйінші  хабарым  осы  еді,  бойыма 

қуат,  ойыма  шуақ  ұялады.  Қиын-

шылықтар  ескерілмей,  еңсерілді. 

Қара  түнек  бұлттың  шеті  сетінеп, 

күн көзі көрінгендей болды. Әсілі, 

әскерилер  арасында  «кадрдан  биік 

күн  ғана»  дейтін  әзіл-шыны  ара-

ласқан  сөз  бар.  Кадр  бөлімінің 

офицері  капитан  Лаура  Балғын-

бекованың  дауысы  да  сол  күннің 

сәулесі  іспетті  жаныма  шуақ  сый-

лады.  Алматыға  келіп,  «Оңтүстік» 

өңірлік  қолбасшылығына  аяғымды 

басқан кезде де ол алғашқылардың 

бірі болып ашық қабағымен қарсы 

алды.  Басқармадағы  жанына  нұр 

силап, иба-әдебімен көпке өнеге бо-

лып жүрген жанның бірі осы Лаура. 

Қызметіне  берік,  білігі  бекем  жан. 

Жалпы  басқарманың  бұрымдыла-

рымен таныстығым осылай бастал-

ды.


ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ 

ТОМИРИСТЕРІ

Отан  отбасы  десек,  онда  отба-

сында  ең  бірінші  кезекте  әкелік, 

яғни  ер  тәрбиесі  тұратыны  сөзсіз. 

Әсіресе, Отан алдындағы борышын 

өтеуге келгендер үшін. Негізі әске-

ри  сала  мықты  қол  тәрбиені  қа-

лайды.  Десек  те,  көзінің  ұғуымен, 

сөзінің  жылуымен  жауынгердің 

жүрегіне  жол  табатын  нәзік  жан-

дыларсыз  тәрбие  бөлімін  елестету 

мүмкін  емес.  «Оңтүстік»  өңір-

лік  қолбасшылығы  тәрбие  және 

әлеуметтік-құқықтық 

жұмыстар 

жөніндегі  басқармада  орны  бір 

төбе  екі  азаматша  қызмет  атқара-

ды.  Бірі  –  майор  Альмира  Құрма-

налиева  болса,  екіншісі  –  капитан 

Данара  Баймағанбетова.  Екеуі  де 

аса  маңызды  һәм  күрделі  саланың 

тізгінін  ұстаған  жандар.  Альмира 

Бірлікқызы Карнегиді ұстазым деп 

санаған, адам жанының сәулетшісі 

–  әскери  психолог.  Алдына  келген 

жанның  мұның  мұндап,  жағдайын 

түсінудің тісқаққан шебері. Сөзінің 

жылуымен  рухани  қалжыраған 

жандарға  қолдау  көрсетеді.  Мұ-

нымен  қоса,  адамды  өзіне  жақын 

тартудағы  ерекше  харизма  иесі. 

Бір  басына  әсемдік  пен  ақылды 

үйлестіре  білген  жан.  Ал  Дана-

ра  Тәңірбергенқызы  болса,  Ана 

тіліміздің  мұның  мұңдап,  жоғын 

жоқтайтын жанашыры - мемлекет-

тік  тілді  енгізу  бойынша  офицер. 

Мемлекеттік  тілдің  ақсаған  тұсын 

байқаса болғаны, соны дереу қолға 

алады. Сондай-ақ, ресми тілден ау-

дарудың  қас  шебері.  Аударманың 

түсініктігімен қоса, сөз иірімі жіпке 

тізген  маржандай  үйлесім  табады. 

Мемлекеттік  тілдің  әдебиетіне  те-

рең  бойлаған  әмбебап  маман.  Тәр-

бие  басқармасының  қос  Томири-

сімен жолықтырған тағдырыма дән 

ризамын. Өйткені олар өз ісінің ше-

бері бола тұра, аяулы ана, ұлағатты 

ұстаз,  рухани  байлығы  толыққан 

ішкі дүниесі бай әріптестерім.

ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ 

ҚЫРМЫЗЫ ГҮЛДЕРІ

Аталмыш  бөлімнің  жұмысына 

оның ішнде нәтижесіне назарымыз-

ды  жиі  аударатынымызға  күмән 

жоқ.  Алыс-берісің,  есеп-қиса-

бың  түзу  болуы  үшін  біліктілігің 

біліміңе  сай  болуы  тиіс.  Әсіресе, 

қаржы  мәселесіне  келгенде  қы-

рағылық аса қажет. Қаржы бөлімін-

де қызмет атқаратын қырмызы гүл-

дер – капитандар: Ғалия Мәметова, 

Галина Мун өз ісінің шебері. Оны-

сы дұрыс-ақ, себебі қаржы бөлінің 

сауатты  жұмысына  талай  әскери 

қызметшілердің  және  олардың  от-

басыларының  жағдайы  байланыс-

ты.  Осындай  нар  көтерер  жүкті 

нәзік  иықтарында  арқалап  жүрген 

мамандарға деген жұрттың алғысы 

шексіз.  Өздері  де  осы  биік  меже-

ден  түспеуге  тырысады.  Қандай 

сұрақпен  болсын  алдарына  барсаң 

болғаны,  ашық  жарқын  қабағымен 

көкейкесті сауалына тұшымды жа-

уап беруге дайын. Осындай игі мі-

незімен  ұжымды  қаржылай  байы-

тып  қана  қоймай  рухани  байытуға 

тырысады. Шығыс шайырларының 

жыр  жолында  айтылғандай  «өзін 

жақсыға  өзгерткен  адамдар,  айна-

ласын да жақсы қылып өзгертеді». 

Ал,  ауызбіршілігі  тоңның  ішкі  ба-

уындай  жарасқан,  өздерін  жақсы 

жаққа тәрбиелеген қаржы бөлімінің 

қырмызы  гүлдері  де  қалған  бөлім-

дерге де үлгі болары анық.



ҚЫЗМЕТІ – «ҚҰПИЯ», 

ӘСЕМДІГІ – «ҚҰПИЯ ЕМЕС» 

БӨЛІМШЕ

«Оңтүстік»  өңірлік  қолбас-

шылығының  құпия  бөлімшесі  нар 

көтерер  жүкті  арқалайтыны  жасы-

рын  емес.  Құжаттардың  түр-түрі 

күнделікті  құпия  бөлімшесі  қыз-

меткерлерінің қолынан өтеді. Және 

құжаттың  дұрыс  толтырылуы, 

қатесіз  сауатты  жазылуы  секілді 

міндеттер бөлімнің күн тәртібінде. 

Бұған  қоса,  құжаттағы  ақпараттың 

мазмұны  мемлекеттік  және  әскери 

құпияны  сақтауы  мүмкін,  кейде 

олай  болмауы  да  ғажап  емес.  Осы 

мәселеге  келгенде  бөлім  қызмет-

керлері  қара  қылды  қақ  жарып, 

ақ-қарасын  ажыратуы  тиіс.  Сон-

дай-ақ,  құжаттың  уақытылы  келіп, 

жөнелтуі  қызметкерлердің  жауап-

кершілігінде.  Осы  іспетті  міндетті 

өздерінің  қызметі  санайтын  құпия 

бөлімшесі  түгел  дерлік  нәзік  жан-

дылардан  құралған.  Өйткені,  қы-

рағылықты және төзімділікті талап 

ететін салада олардан асқан маман-

дар  тапшы.  Бағы  басым  бұрымды-

лар  кім  десеңіздер?  Олар  –  құпия 

бөлімшесінің  бастығы  прапорщик 

Бахира  Әділбекова,  аға  мамандар: 

сержант  Ләззат  Халелова,  сержант 

Самал  Аманшалова,  кіші  сержант 

Ардақ Аташева, кіші Жазира Мол-

дашева.  Міне,  ажары  ақылына  сай 

құрама құжаттарымыздың сапасын 

тексеруде.  Әбу  Насыр  Әл-Фараби 

бабамыз айтқан  «қайырымды қала 

тұрғындары»  жайындағы  ойлары 

құпия  бөлімшесіне  кіргенде  есіме 

түсетіні  анық.  Өйткені,  сонда  ай-

тылған  кішіпейілдік,  ақжарқын-

дықтың  аурасы  анқып  тұрады. 

Өйтпесе, машақаты көп құжат жұ-

мысының  шаруасы  өрге  дөңгеле-

месі даусыз. Бұрымдылардың өзара 

сыпайылығы  мен  алдына  барған 

қызметкерлерге деген сыйы арқылы 

қолбасшылықта құжатқа байланыс-

ты мәселелер жоқтың қасы.



P.S.

Бірде Ер Бәукең, Бауыржан Мо-

мышұлы  журналистердің  біреуіне 

«Журналисте сезгіш журек, көргіш 

көз болуы тиіс»,- деп айтқан бола-

тын.  Расында  да,  айналамыздағы 

әсемдікті көргіш көз, сезгіш жүрек 

арқылы  байқамасақ,  өмірімізде 

нұрлы  сәттер  аз  болар  еді.  Жер 

Ана  мен  Әйел  Ана  мерекесі  қатар 

келетін  көктемнің  шуақты  күн-

дері қарсаңында қолбасшылықтың 

нұрлы  дидарлы  жандарына  бүгінгі 

мақаламызды арнауды жөн көрдік. 

Олар  ерлермен  қатар  Отанымыз-

дың  тыныштығын  қамтамасыз 

етіп,  әлемнің  қауіпсіз  болуына 

үлесін  қосуда.  «Сұлулық  әлемді 

құтқарады»  деген  осы  болар.  Жа-

нымызда  жүрген  жақсылардың 

қадірін  тек  мереке  емес  күнде 

ұғынсақ  та  артық  болмас.  8-нау-

рыз Халықаралық Әйелдер күні ме-

рекесі құтты болсын. Бастарынан 

бақыт,  қолдарынан  қуат,  шаңы-

рақтарыңыздан шуақ кетпесін!

Аға лейтенант Дарын СЕЙТОВ,

Алматы қаласы

СҰЛУЛЫҚ ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ



Күллі адамзат атауының анасы Хауа Ана деседі. Бұл 

аңыз  айтылғалы  сан  мың  уақытқа  жалғасып,  талай 

дәуірлер таудан асты. Осы ғасырлар төңірегінде қауы­

зын жарған гүлдей қаншама адамнан адам жаралғанын 

нақты айту мүмкін емес­ау.

Төрткүл әлемде «адам» деген жаратылыс өмір кешіп жүр...

Халық басын бұлт торлағанда, елі үшін атқа қонған батырлар, 

дүниенің беймәлім сауалдарына жауап тапқан ғалымдар, сөз мар-

жанын терген жазушылар мен ақындар, үш түйеге тең салмақты 

ауырлық етпейтін алыптар бір ғана жаратылыс арқылы дүниеге 

келді. Ол – Әйел-Ана.

Иә, жұдырықтай жүрекке өмір сыйлап, ақ Әлемнің сұлулығын 

көрсеткен – Ана. Ол – адам бойына жылулық пен мейірімді дары-

та алатын бірден бір жан... Жалғанның ақ пен қарасын айырып, 

өмірдің ызғары мен суығына төтеп беруде жанына медет болар 

дәруіш.


Француз жазушысы Онаре де Бальзак «Ана мен бала арасын 

көзге  көрінбейтін  тылсым  сырлы  жіп  жалғап  тұрады»,  –  дейді. 

Ақиқаты сол, бұл өзге адамдар арасында қайталанбайтын сиқыр, 

тылсым күш. Әсте, бұл жіп жалғанбаған жан жоқ шығар...

Шығармашылық жолында әйелдер образының түрлі бейнесін 

жасап жүрген жазушы Дулат Исабеков: «Бүкіл әлемнің ғалымда-

ры  күндердің  күнінде  жиналатын  болса,  галактиканың  сырын 

ашуы мүмкін. Ал, сол ғалымдар жиналып, қарапайым нәрсе сана-

латын бір Ананың жан-дүниесін ашып бере алмайды. Сондықтан 

біздің жасап жүргеніміз – әйел затының жан-дүниесін ашуға жа-

салып жатқан «барлау» ғана», – дейді.

Расымен, Әйел - Ананың жаны мың сан қалтарыстардан тұра-

тын бұралаң. Бұл менің өмір жолында көзім жеткен үлкен «шын-

дығым».  Бір  сәтке  сабылысқан  адамдарды,  зымыраған  ұшқыр 

уақытты тоқтатып, айналаға көз салсаңыз... Бақта мұңайып отыр-

ған  бойжеткеннің  наласына,  анау  шетте  бір  ғажап  құбылысқа 

қасқайып, миығынан күліп тұрған азаматтың ойына, көшеде асыр 

салып, асық ойнап жүрген баланың қуанышына «Ана» басқаша 

көзқараспен  қарайды.  Мүлдем  бөлек,  дана  жанармен...  Ойыма 

«Құдайдан кейінгі құдірет иесі – «АНА» деген жолдар орала бе-

реді.

«Жұмақтың кілті – ананың табанында». Анаңның қадірін біл, 



анадан жаралған Адамзат!

Сержант Эльмира ШОЛТЫҚОВА,

Курчатов қаласы

Қадірін біл, Ананың, 

АНАДАН туған адамзат!

ӘЙЕЛДЕР-АЙ!      

Мұқағали

                   



Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай, қандайсың?!

Әйелдер-ай!

Әйәйлар-ай, қулар-ай,

Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.

Әйелдер-ай!

Әйәйлар-ай, қулар-ай!

Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!..

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді...

5

4.03.2016

ШУАҚ БОП ШАШЫЛҒАНДАР!

Женщины  в  погонах,  несомненно,  дос­

тойны  восхищения.  Ведь  только  им  уда­

ется сочетать в себе нежность, ласку, за­

боту и необходимые для воинской службы 

твердость  характера,  стойкость  и  сме­

лость – то есть качества, которые харак­

теризуют природу мужчин.

В  канун  женского  праздника  мы  про-

вели  небольшой  блиц-опрос  среди  коллег 

женщин-военнослужащих,  чтобы  выяснить 

почему они выбрали военный путь и как, по 

их мнению, можно достичь гармонии между 

нелегкой  службой  и  семьей.  В  рамках  ин-

тервьюирования был задан дополнительный 

вопрос о том, чувствует ли женщина некий 

дискомфорт,  работая  в  военной  сфере,  где 

царят «мужские отношения» и традиции?

Начальник  клуба  воинской  части 

5517  капитан  Салтанат  Есмуханова                          

(г. Уральск):

-  Выбор  профессии  военного  сложился 

под влиянием старшего брата, который с дет-

ства для меня является примером мужества 

и  добропорядочности.  Всю  свою  жизнь  он 

посвятил военной карьере, он был для меня 

воплощением силы и благородства. Именно 

поэтому,  когда  пришла  пора  определиться 

с  будущей 

професси-

ей,  я  реши-

ла пойти по 

его стопам.

На  про-


т я ж е н и и 

д о л г о г о 

времени  в 

коллективе 

меня  окру-

жают одни мужчины. И, конечно, я настоль-

ко привыкла к обстановке, где все «по-муж-

ски», что уже просто перестала испытывать 

какой-либо  дискомфорт  или  стеснение.  На-

против,  мужчины  нашего  полка  уважают 

меня,  в  некоторой  степени  даже  оберегают 

и  всячески  поддерживают.  Благодаря  им  я 

ощущаю  свой  особый  статус  –  статус  жен-

щины.


Любая работа по-своему нелегка. Неваж-

но  кто  ты  –  женщина-врач,  женщина-учи-

тель,  женщина-военнослужащая.  В  первую 

очередь,  ты  всегда  остаешься  женщиной. 

Наверное,  поэтому  мы  можем  успешно  ба-

лансировать между службой и семьей, успе-

вая  поддерживать  уют  в  доме,  воспитывать 

детей, помогать мужу.



Ответственный  исполнитель  воин-

ской части 6656 сержант Алмагуль Нета-

лиева (г. Актау):

-  Я  с  детства  знала,  что  стану  военной. 

Думаю,  каждый,  кто  служит,  знает,  что  во-

енный – это приз-

вание,  любимое 

дело.  В  против-

ном случае ничего 

не получится.

Не  важно  кто 

ты,  важно  то,  что 

все  мы  –  и  муж-

чины, и женщины 

делаем  одно  об-

щее дело. Несмот-

ря  на  то,  что  нам 

часто говорят, что в этой профессии женщин 

нет,  а  есть  военнослужащие,  мы  все  равно 

чувствуем  особое  отношение  мужчин,  мы 

знаем, что они нас ценят, и самые тяжелые 

участки службы ложатся именно на их пле-

чи.

Старший санитарный инструктор во-

инской  части  6656  ефрейтор  Гульмира 

Арыстанова (г. Актау): 

–  Мой  выбор 

профессии  связан 

с  далекой  детской 

мечтой  –  носить 

красивую,  и  в  то 

же  время  строгую 

форму.  Тогда  я  ви-

дела  в  этом  некую 

романтику. Но даже 

став  взрослой,  я  не 

поменяла  решение 

и привела свою мечту в действие.

Мы  привыкли  служить  в  мужском  кол-

лективе.  Наши  мужчины  отличаются  от 

гражданских  –  они  галантные,  всегда  от-

кроют дверь, подадут одежду, скажут комп-

лимент.  Но,  чтобы  тебя  воспринимали  как 

равного профессионала, нужно очень поста-

раться, работать так же, как они, а может и 

лучше.

Совмещать  службу  и  семью  –  сложно. 



Но это возможно, если рядом есть человек, 

который  с  пониманием  относится  к  твоей 

работе, помогает вести домашнее хозяйство 

и  принимает  равное  участие  в  воспитании 

детей.

Пресс-служба РгК «Батыс»

МУНДИР КРАСАВИЦЕ К ЛИЦУ



Қазақтың  қызы.  Осы  әсем 

атауға бүкіл дүниенің ғажабы 

толып  тұрғандай  елес  береді 

әркез маған. Әсемдік дейсіз бе, 

өрлік дейсіз бе, ерлік дейсіз бе, 

даналық  дейсіз  бе,  бәрі,  бәрі 

осының  ішінде.  Я  құдірет, 

қазақтың  ғасырларға  ғасыр 

қосып,  тамырын  кеңге  жай­

ып, өрісі кең, алған белесі мол 

еңселі ел атануы да асыл деген 

сөзден де үстем аналарымыз­

дан  дарып,  демеген  қасиеті 

емей  немене.  Қазақ  болу,  қа­

зақ аналарының перзенті болу 

қандай  ғажап.  Қазақ  қызы 

жайлы  тағылымды  бір  сәт­

тік мақалаға сыйдыру мүмкін 

емес. Олар жайлы жазылған, 

жазылар  дастандар  да  бір 

сәтке толасын берсе, қанеки, 

тоқтамайды да.

Қазақтың  қызы  жау  жағадан 

алғанда ерге сүйеніш, қиналғанда 

медет, ауырғанда шипа болды. Ер 

көтерген  жүкті  бөлісіп  тең  арқа-

лады. Анау Тұмар, Домалақ, Қы-

зай, Қарашаш аналарымыздың бір 

әулетке емес, қалың қазаққа ұран 

болғаны  айдан  түскен  сәуледей 

шынайы шындық. Адалдық менің 

нақ атым деген қазақ қыздары қай 

кезде де өрлікпен қадам басты, қа-

жет болса қамал алып, жау төбесі-

не ойран салды. Азияны жағалай 

қонған  алаш  жұртынан  бір  емес 

Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды ана-

ларымыздың  айбарлы  батыр  ата-

нуы да сол қазақ қызына тән өжет-

тіктің  белгісі.  Сол  өжет  мінез, 

ерлік  дәстүр  бүгінде  ел  деп,  жер 

деп Отан қорғау қызметінде жүр-

ген  әйел  азаматшаларымыздың 

бойында  сабақтасып  өрбігендей. 

Оған өзіміз әскер қатарында жүр-

ген соң көзіміз де жетіп жүр. Бү-

гінгі  айтылар  қысқаша  әңгіменің 

түйіні солар жайлы болмақ.

Алғашқы  кейіпкеріміз  Эра 

Мұхаметжанқызы  әйел  тұрмақ 

тас  бұзар  ерлердің  өзіне  арман 

болған,  әрі  көптің  қолына,  кез 

келгеннің  иығына  қона  бермес 

«полковник» деген жуан жұлдыз-

ды  әскери  шенге,  погон  таққан 

жан  үшін  баққа  баланар  сол  үл-

кен  дәрежеге  қол  жеткізген  жан. 

Шынтуайтында,  мұндай  асуды 

алған қазақ қыздары да аз. Яғни, 

полковник  дәрежесіне  жеткен 

дегенім  ғой.  Тек  мұндай  мүмкін-

дікке қара көз қарындастарымыз-

дың ел тәуелсіздік алғаннан кейін 

қол  жеткізе  бастағанын  айрықша 

атап  өткеніміз  жөн.  Білуімізше, 

тәуелсіз еліміздің әскер тарихын-

да  нәзікжанды  полковниктердің 

ұзынсаны  жүздің  үстінде.  Эра 

Мұхаметжанқызының  солардың 

қатарында табылуына әрине жеке 

басының  қарым-қабілеті,  іскер-

лігі,  жауапкершілік  жүгін  терең 

сезіне  білген  қағылездігі  себеп 

болғаны сөзсіз.

«Алма алма ағашынан алысқа 

ұзамайды»  деген  сөз  бар.  Үлкен 

тағылымды  сөз.  Эраның  Мұха-

метжанованың  құрметтің  көкжи-

гегіне  көтерілуінің  бір  қыры  да 

әрине  тегіне  тартқан  тарланбоз-

дығында  жатқан  болар.  Әкесі, 

жарықтық  марқұм  Мұхаметжан 

ақсақал, бүкіл ауыл-аймаққа ғана 

емес  бүкіл  елге  танымал  аза-

мат  болды.  Алматы  облысының 

бұрнағы  Кеген  ауданы  Жалағаш 

ауылында  орта  мектепті  он  бес 

жыл  басқарып,  талай  түлекті 

түлетіп  ұшырған  ұлағатты  ұстаз, 

білім беру ісінің үздігі еді. Анасы 

Жұмаш та мұғалім болып, 45 жыл-

дың  төңірегінде  физик  және  ма-

тематика  пәндерінен  сабақ  берді. 

Ұстаздар отбасынан дарыған өне-

ге  Эраның  айналасын  әрдайым 

нұрландырып  жүретін,  жұмысы-

ның  жөнін  біліп,  білім-білігімен 

бөлісе жүретін үлкен жүректі жан 

ретінде қалыптасуына жол ашты. 

20 жылдан асқан офицерлік еңбек 

жолының  13  жылын  кейіпкеріміз 

Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы-

ның  полиция  басқармасында  өт-

керген  екен.  Өткерген  дейміз-ау, 

мұнымыз  онда  жай  айтылған 

сөз  болар.  Эра  сол  полиция  ме-

кемесінің  ішіндегі,  күнделікті 

жұмысының  өзі  лаулаған  оттай 

бір  тынбайтын,  алғы  шептегі, 

аса  ауыр  сала  болып  табылатын 

қылмыстық  іздестіру  бөлімінде 

еңбек еткен екен. Әне, қарасаңыз, 

өр мінезді бұрымды бұл жерде де 

кез келген полиция маманы өзінің 

қызметтік өсіп-өркендеу жолында 

«әттең  сол  бөлімде  істесем  ғой» 

деп арман санайтын құқық қорғау 

жүйесінің негізгі саласында жүр-

ген. Жүріп қана қоймай қылмыс-

тық  іздестіру  қызметінің  үздігі 

атанған. 

Иә, қылмыстық іздестіру бол-

ған  соң  қылмыскермен  күрестің 

алдыңғы  шебіндесің.  Атыс,  тар-

тыс,  шабыс,  кісі  өлімі,  қиянат, 

зорлықтың  табы  да  күн  сайынғы 

жұмыста  ауық-ауық  көрініп  оты-

рары  рас.  Нәзік  иықты  жанның 

бұл  ортаға  қалай  шыдап,  қалай 

икемделгенін  өз  аузынан  естиік. 

«Адамды  өмір  өзі  тәрбиелейді 

екен.  Сонау  тәуелсіздігіміздің 

елең-алаң шағы, 1995 жылы қыз-

метке  алғаш  кіргенімде  қылмы-

стың  өршіп  тұрған  кезіне  дөп 

келдік. Адам адамның қанын ағы-

зған  көрініс,  әрине  қайбір  оңған 

көрініс  дейсіз.  Жан  түршігеді, 

құйқаң  шымырлап,  жүрек  лоқ-

сиды,  қатыгездікке  қарап  жаның 

қараяды. Бірақ, соған қарап адам 

да қатаяды екен, шыңдалады екен. 

«Осыны  істеген  адамды  тапсам, 

заң  алдындағы  жазасын  берсем» 

деген  іштей  әділет  үшін  күрес 

адамды  шыңдайды  екен.  Міне, 

қызметіміз  ауыр  болса  да  өстіп 

жүріп  шыңдалдық.  Шен  үшін 

емес, ел үшін еңбек етіп марқай-

дық», – дейді полковник Эра Мұ-

хаметжанова.

Бүгінде  полковник  ханым  ел 

Ұлттық  ұланының  әскери  по-

лициясы  бас  басқармасында  аға 

анықтаушы  болып  қызмет  атқа-

рады. Үш баланың анасы. Әттең, 

отағасы  полковник  Қанат  Төлең-

гітов  Қазақстан  әскери  ғылым 

саласында өзіндік шоқтығы биік, 

айтулы тұлғаларды бірі, көпке та-

нымал  профессор  еді.  Бірер  жыл 

бұрын  мәңгілік  сапарға  аттанған 

ұлағатты жанның соңында егемен 

еліміздің  әскери  мамандарына 

арналған  көптеген  оқыту-әдісте-

мелік еңбектері қалды. «Орнында 

бар  оңалар»  дейді.  Өткен  жаз-

да  полковниктер  отбасының 

тұңғышы  Әділет  Түркия  елінің 

Құрлық  әскерлері  Академиясы-

на  оқуға  түсті.  Міне,  ұрпақтан 

ұрпаққа  жалғасқан  жауынгерлік 

жолдың сабақтастығы деген осы.

Келесі  тоқталар  кейіпкеріміз 

прапорщик  Лазиза  Есембаева. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

ұланының Бас қолбасшылығында 

хатшылық басқармасының аға ма-

маны болып қызмет атқарды. Ла-

зиза  Омбыда  оқыған,  1999  жыл-

дан  бері  әскери  қызметте  болып, 

бірер апта бұрын ғана әскерде бо-

лудың  шектеулі  жасына  толуына 

орай зейнеткерлікке шықты. Әри-

не,  әйел  адам  үшін  әскери  жол-

ды  еңсеріп,  құрметті  демалысқа 

шығу да өмірдегі айтулы жетістік-

тің бірі.

Өмір  жолының  әр  бетін  жа-

зып отырсақ, бір мақала емес бір 

кітапқа  жүк  болар  жанның  осы 

жолы тек біз білетін адами қырла-

рын сөз етуді жөн көрдік. Лазиза-

ның ең бір алымды қасиеті оның 

ашықтығы, жан баласына жаман-

дық ойламайтын пәк жүрегі десек 

болар.  Қашан  көрсең  де  өмірге 

қанағатпен  қарап,  Жаратқанға 

мың  да  бір  шүкіршілігін  айтып, 

ел амандығын тілеп жүретінін та-

лай аңғарғанбыз. Шынтуайтында, 

барға  қанағат  қылып,  айналаңды 

нұрландыра  білу  –  жеме  жемге 

келгенде  нағыз  адамдық  белгісі. 

Бұл  туралы  өмірдің  мәні  жайлы 

жазылған талай абыз бен ғұлама-

дан  қалған  құнды  дүниені  ақтар-

саңыз  да  бар  табарыңыз  солар 

–  қанағатшыл  болуға,  жақсылық 

жасауға  шақыру.  Бірақ,  әңгіме 

мұнда емес, барлығымыз сол тәм-

сілді  өмірдің  мәніне  айналдыра 

алып  жүрміз  бе,  мәселе  сонда. 

Құрандағы  «Жақсылықта  жары-

сыңдар»  деген  сөздің  мәні  сол. 

Лазиза  болса,  сол  сөзді  өмірінің 

негізгі  бастауына,  өмірлік  ке-

месінің  желкеніне  айналдыр-

ған  әзиз  жүректі  жан.  Ұрыспай-

ды,  орынсыз  талап  қоймайды, 

жөн-жосықсыз  әңгімеге  килігу, 

көлгірсу  деген  жоқ.  Тек  қызметі-

не  берік,  жауапкершілігі  мығым. 

Бойы  жоғарыда  айтқандай,  қазақ 

қызына  тән  барлық  игі  нұрды 

жиған.  Қысқаша,  айтқанда  нағыз 

қазақтың қызы.

Қорытқанда, біз бүгін кішкене 

ғана сыр шертіп өткен полковник 

Эра Мұхаметжанова мен прапор-

щик Лазиза Есембаева сынды қа-

зақтың қайсар қыздары Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  ұланының 

әр  әскери  ұжымында  баршылық. 

Бар болсын, бар бола берсін, олар 

көп болсын дейік. Өйткені, Мұқаң 

ақын  айтқандай  олар  –  өмірдің 

гүлдері,  дүниенің  таусылмас 

жыры.  8  наурыз  –  Халықаралық 

әйелдер  күні  қарсаңында  Отан 

қорғау  жолында  толарсақтан  сыз 

тартып,  етігімен  су  кешпесе  де, 

өздерінің  анттарына  адал  болған 

айбыны  асқақ  осындай  ару  қыз-

дарды  төл  мерекелерімен  шын 

жүректен құттықтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет