№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

Заключение.  Психологические  и  педагогические  исследования  доказывают, 
что начало развития творческих способностей детей, падает на ранний возраст, когда 
меняется характер их деятельности по сравнению с ранним детством. Воображение 
старших приобретает все более активный характер, у них развивается способность к 
творческой деятельности. 
Глубокий  и  сложный  процесс  преобразования  и  усвоения  жизненных 
впечатлений  происходит  в  играх.  Творческое  начало  проявляется  и  в  замысле  – 
выборе темы игры, рисунка, в нахождении способов осуществления задуманного, и в 
том,  что  дети  не  копируют  виденное,  а  с  большой  искренностью  и 
непосредственностью,  не  заботясь  о  зрителях  и  слушателях,  передают  свое 
отношение к изображаемому, свои мысли и чувства. В отличие от взрослых дети не 
способны  во  всех  деталях  обдумать  предстоящую  работу  или  игру,  они  намечают 
лишь  общий  план,  который  реализуется  в  процессе  деятельности.  Задача 
организатора  –  развивать  творческие  способности  ребенка,  целенаправленное 
воображение, побуждать его в любом деле идти от мысли к действию. 
Детское  творчество  основано  на  подражании,  которое  служит  важным 
фактором развития ребенка,  в  частности  его  художественных  способностей.  Задача 
организатора, - опираясь на склонность детей к подражанию, прививать им навыки и 
умения,  без  которых  невозможна  творческая  деятельность,  воспитывать  у  них 
самостоятельность,  активность  в  применении  этих  знаний  и  умений,  формировать 
критическое мышление, целенаправленность. 
Обучение  играет  огромную  роль  в  «разумной  творческой  деятельности» 
ребенка.  При  правильном  обучении  творчество  детей  достигает  относительно 
высокого  уровня.  Таким  образом,  в  раннем  возрасте  закладываются  основы 
творческой  деятельности  ребенка,  которые  проявляются  в  развитии  способности  к 
замыслу и его реализации, в умении комбинировать свои знания и представления, в 
искренней  передаче  своих  чувств.  Творческое  воображение  ребенка  особенно  ярко 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
152
проявляется  и  развивается  в  игре,  конкретизируясь  в  целенаправленном  игровом 
замысле. 
Таким  образом,  в  играх  детей  замысел  получает  значительное  развитие  –  от 
случайно, по ассоциации возникающей цели до сознательно задуманной темы игры, 
от  подражания  действиям  того  или  иного  человека  до  передачи  его  переживаний, 
чувств.  Игровое  творчество  проявляется  и  в  поисках  средств  для  изображения 
задуманного.  Дети  реализуют  свой  замысел  с  помощью  речи,  жестов,  мимики, 
употребляя разные предметы, сооружения, постройки. Чем старше и более развиты 
дети,  тем  требовательнее  они  к  предметам  игры,  тем  больше  сходства  ищут  с 
действительностью.  Отсюда  естественно  возникает  стремление  самим  сделать 
нужные вещи. 
Одна  из  тенденций  развития  игры  –  все  большая  связь  ее  с  трудом.  Задача 
организатора  –  поддержать  это  стремление  ребенка  к  самостоятельному 
изготовлению  игрушек,  помочь  ему  в  этом.  Таким  образом,  игровое  творчество 
развивается  под  влиянием  воспитания  и  обучения,  уровень  его  зависит  от 
приобретенных знаний и привитых умений, от сформированных интересов ребенка. 
Кроме того, в игре с особой силой проявляются индивидуальные особенности детей, 
также влияющие на развитие творческого замысла. 
 
Литература 
1 Шанский Н.М. В мире слов. 
2 Русский язык. Методическое руководство. 
3 Журнал «Русский язык в казахстанской школе». 
4 Волина В.В. Веселая грамматика. 
 
САГИНБАЕВА Аружан, ТАҢАТАР Сая, 
Мұғалжар орта мектебінің 6 сынып оқушылары, Мұғалжар ауылы,  
Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БАХТИЯРОВА Рая Аубакировна, 
Мұғалжар орта мектебі «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің мұғалімі, 
Мұғалжар ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ АҢЫЗДАР 
 
Аңдатпа 
Жас  ұрпақ  туған  жерінің  əр  тау-тасының,  өлкесінің  тарихын,  зиялы 
қауымдарын  біліп,  құрметтеп,  үлгі  алып  өсуі  тиіс.  Сонда  ғана  олардың  бойында  өз 
атамекеніне  деген  патриоттық  сезім  санасында,  кеудесінде  нық  сенім  орын  алары 
сөзсіз. 
Бұл  ғылыми  жобада  туған  жеріміздегі  тарихи  тұлғалар  мен  тарихи  өлкелік 
аңыздар жинақталып, қарастырылған. 
Кілт сөздер: аңыздар, туған жер. 
 
Зерттеу  жұмысының  өзектілігі.  «Туған  жердің  əрбір  тасы  –  тұнып  тұрған 
шежіре»,  -  деп  атақты  ғалым  Қ.  Сəтпаев  айтқандай,  ауылымыздың  байлығы 
қаншалықты мол болса, оның тарихи құпиясы соншалықты ұлан-ғайыр. Осы орайда, 
Мұғалжар ауылындағы тау-тас, əулие тамдары туралы аңыздарды мерзімді баспасөз 
беттерінен, ел аузынан жинақтап, бір жүйеге келтіру маңызды. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
153
Жобаның  мақсаты:  ауылымдағы  тарихи  өлке,  тарихи  тұлғалар  туралы 
аңыздарды  ел  аузынан,  көнекөз  қариялардан,  баспасөз  беттерінен  жинақтап,  қарт 
Мұғалжардың құпияға толы сырын ашу. 
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  болжамы:  Мұғалжар  ауылындағы  тау-тас, 
өлке  атауларының,  кесенелердің  құпия-сыры  ашылса,  əдістемелік  ұсыныстар 
жасалса,  жоғарыдағы  əкімшілік  тарапынан  қолдау  көрсетілсе,  онда  мектеп 
қабырғасынан-ақ  рухани  құндылықтарды  бағалай  білетін,  ұлттық  жəне  патриоттық 
санасы жоғары тұлға қалыптасады. 
Зерттеудің  теориялық  мəнділігі:  Ауылымыздағы  тарихи  өлкелер,  əулиелер 
туралы  тарихи,  қоғамдық  пікірлерді  энциоклопедиядан,  ғаламтордан  қарастырдық, 
көнекөз қарттардан жазып алдық. 
Зерттеудің  практикалық  мəнділігі:  Құлқай  əулие  кесенесіне  жөндеу 
жасалды, Қырғыз бекетіндегі белгісіз солдаттарға белгі қойылды. 
Зерттеудің  жаңалығы  мен  дербестік  нəтижесі:  Мұғалжар  ауылындағы 
Айрық тауы, Қыз əулие туралы аңыздарды жинап, жүйеге келтіріп, баспасөз бетіне 
жариялау, «Мұғалжар ауылындағы тарихи аңыздар» атты кітап етіп шығару. 
Зерттеу  əдістері:  Тарихи  түп-деректермен  танысу,  жинақтау,  жүйелеу. 
Шежірелі қарттармен əңгімелесу, салыстыру, жинақтау. 
Кіріспе. Аңыз əңгімелер – қазақ халық ауыз əдебиетінің тарихи негізі бар мол 
саласы.  Онда  айтылатын  оқиғалардың,  кейіпкер  аттарының,  елді  мекен,  жер 
атауларының,  мезгіл  мөлшерінің  деректілігі  басым  келеді.  М.  Əуезов  аңыз  жанры 
жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты 
монографиясында,  1957  жылы  шыққан  «Қазақ  ССР  тарихының»  1  томында 
жарияланған  «Қазақтың  ауыз  əдебиеті»  атты  көлемді  еңбегінде  жан-жақты  айтқан. 
Алғашқы  еңбектің  «Аңыз  ертегілері»  деген  тарауында:  «Қазақ  аңыздарының 
ертегілерден  ерекшелігі  сол  –  барлығы  да  тарихта  болған  адамдар  жайында 
айтылған,  халық  шығарған  көркем  əңгіме  болып  келеді.  Кейін  оларға  қоспалар 
қосылады да, халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды», - деп бірден екі 
жанрдың жігін ашып алады. 
Аңыз  əңгімелер  тарихта  болған  белгілі  бір  адамдардың  атына,  іс-əрекетіне 
байланысты  туады.  Мұндай  адамдардың  ел  үшін  еткен  еңбегі,  қамқорлығы,  халық 
намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-əрекеттері ел аузында аңыз əңгімеге 
айналып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен.  Аңыз  əңгімелерде  халықтың  қоспасы 
болғанымен,  негізгі  ой  түйіні  барлық  жерде  бірдей  сақталады.  Олардың  өміріне 
байланысты  əңгімелерде  ертегілердегідей  əсіре  қиялдау  көп  кездеспейді.  Уақиға 
желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. 
Тарихы  мол  қарт  Мұғалжардың  қойнауы  тарихи  аңыздарға  толы. 
Мұғалжар  өңірін  кең  көлемде  зерттеу  осы  аудан  аумағында  Ресейдің  əскери 
полигонына айналған Ембі-5 құрылымы қоныс аударғанға дейін толыққанды мүмкін 
болмай келген. Баспасөз беттерінде бұл туралы деректер мүлдем аз кездеседі. 
«...Қазақстанның  інжу-маржаны  –  Ұлытау  қандай  керемет!  Мұғалжар  қандай 
ғажап!  Бұлардың  бəрі  байтақ  даладағы  қорықтар,  жəй  ғана  дамудың  орталықтары 
емес,  этностардың  даму  орталықтары,  «киелі  орындардың»  ең  бір  құдіреттілері»,  - 
деп жазады географ, тарихшы П.Н. Савицкий. 
Ауылымыз  туралы  керемет  пікірлер  айтқан  географ,  тарихшы,  ғалымдардың 
сөздері  бізге  қатты  əсер  етті.  Шежірелі  қарттардан  Мұғалжар  тауы,  мұнда  қырық 
əулиенің  жатқаны  туралы  аңыздарды  естіп,  жадымызға  түйіп  жүрдік.  Елімізді 
қоршап  жатқан  Мұғалжар  тауының    құпия  сырын  білгіміз  келді.  Құлқай  əулие 
туралы деректер де бізді қызықтырды. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
154
Баспасөз  беттерінен  оқығанымызды,  ғаламтордан  көргенімізді,  қариялардан 
естігенімізді  жинақтадық.  Біздің  бұл  жобамыз  алдағы  уақытта  бір  кəдеге 
жарайтынына  сенеміз.  Болашақ  ұрпақтың  тарихқа  тіке  қарап,  туған  жерін  зерттеу 
ісін жалғастыратынына сеніміміз мол. 
Мұғалжар ауылындағы таулардың құпия сыры. «Мұғалжар тауының алуан 
бедерлі  жер  бетінде  пайда  болуының  өзі  палеозой  дəуірінің  еншісінде  болды  деп 
көрсетіледі зерттеп, зердеге салған кəрі тарихта. Тау пайда болған уақыттан бастап, 
бүгін  біз  «Мұғалжар»  деп  білетін  өңірдің  тарихы  парақтала  бергенге  ұқсайды.  Тау 
қатпары  əлі  де  болса  бізге  беймəлім,  бірақ  өте  маңызды  болары  хақ  тарихты  бүгіп 
жатқан болуы кəдік. Бұлай деуімізге себеп,  Ұлттың төл тарихының қалыптасуында 
үлес  салмағы  артық  атыраптың  зерттелуінің  кемшіндігі.  Аймақ  көпті 
қызықтырғанымен  жетіспесімізді  осы  Мұғалжар  тауына,  төңірегіне  табаны  тиген 
сырттың  өлкетанушылары  мен  саяхатшыларының  дерегі  мен  «дегеніне»  жүгініп, 
іздеуге тура келді» [4, 404-565-566 бб.]. 
Осы  жерде  кейін  Еуропадан  қоныс  тапқан  ежелгі  рим  əскері  ат  ауыздығын 
алған.  Күллі  қыпшақ  даласына  үрей  үйірген  Шыңғыс  ханның  немересі  Бату 
жасағының  ат  тұяғының  дауысы  дəл  осы  Мұғалжар  тауын  жаңғырықтырып, 
жауының  құтын  қашырған.  Дөңгеленген  дүниені  дүбірге  толтырып,  елді  елмен 
таныстырған,  тоғыстырған  Ұлы  Жібек  жолының  Ресейді  Орта  Азиямен 
жалғастырған керуен көші Мұғалжар тауының етегі мен Ұлықұмды жағалай Үстірт 
асып,  Аралды  жағалап  əрі  қарай  оңтүстік-шығысқа  бағыт  алса  керек.  Қазақ  енші 
алып, ел болғаннан кейін Мұғалжар Кіші жүздің ата қонысына айналды. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  алғашқы  теміржол  құрылысы;  одан  нəпақа  табамыз 
деген  дəмесі,  аузын  аққа  жарыта  қоймағаннан  кейінгі  Ембі,  Мұғалжар 
теміржолшыларының  ереуілі,  аштық  пен  сүзектен,  суықтан  көз  жұмған 
жұмысшылардың  мүрдесінің  жол  бойында  көмусіз  қалуы,  жалақыға  жалынышты 
болып, Орынборға қыс ортасында жаяу шыққан жыртық шапанды жұмысшылардың 
діттеген  жеріне  жетпей,  үсіп  өлуі...  –  елдің  экономикалық  дамуын  жеделдеткен 
құрылыстың осыдан бір ғасырдан сəл асатын уақыт бұрын қағылған қара шегесінде 
ізі қалған ақтандықтар... 
Қазақтың ұлт ретінде қалыптасуы мен дамуындағы кейде тасқа қашалып, кейде 
қағазға  қапталып  жазылған  тарихи  оқиғалар  Мұғалжар  тауын  айналып  өтпеген. 
Білуімізше,  қазақ  жерінің  бас  тарихының  сүбелісі  кезіндегі  кеңестің  мұрағатында 
сыр бүгіп жатқан болуы кəдік. 
Мұғалжардың  тарихы  аса  күрделі,  өте  бай.  Мұғалжардың  тарихын  зерттеу  ісі 
соңғы  он  жылдықта  ғана  қолға  алынды.  Алғашында  Жем  бойында  ежелгі  қала 
болған деген сүйіншілі хабардың, бəлкім болжамның соңының сиырқұйымшақтанып 
кетуінің  де  себебі,  сірə,  осы  зерттеу  ісінің  кемшілігінен.  «Көшпелі  тұрмыс  кешкен 
қазақтың қонысын тарылтып, жеріне көз алартқанымен қоймай, қазанына қол салған 
патшалық  Ресейдің  отарлау  саясатының  жүзеге  аса  бастауы  елдің  сағын 
сындырғандай  еді;  азат  ердің  аяғына  тұсау  салмақшы  болған  озбырлыққа  қарсы 
қазақ  даласында  300-ге  жуық  бас  көтерулер  болған  деген  дерек  –  бүгін  біз  жіпке 
тізіп үлгергеніміз ғана» [5, 7-11 бб.]. 
Мұғалжар тауында, Жем бойында батыр тұлпарының тұяғының ізі, сал-серінің 
əнінің жаңғырығы, қазақ ауылдарының көш соңында қалдырған будақ-будақ шаңы, 
«Ақтабан  шұбырынды»  трагедиясында  атамекенінен  ауа  көшуге  мəжбүр  болған 
елдің зары, жер жəннатын іздеген Асан қайғының күңіренген күрсінісі қалды. 
Таулы өлкенің тылсымы көп. Мұғалжар тауы. «Мұғалжарда мүлгіп жатқан 
байлық бар, ол Қазақстандағы оңтүстік Орал тауларының қазыналы жалғасы», - деп 
қазақ халқының ғұлама ғалымы, академик Қаныш Сəтпаев орынды бағасын берген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
155
Бұл  таудың  асты  мен  үсті  қазына  байлыққа  толы.  Мұнда  Менделеев  кестесіндегі 
барлық  химиялық  элементтер  бар.  Сондай-ақ  өзіндік  тарихи  мұрасы  мол,  қасиетті 
өңір. Қарт Мұғалжар өңірі өзінің шұрайлы жерімен, сан ғасырлық көне тарихымен, 
мəдени  мұраларымен  ерекшеленеді.  Құт  дарыған  қойнауында  ата-бабаларымыздың 
іздері сайрап жатыр [4, 404-565-566 бб.]. 
 
 
 
Мұғалжар кенті тау етегіне орналасқандықтан, жері тасты болып келеді. «Р.А. 
Сегединнің  «Рассказ о  геологии Актюбинской области и богатствах ее недр»  деген 
еңбегінде:  «Мұғалжар  таулы  аймағын  ықылым  замандарда  теңіз  басып  жатқан 
болуы  кəдік  деген  дерекке  негізделген  болжам  айтылады.  Мұғалжар  тауының 
баурайындағы  құмдарда  акуланың  тістері  өте  көп  деңгейде  көмілген.  Ал 
құмдақтарда ағаш жапырақтардың белгілері мен малюска бақалшығы табылды. Бұл 
Мұғалжар  тауының  етегінде  палеоцен  жəне  эоценнің  бірінші  жартысында 
тұңғиығында  малюскалар  мен  акулалар  өмір  сүрген  ашық  теңіз  болғаның 
айғақтайды», - деп жазған. [2, 73-78-79 бб.]. 
«Мұғалжар»  газетінен  мынадай  мақаланы  оқыдым:  «Қазақстанның  кейбір 
табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Птолемей 
(б.з.  ІІ  ғ.)  өз  еңбектерінде:  «IX-X  ғ.ғ.  арабтардың  деректерінде  Жайық,  Жем,  Сағыз 
өзендері  аталған.  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жеріне  ислам  дінінің  таралуына 
байланысты  VІІ-VІІІ  ғасырлардан  бастап  араб  саяхатшылары  келе  бастайды.  Осы 
уақытта  ислам  дінін  насихат  еткен  араб  жиһанкездерінің  Мұғалжар  өңіріне  де 
табаны тигені ұқсайды. 
Ел  аузында  Мұғалжар  тауы  бөктерінде  халық  Араб  əулие  деп  атап  кеткен 
адамның  сүйегі  жатыр  деген  аңыз  əңгіме  бар.  Көнекөздердің  айтуынша,  бұл  аңыз 
адам  Мұғалжар  өңіріне  VІІІ-ІХ  ғасырларда  ислам  дінін  ту  етіп  келген  бейбіт 
жиһанкез  екен.  Бүгінде  Мұғалжар  өңірінің  қыры  мен  сайына  үңілушілердің  саны 
артты. Олардың əрбір  тапқан дерегі Мұғалжардың тарихын кеңейте түсер жаңалық 
болары анық. 
Мұғалжар  тауларынан  тас  дəуірінен  қалған  көне  ескерткіштер  табылған. 
Ғалымдарың  айтуынша,  бұл  жерде  де  осыдан  250-300  мың  жыл  бұрынғы 
адамдардың 50-ден аса қонысы кездеседі [6, 3-4 бб.]. 
Тарихи-өлкелік  аңыздар.  Айрық  тауы.  Мұғалжар  ауданының  бір  ерекше 
тауы – Айрық. Немесе «Ағайынды» таулар. Бұлай дейтін себебі, алыстан қарағанда 
бір-біріне жапсарлас тұрған екі тау егіз қозыдай ұқсас. Бір таңқаларлығы екі таудың 
шөп  жабындылары,  тас  құрамдары,  топырақ  төсенісіне  дейін  бірдей  екен.  Айрық 
тауында  тағы  да  «Түйемойын»  ақ  борлы  таулы  жиыны  бар.  Алыстан  аппақ  болып 
көзге  шалынатын  тау  сілемдері  бір  қарағанда  шөккен  түйенің  қос  өркеші  мен 
түйенің жанында отырған ақ жаулықты əйелдің мүсіндерін көзге елестетеді. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
156
 
«Түйемойын  ақ  борлы  таулары  туралы  сол  заманның  сал-серісі  Батақтың 
Сарысы: 
Тұсынан шыға келдім Айрықтың, 
Даусымнан құйқылжыған айырылыппын. 
«Дидар мен несіп-ғайып» деген сөз бар, 
Көрінген  көк  аттыға  қайырылыппын»,  -  деп  айтатыны  осы  болса  керек. 
Айырық тауы түйенің қос өркешіндей көрінеді екен [5, 7-11 бб.]. 
Айрық  тауы  туралы  ауылымыздағы  зейнеткер  ұстаз  Р.  Сатаева  үлкендерден 
естігенін  былай  деп  еске  алады:  «Ертеде  бай  қызын  бір  жігітке  атастырады.  Қыз 
байдың құлы болып жүрген жігітке ғашық болады. Екеуі бір-бірін ұнатып, қашады. 
Əкесі:  «Мені қызым жерге қаратты, қызымды ұстап əкеліндер не өлтіріндер», - деп 
екі баласын жібереді. Қуып жеткен екі ағайынды жігіт қарындасын қайтып əкелуге 
қимай, əкесінің қарғысына ұшырайды. Əкесі: «Менің айтқанымды орындамадыңдар, 
тас  болыңдар»,  -  деп  қарғаған  екен.  Содан  ағайынды  екі  жігіт  тас  болып  қатып 
қалған екен деген аңыз бар. 
 
 
 
Əулие  суы.  Мұғалжар  тауының  жиегінде  Айрық  тауына  жақын  Əулие  суы 
ағып  жатыр.  Бұл  жерлерде  ата-бабаларымыздың  ізі  қалған.  Ертеректе  бұл  жерді 
«Қыз  əулие»,  «Құл  əулие»  деп  атаған  дейді.  Кейіннен  «Əулиесай»  атанып  кеткен. 
Бұл туралы ауылдағы Ғазиз Есекенов ата: «Жоғарыда айтқандай, əкесінің қарғысына 
ұшырап, тас болып қатып қалған ағаларын көріп, қиналып, қыз жылаған екен. Əулие 
суы  –  сол  қыздың  көз  жасы  екен.  Ертеректе  сол  су  Айрық  тауының  етегіне  дейін 
барған  екен.  Содан  Əулие  су  атанып  кеткен.  Сол  жақта  «Қыз  əулие»  мен  «Құл 
əулиенің» бейіттері бар», - деп өткен шежірені еске алады. 
Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар. Құлқай əулие кесенесі. Құлқай əулие 
жөнінде  ел  ішінде  аңызға  бергісіз  əңгімелер  көп.  Ол  кісі  қайтыс  боларында:  «Көп 
əуреге түспеңдер, басымды қарайтпай-ақ қойыңдар, бас жағыма бір тас, аяқ жағыма 
бір  тас  қойсаңдар  жарайды»,  -  деп  өсиет  айтыпты.  Ұрпақтары  сол  өсиетті 
орындапты.  Əулиенің  сол  бейіті  Шалқар  мен  Ақтөбенің  арасындағы  Мұғалжар 
стансасының  іргесіндегі  биік  қырдың  басында.  Одан  бері  де  бір  жарым  ғасырдай 
уақыт болды. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
157
 
«1999 жылдың қазан айында əулиенің ұрпақтары Құлқайдың басын қарайтып, 
жалпақ елге ас берді. Өткен күнде белгі жоқ деген, уақыт өте келе мал бағып жүрген 
бір  қойшы  əлгі  тастың  біріне  қызығып  кетіп,  диірмен  жасап  алайын  деген  оймен 
үйіне əкеліп қашай бергенде оң қолы қайырылып кетіп, иығынан салбырап қалыпты. 
Тəубесіне келген байғұс білген дұғасын оқып, тасты орнына апарып қойған. Қолы да 
орнына түсіпті» [3, 107-110 бб.]. 
Осы  ғасырдың  басында  Орынбор  –  Ташкент  теміржолы  салынғанда  əлгі 
стансаның  тұсына  келгенде  түнде  бар  жол  ертесіне  қақ  айырыла  берген.  Орыстың 
инженерлері  сұрастыра  келе  бұл  жерде  əулие  барын  біліп,  басына  орыс  əйелін 
апарып  түзге  отырғызған.  Атақты  əулие  өз  ұрпақтарына  адал,  тек  қана  шындыққа 
айтуды  өсиет  еткен.  Ұрпақтары  да  ата  даңқын  əуелетпей,  шындықты  ту  етіп  өмір 
сүрген [3, 107-110 бб.]. 
Күшен тамы мешіті. Мұғалжардағы мешіт Қырғыз разъезінің іргесіндегі биік 
төбеде  орналасқан.  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Ясауидің  кесенесі  секілді  бұл 
мешіттің  қабырғалары  да  өріліп  жасалған.  Қандыағаш  мешітінің  қазіргі  имамы 
Ғабит  Мəткəрімов  бастаған  дін  өкілдері  келіп,  бұл  тастан  «Медресе,  балалар,  34» 
деген  жазуларды  оқыпты.  Соған  қарағанда,  бұл  34  баланы  оқытқан  медресе  болуы 
мүмкін деген болжам бар. 
Осы ауылда туып, өскен Темірғали Шамуршанов атаның айтуынша, жергілікті 
тұрғындар  бұл  ескі  мешітті  «Күшен  тамы»  деп  атап  келген.  «Осы  аймақта 
мыңғырған  малы  бар  Күшен  деген  бай  өтіпті  деседі.  «Мына  мешітті  сол  кісінің 
күшімен  Алдамшүкір  деген  кісі  баласы  Алдаберген  екеуі  салып  шыққан  деген 
əңгімені  шалдардан  көп  естідім.  Кірпішке  жылқылардың  құйрық  жалын  күзеп, 
балшыққа араластырып, күйдіріп жасаған секілді. Ал жылқының қылы уақыт өткен 
сайын қатая түсетін берік нəрсе», - дейді Т. Шамуршанов ақсақал. 
Осы Күшен ата туралы зейнеткер ұстаз Р. Сатаева: 
Алыстан көрінеді Күшен тамы, 
Басында біреуінің орамалы. 
Орыстар шошқа сойып қан шашқан соң, 
Қос  аққу  оңтүстікке  ұшты-дағы,  -  деген  өлең  жолдарын  ертеректе  Жұпар 
əжесінен естіген екен. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
158
 
Ал  ауыл  ақсақалы  Ғ.  Есекенов  ата:  «Ертеде  осы  бекеттің  жанына  салынған 
теміржол  өзінен  өзі  бұзылып  кете  берген,  пойыздар  аударыла  берген.  Ауылдың 
тұрғындары  орыстарды  жіберген.  Олар  тамның  қасына  шошқа  мауыздаған.  Содан 
соң  Əулие  ақ  сары  бас  екі  аққу  болып  оңтүстікке  ұшып  кеткен»,  -  деген  аңызды 
естігенім бар дейді. 
Сол тамдағы Күшен атаның бергі ұрпағы кейуана Қанила əже қазір 100 жаста. 
Кейуананы  күйеу  баласы  Күзенбаев  Дəулен  мен  қызы  Қонаева  Жаңылсын  бағып 
қамқорлық жасауда. 
«Жанділда ата – атақты емші, молда, өте ажарлы, сақалды кісі болған», - дейді 
күйеу  баласы  қазіргі  кезде  зейнеткерлікке  шыққан  Қ.  Əжіғұлов  аға.  Қуандық  аға 
Жапақ Жекей Шернияз ақсақалдың аузынан мынадай əңгімені естіген екен: «Жазда 
мал  жайлауға  шыққанда  Жанділда  молда  келе  қалды,  молдадан  баламды  сүндетке 
отырғызып беруін өтіндім. Жəкең келісім берді. Баланы сүндетке отырғызып, тамақ 
желініп болған соң: «Жəке, салт атпен келген екенсің. Ат арбамен бір келгеніңде ана 
тұрған бір ешкіні алып кетерсіз, сізге атадым», - дейді. «Атасаң болды ғой, рахмет», 
-  деп  атына  мініп  ауылына  қарай  жүріп  кетті.  Мен  атаған  ешкі  Жəкеңнің  соңынан 
қалмай маңырап еріп барады», - деп таңданып еске алады [7, 43-44 бб.]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет