№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

Судың алмасуы. Ауыр металдардың су алмасу механизмдеріне əсері түрліше 
болады.  Көптеген  зерттеушілер  Pb
2+ 
иондарының  өсімдіктің  су  мөлшері  мен 
транспирация  қарқындылығын  төмендететіні  анықталған.  Ауыр  металдар  клетка 
қабығының серпімділігін тежей отырып су потенциялын азайтады. 
Клетка  мембранасы.  Клетка  мембраналары  ауыр  металдардың  əсеріне 
ұшырайтын  алғашқы  нысана  болып  табылады  жəне  мембраналары  деформацияға 
ұшыратып, олардың фрагментациялануын туғызады. 
Тыныс  алу  мен  фотосинтез.  Жоғарыда  айтылған  ауыр  металдар  мембрана 
жəне  оның  қасиеттеріне  улы  əсер  етеді.  Pb
2+ 
иондарының  тыныс  алу  мен  АТФ-тың 
түзілуіне  əсері  əлі  толық  зерттелмеген.  Ауыр  металдардың  артық  мөлшері 
өсімдіктерде тыныс алу процесі мен фотосинтез процесін тежейтіндігі анықталды. 
Ауыр металдардың əсерінен хлорофилл мөлшері азаяды. Сонымен қатар, ауыр 
металдар  мөлшерінің  артықшылығы  кезінде  хлорофилл  ұлпасында  орталық  атом 
Mg
2+ 
орнына  ауыр  металдардың  тиісінше  атомына  ауысуы  байқалған  (Pb,  Cu,  Cd, 
Zn). Vigna radiate L. өсімдігінде хлорофилл жəне каротинойдтар биосинтезі қорғасын 
концентрациясы  артқан  сайын  тежелген.  Хлорофилл  биосинтезінің  тежелуі 
қайтымды  болды,  яғни,  ортаға  10мМ  КН
2
  РО

жəне  КСL  қосқанда,  пигменттердің 
мөлшерін  толықтай  қалпына  келтірсе,  ал  NH

CL  пигменттердің  қайта  қалпына 
келуіне оң əсерін көрсетпеген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
109
Ал, in vivo экспозициясынан кейін зерттеліп отырған ауыр  металдардың əсері 
ДАЛҚ-тың  белсенділігі  15%  (Pb),  26%  (Zn),  34%  (Hg),  40%  (Cd)  тежелгендігі 
анықталған. 
Lepidium  sativum  L.  өсімдігінде  каратинойдтардың  мөлшері  қорғасынның 
əсерінен  бақылау  вариантымен  салыстырғанда  сəйкесінше  70  жəне  73%-ке  артқан. 
Ал  осы  металдардың  алюминиймен  бірлескен  əсерінде  каротиноидтардың  мөлшері 
бақылаудан  жоғары  болғанымен,  кадмий  жəне  қорғасынның  жеке  əсерімен 
салыстырғанда  одан  төмен  мəнді  көрсеткен.  Каротинойдтардың  мөлшерінің  артуы 
металл иондарын усыздандыруға бағытталған қорғасын қызметімен түсіндіріледі. 
Əртүрлі ауыр металдардың əсері əртүрлі болады. Кадмий əдетте аз мөлшердің 
өзінде  (50-90мм/кг
-1
)  сүректі  өсімдіктің  сабағының  жуандауын  нашарлатады.  Ал 
мырыш  225  жəне  1000мм/кг
-1
  концентрацияда  жалпақ  жапырақты  ағаштар,  1000 
мм/кг
-1
-дан  жоғары  концентрацияда  қылқанжапырақтылардың  жуандап  өсуін 
тежейді. Ауыр металдардың тікелей əсерінен  тамыр өсуі нашарлап,  нəтижесінде су 
мен  қоректік  заттардың  сіңірілуі  төмендейді.  Carlson  жəне  Bazzaz  Pb  мен  Cd 
əсерінен  Platanus  occidentalis  өсімдігінде  фотосинтез  бен  транспирацияның 
төмендейтінін жəне ағаш діңінің жуандауы нашарлайтынын анықтады. 
Зерттеу  нысаны.  Қазіргі  уақытта  ғалымдар  биомассасы  жоғары  өсімдіктерді 
пайдаланып, ауыр металдардан топырақты, суды тазартуды жоспарлап отыр. Соның 
бірі  қазіргі  кезде  дүние  жүзілік  практикада  кеңінен  қолданылып  жүрген,  жоғары 
өнімді мəдени өсімдік кəдімгі күнбағыс (Helianthus annuus L.) жəне  кəдімгі бұршақ 
(Phaseolus  Vulgaris)  қолданылуда.  Бұл  өсімдіктердің  тұқымы  өнгіштігіне, 
морфологиялық  көрсеткіштері  мен  биомасасына  ауыр  металдардың  сірке 
қышқылдарының  əртүрлі  концентрацияларында  əсерін  анықтау  керек.  Phaseolus 
Vulgaris  өсімдігінің  тамырын  зертханалық  жағдайда  морфологиялық  жəне 
анатомиялық құрылысын зерттеу маңызды. 
Тұқымдас: LVII Leguminosae juss – бобовые – бұршақтар; 
Туыс: Phaseolus L. – фасоль – бұршақ; 
Түр: ph. Vulgaris L.Sp.pl. – фасоль обыкновенная – кəдімгі бұршақ. 
Біржылдық  шөптесін  өсімдік.  Сабағы  шырмалған  немесе  түзу,  биіктігі  1-3  м. 
Қатты бұтақталған. Шие жапырағы тəрізді кіріккен. Қорғаныштық қызмет атқаратын 
түктері болады, гүл серігі ұсақ жұмыртқа тəрізді. Ірі жапырақшалары 8-15 см өткір 
иілген  тісшелі.  Гүлінің  ұзындығы  1-1,5  см.  2-6  санды,  гүл  сағағы  ұзындау,  гүл 
сағағында 2 жұптан күлте жапырақшалар орналасады. 
Тостағаншасы  қоңырау  тəрізді,  төменгі  жағына  қарай  бағытталған  тісшелері 
болады. Күле жапырақшалары сарғыш немесе күлгін. Флаг жалпақ эллипс тəрізді 10-
15 мм қанатшалары ұзындау, қайықшасы спираль тəрізді бұтақталған. Бұршаққыны 
салбыраған,  ұзындығы  5-20  см.  Ені  1-2,5  см.  2-8  тұқым  болады.  Алғашқы  кезінде 
қысқы түктері болады да, кейінен түктері түсіп қалады. Тұқымы ашық, сары, жасыл, 
қою  күлгін  түсті,  тұқымы  ұсақ  немесе  ірі  5-15  мм  элипс  тəрізді.  VII-VIII  айларда 
гүлдеп, VIII-IX айларда жеміс береді. 
Қазақстанның  барлық  аймақтарында  мəдени  түрде  өсіріледі.  Ауыл 
шаруашылығында  қолданылуы:  тұқымында  басқа  түрлермен  салыстырғанда  белок 
көп (29%), өндірісте, тағам ретінде, мал азықтық ретінде қолданылады. 
Phaseolus 
vulgaris 
өсімдігін  морфологиялық  зерттеу  нəтижелері. 
Зертханалық  жағдайда  Phaseolus  Vulgaris  өсімдігіне  3,  5,  10  күндік  бақылаулар 
қойылды.  Зерттеу  нəтижесінде  бақылау  нүктесінде  3  күнде  8,4+1,91  мм,  5  күнде 
12,4+5,5  мм,  10  күнде  11,8+4,5  мм  өскін  өніп  шықты.  Тұқымның  жалпы  өну 
энергиясы 53%, өну қарқындылығы 46% құрады. 
Кадмийдің төменгі концентрациясында 3 күнде 10,3+1,6 мм, 5 күнде 17,5+3,01 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
110
мм,  10  күнде  29,2+4,7  мм  өскін  өніп,  тұқымның  өну  энергиясы  73%,  өсу 
қарқындылығы  73%-ті  құрады.  Кадмийдің  жоғарғы  концентрациясында  3  күнде 
10,1+2,13 мм, 5 күнде 16,08+4,05 мм, 10 күнде 21,81+5,43 мм өскін өніп, жалпы өну 
энергиясы 73%, өсу қарқындылығы 80%-ті құрады. 
Мырыш металының төменгі концентрациясында 3 күнде 10,6+1,4 мм, 5 күнде 
16,5+3,2  мм,  10  күнде  23+4,7  мм,  жалпы  өну  энергиясы  100%,  өсу  қарқындылығы 
86% құрады. Мырыш металының жоғары концентрациясында 3 күнде 6,2+1,5 мм, 5 
күнде  7+1  мм,  10  күнде  15+5,4  мм  өскін  өніп,  жалпы  өну  энергиясы  60%,  өсу 
қарқындылығы 33% ұрады. 
Қорғасынның төменгі концентрациясында 3 күнде 8,7+2,7 мм, 5 күнде 14,5+3,6 
мм,  10  күнде  20,8+4,2  мм  өскін  пайда  болып,  жалпы  өну  энергиясы  66%,  өсу 
қарқындылығы  66%-ті  құрады.  Қорғасынның  жоғарғы  концентрациясында  3  күнде 
4,4+1,1  мм,  5  күнде  12,1+3,8  мм,  10  күнде  18,5+3,8  мм  өскін  өніп,  өну  энергиясы 
40%, өсу қарқындылығы 46% болды. 
Мыстың төменгі концентрациясында 3 күнде 10+1,6 мм, 5 күнде 13,9+2,05 мм, 
10  күнде  20,7+2,7  мм  өскін  өніп,  өну  энергиясы  93%,  өсу  қарқындылығы  100%-ті 
құрады. Мыстың жоғарғы концентрациясында 3 күнде 6,1+0,9 мм, 5 күнде 16,5+1,8 
мм, 10 күнде 16,7+1,4 мм өскін өніп, жалпы өну энергиясы 93%, өсу қарқындылығы 
100% болды. 
0
5
10
15
20
25
30
1
2
3
4
5
6
7
8
9
3 күн
5 күн
10 күн
Phaseolus Vulgaris өсімдігінің өскіндерінің морфологиялық диаграммасы. 
1 – Бақылау, 2 – Cd1, 3 – Cd2, 4 – Zn1, 5 – Zn2, 6 – Pb1, 7 – Pb2, 8 – Cu1, 9 – Cu2 
 
А 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
111
 
Б 
Phaseolus Vulgaris тұқымы өскінінің А-5 күндік, Б-10 күндік бақылауының 
морфологиялық көрінісі. 1 – Бақылау, 2 – Cd1, 3 – Cd2, 4 – Zn1, 5 – Zn2, 6 – Pb1, 
7 – Pb2, 8 – Cu1, 9 – Cu2 
 
Phaseolus  vulgaris  өсімдігі  тамырсабағының  анатомиясы.  Зертханалық 
жағдайда  Phaseolus  Vulgaris  өсімдігі  тамырсабағының  анатомиялық  зерттеулерінде 
эпидермис,  алғашқы  қабық,  эндодерма,  ксилема,  өзек  паренхимасының  клеткалары 
өлшемге  алынды.  Эпидермис  қабаты  нəзік  құрылымды,  бір  қабатты,  оның  астыңғы 
жағында паренхималық клеткалары орналасқан. Оның астыңғы жағында эндодерма 
қабаты сақина тəрізді болып келеді. Склеренхима клеткалары шоқтың үстіңгі жағын 
қаптап орналасқан. Ксилема клеткалары экзархты, камбий клеткалары шоқ арасында 
орналасады. Өзек паренхималарының клеткалары ірі, тығыз болып келеді. 
Бақылау нүктесінде эпидермис қалыңдығы 14,08+0,8 мкм болды, ал ауыр метал 
концентрацияларында  Pb2-де  15,3+1,0  мкм,  Cd2-де  12,4+1,7  мкм,  Pb1-де  11,06+0,7 
мкм, Cu1-де 11,9+0,8 мкм, Zn2-де 10,7+1,4 мкм, Zn1-де 6,7+0,2 мкм, Cu2-де 5,6+0,3 
мкм,  Cd1-де  5,5+0,3  мкм.  Алғашқы  қабақ  қалыңдығы  бақылау  тəжірибесінде 
323,1+18,8 мкм болса, ауыр метал концентрацияларында Cd1-де 117,3+5,1 мкм, Cd2-
де 179,07+13,3 мкм, Zn-де 1209,4+4,04 мкм, Zn-де 2175,8+22,2 мкм, Pb1-де 322,3+3,9 
мкм,  Pb2-де  213,4+29,07  мкм,  Cu1-де  215,9+12,7  мкм,  Cu2-де  196,6+61,4  мкм. 
Эндодерма  қалыңдығы  бақылау  нүктесінде  11,9+0,6  мкм,  ауыр  метал 
концентрациясында  Cd1-де  9,8+0,4  мкм,  Ксилема  өткізгіш  шоқтарының  диаметрі 
бақылау нүктесінде 19,1+0,9 мкм, Cd1-де – 8,8+0,4 мкм, Cd2-де 21,6+2,1 мкм болды. 
Өзек  паренхимасының  клеткалары  бақылау  нүктесінде  14,1+0,3  мкм,  ауыр  металл 
концентрациясында Cd1-де 26,7+0,9 мкм, Cd2-де 15,2+0,6 мкм, Zn1-де 15,9+0,8 мкм, 
Zn2-де  –  11,5+0,6  мкм,  Pb1-де  19,3+0,6  мкм,  Pb2-де  11,9+0,4  мкм,  Cu1-де  27,2+2,4 
мкм, Cu-де 225,5+1,3 мкм көрсеткішке ие болды. 
Сонымен, бақылау нүктесінде эпидермис қалыңдығы 14,08+0,8 мкм болды, ал 
ауыр  металл  концентрацияларында  салыстырмалы  түрде  өте  үлкен  ауытқушылық 
Cd1-де  –  5,56+0,30  мкм  жəне  Zn1-де  6,77+0,26  өте  аз  көрсеткішке  ие  болды. 
Алғашқы  қабық  өлшемдері  бойынша  бақылау  нүктесінде  232,1+18,8  мкм  болса, 
салыстырмалы түрде аз көрсеткіш Cd1-де – 117,3+5,1 мкм, ал жоғары көрсеткіш Pb1-
де – 322,3+3,9 мкм қалыңдықта болды. 
 
 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
112
Кесте – Phaseolus Vulgaris тамырсабағының анатомиялық өлшемдері 
 
Тəжірибе 
көрсеткіштері 
 
Эпидер-
мис 
Алғашқы 
қабық 
Эндо-
дерма 
Ксилема 
Өзек 
паренхи-
масы 
Бақылау 
 
14,8+0,8 
232,1+18,8 
11,9+0,6 
19,1+0,9 
14,1+0,3 
Cd1 
5,5+0,3 
117,3+5,1 
9,8+0,4 
8,8+0,4 
26,7+0,9 
Cd2 
12,4+1,7 
179,7+13,3 
9,8+0,7 
21,6+2,1 
15,2+0,6 
Zn1 
6,7+0,2 
209,4+4,04 
12,1+0,8 
23,9+1,7 
15,9+0,8 
Zn2 
10,7+1,4 
175,8+22,2 
17,6+0,8 
20,4+1,4 
11,5+0,6 
Pb1 
11,6+0,7 
322,3+3,9 
14,9+0,9 
17,1+0,7 
19,3+0,6 
Pb2 
15,3+1,0 
213,4+29,7 
14,5+0,5 
17,08+0,9 
11,9+0,4 
Cu1 
11,9+0,8 
215,9+12,7 
9,1+0,5 
11,6+0,7 
27,2+2,4 
Cu2 
5,6+0,3 
196,6+61,4 
12,1+0,8 
18,4+1,2 
25,5+1,3 
 
 
Phaseolus Vulgaris тамырсабағының анатомиялық көрсеткіші. 
1 – Бақылау, 2 – Cd1, 3 – Cd2, 4 – Zn1, 5 – Zn2, 6 – Pb1, 7 – Pb2, 8 – Cu1, 9 – Cu2 
 
Резюме 
На сегодняшний день ученые работают над проблемой очищения воды, песке 
от тяжелых металлов через использование растительности с высокими биомассами. 
Сейчас  одним  из  широко  используемых  во  всемирной  практике,  является  растение 
высоко-культурного растениеводства Phaseolus Vulgaris L, в лабораторных условиях 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
113
под  воздействием  тяжелых  металлов  определены  его  анатомические  и 
марфологические особенности. 
Данное иследование в окружающей техногенной загрязненной среде позволяет 
сохранению  жизнедеятельности  растений  и  помогает  полностью  понять 
специальные механизмы. 
 
Summary 
Nowadays  scitntists  work  on  problem  clearing  of  water,  sand  refining  from  heavy 
metals through using vegetal plants with high biomass. Today one of the wide use in the 
Global practice is the high cultivated plant Phaseolus Vulgaris L, at laboratory conditions 
in Huence on heavy metals was defined its anatomic and morphological pecularities. 
Given  research  in  the  technogenal  polluted  surrounding  allows  preservation  the 
vitabity of plants and helps completely understand special mechanism. 
 
СЕЙІЛХАН Қарлығаш, 
№40 орта мектебінің 6 сынып оқушысы, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САҚТАПОВ Ержан Сейілханұлы, 
№40 орта мектебі «Математика» пəнінің мұғалімі, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ТАҢҒАЖАЙЫП ЖЕТІ САНЫ 
 
Сан дегеніміз – бірліктерден 
құрастырылған жиын. 
Евклид 
Кіріспе.  Қазақ  халқы  бір  санынан  бастап  əр  санның  қадірі  мен  қасиетін 
салмақтап,  өзіне  тəн  ерекшелігін  саралай  білген,  орнына,  маңызына  сай  қолданған. 
Əр  санда  өзіндік  кие  болатынын,  мақсаты  мен  мағынасы  болатынын  сезе,  түйсіне 
білген. Əр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тəрбиелік мəні, саналы орны 
болған.  Ұлы  ғұлама,  əлемнің  екінші  ұстазы  Əбу-Насыр  Əл-Фараби  бұдан  мың 
жылдан  аса  уақыт  бұрын:  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тəрбие  керек.  Тəрбиесіз 
берген  білім  адамзаттың  қас  жауы»,  -  деген  қағидасын  ұстанамын.  Ал  Пифогор 
болса: «Əр сан өзіндік ерекшелікке ие», - деген екен. 
Ғалымдардың  бұл  тұжырымдарына  сену-сенбеу  əркімнің  өз  еркінде.  Басқа 
ғылымдар  мен  дін  қағидаларының  да  болжамдарға  сай  келе  бермеуі  мүмкін.  Дей 
тұрғанмен,  əр  санның  адам  өмірінде  белгілі  бір  маңыз  иеленетінін  жоққа  шығара 
алмаспыз. 
Математика  өмірді  сан  арқылы  бейнелейді.  Тіршілік  ете  бастаған  алғашқы 
кезеңде  адам  баласы  жазу-сызудан  бұрын-ақ  санауды  үйренгені  хақ.  Сен  сандарды 
жалықтыратын нəрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай 
бастаған?  Адамдар  санай  бастаған  кезде,  сірə,  санау  үшін  қол  саусақтарын 
пайдаланған  болар.  Барлық  адамдарда  он  саусақтан  болғандықтан,  ондықтармен 
санау  ыңғайлы  болған.  Біздің  қазіргі  заманда  санаудағы  ондық  жүйесі  осылай 
туындаған. 
Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің 
ең  қолайлы  тəсілін  табуға  көмектескен.  Сен  бірдеңе  санау  кезінде  саусақтарыңды 
пайдалансаң,  ешқашан  да  жаңылыспайсың.  Саусақтарыңа  қарап-ақ,  сандарды 
атамастан  оларды  көз  алдыңа  елестете  аласың.  Саусақтар  мен  сандар  арасындағы 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
114
байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «сан» сөзін пайдаланамыз. Ол 
«саусақ» деген ұғымды білдіреді. 
Міне,  біздің  зерттеу  тақырыбымызға  арқау  болып  отырған  да  осы  сандар 
арасындағы 7 саны жəне оның қасиеті. Қазақ халқы тілге бай. Əр сөзін талдай білген, 
əр  сөзіне  мəн  берген  халық.  Қазақ  үшін  əр  сөздің  ғана  емес,  əр  санның  өзіндік 
қасиеті,  шариғатқа  қатысы,  тəрбиелік  мəні,  саналы  орны  болған.  Расында  да,  қазақ 
бір санынан бастап, əр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тəн ерекшелігін 
саралай  білген,  орнына,  маңызына  сай  қолданған.  Əр  санда  өзіндік  ие  болатынын, 
мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. 
Сандардың  шығу  тарихы.  Көптеген  ғасырлар  бойы  адамдарға  сандардың 
қажеті  болмады.  Егіншілік  пен  мал  шаруашылығы  пайда  болғанға  дейін  адамдар 
«жинаушы-аңшылар»  болған,  олар  жабайы  табиғаттан  күнкөріске  қажет  мөлшерде 
ғана  азық  тауып,  айырбас  немесе  қорға  азын-аулақ  мөлшерін  ғана  қалдырған. 
Сондықтан  олар  бірдеңені  санауға  зəру  болмаған.  Алайда,  олар  уақытты  күнге,  ай 
мен жұлдыздарға қарап бақылап отырған. 
Əлемде  əлі  де  аз  да  болса  жинаушы-аңшылар  сияқты  тіршілік  ететін  адамдар 
бар.  Олардың  көпшілігі  санай  біледі,  бірақ  кейбіреулері  санақпен  басын  қатырып 
жатпайды.  Пираха  тайпасы  үшін  екіден  артығы  «көп»  деген  мағына  білдіреді. 
Танзанияны мекендейтін хадза тайпасындағылар үшке дейін санайды. Осы қос тайпа 
да  үлкен  сандарсыз-ақ  тамаша  тіршілік  жасайды,  мүмкін,  оларға  үлкен  сандардың 
еш уақытта қажеті болмаған шығар. 
Егер  адамдар  сандарсыз-ақ  өмір  сүре  алатын  болса,  неліктен  біреулер  бір 
кездері санай бастаған? Алаяқтыққа жол бермеу үшін. Сандардың пайда болуының 
себебі  де  осы.  Айталық,  сен  10  балық  ұстадың  да,  оның  досыңнан  үйіңе  апаруды 
өтіндің. Егер сен санай білмесең, ал досың бірнеше балықты өзіне қалдырса, сен ол 
туралы ешқашан білмес едің. 
Сиқырлы  сандар  сыры.  2001  жылы  туылғанмын,  бірінші  амал:  2+0+0+1=3. 
Яғни менің саным – 3. 
1  саны.  Егер  де  Сіздің  ғұмыр  жасыңыздың  бір  кезеңі  1  санына  тұспа-тұс 
келетін  болса,  бойыңызда  сенімділік,  бастан  сөз  асырмайтын  шам-шылдық  сезімі 
бар.  1  санының  иелері  үнемі  ізденіп,  талпынып,  өсу,  жетілу  үстінде  өмір  сүреді. 
Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме, өз өміріңнің бір кезеңіне бұл 1 саны 
жазылғандарға  жақсылық  сыйлайды.  Осы  күндері  бір  іске  кіріссеңіз,  сапарға 
шықсаңыз, соның бəрі сəтті аяқталады. 
2  саны.  Адам  ғұмырының  бұл  санға  тұспа-тұс  келген  кезеңі  иесінің  жанына 
көңіл-күйінің,  сезімінің  үстемдік  ететінін  танытады.  Не  болса  соған  сезіктене, 
секемдене қарау, қорқып-үрку, дұрыс шешім қабылдай алмау, қай істі де мерзімінен 
кеш қолға алу осы кезеңге тəн құбылыстар. Алайда, адамдармен тіл табыса білу, қай 
нəрсенің де жақсылығы мен жамандығын қат-қабат көру өмірдің 2 санын еншілеген 
кезеңін табысты өткізуге көп көмектеседі. Сондықтан да бұл қасиеттердің керектігін 
əсте ұмытпаңыз. 
3  саны.  Егер  де  Сіздің  ғұмыр  жасыңыздың  бір  кезеңі  осы  3  санына  сəйкес 
келетін  болса,  ол  дос-жолдастың,  тілектес  əріптестердің  көбеюімен  ерекшеленіп, 
мазмұндана  түседі.  3  саны  «тиесілер»  сауық-сайранға,  серілікке  бейім.  Сол  себепті 
олардың сауық-сайран, серілік өмірден басқа да маңызды мəселелердің, ел мен жер 
алдында азаматтық жауапкершілігінің бар екенін ұмытпағаны жөн. 
4 саны. Өмірінің 3 кезеңінің бірі бұл санға сəйкес келетін адамға тəн ерекшелік 
– еңбекқорлық. Бұл сан иелері жоғары қызмет атқармаса да өзінің қабілеті, іскерлігі 
бар екенін танытып, өзін сол арқылы бақытты сезіне алады. Олардың есінде сақтауға 
тиісті  жағдай:  жаңаны  жатсынып,  ескіге  бүйрегі  бұратын  кертартпалықтан  ешкім 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
115
атақ-абыройға  ие  бола  алмайды,  сол  себепті  ондай  сезім  бар  болса,  одан  арылуға 
тиісті. 
5  саны.  Адам  ғұмырының  бұл  санға  тұспа-тұс  келетін  кезеңі  иесінің  халыққа 
қалаулы болуымен ерекшеленеді. Бірақ та Сіз: «Мен осындай санның иесімін. Яғни, 
жұлдызым  жанып  тұр»,  –  деп  дандайсымаңыз,  ойланбай  ешнəрсені  де  жасамаңыз. 
Бұл ақыл-кеңеске құлақ аспасаңыз, бармағыңызды тістеп, өкініп қалуыңыз мүмкін. 
6  саны.  Зерттеушілердің  пайымдауынша,  «бұл  кезеңнің  «билігіндегі»  уақыт 
жұптасуға, топтасуға қолайлы». Егер де сіз осы уақытқа дейін жалғыз жүрсеңіз, енді 
қасыңызда  жанашыр  жан  пайда  болады.  Сіз  жанашырыңызбен  ақылдасып, 
пікірлесіңіз.  Сонда  бұл  өмірдің  мəн-маңызы  мен  оның  таңғажайып  тіршілік  екенін 
терең түсіне бастайсыз. 
7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, 
жан-дүниесін  байытуға  барлық  күш-қайратын  жұмсайды.  Олар  өткен  өмір  жолына 
үңіліп,  өзіне-өзі  есеп  береді,  келешекке  жоспар  құрып,  осыған  дейін  жіберген 
қателігін  енді  қайталамауға  бет  бұрады.  Ой-өрісі  кеңейіп,  тереңдейді,  дүниеге 
көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. 
8 саны. Егер де Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі бұл санға тұспа-тұс келсе, 
өзіңізді  өзгелерге  билік  жасау,  басқару  ісі  күтіп  тұр  деп  ойлай  беріңіз.  Мүмкін  ел 
басқармассыз.  Алайда,  бұл  кезеңде  Сіздің  үй-ішіне, туған  туыстарыңызға  билігіңіз, 
сөзіңіз жүреді. Оған кəміл сеніңіз. 
9  саны.  Бұл  санға  «ие»  болсаңыз,  ауқымды  ой-жоспарлардың,  жанқияр 
батылдықтың  кезеңі  келді  деп  біліңіз.  Бұл  кезеңде  бойыңыздағы  күш-қайрат  тас 
қопарып,  тау  бұзуға  жетеді.  Жалғыз-ақ,  армандап,  қиялдана  білсеңіз  болғаны.  Осы 
кезеңде өзіңізді үлкен маңызды істердің күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. 
Киелі жетілік атаулары. Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі – (1, 2, 
3, 4, 5, 6, 7, ..., ...) натурал сандар. Олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен 
қасиеттері, тіпті тарихы да бар. Соның ішінде оқырмандардың қаперінде жүрсін дей 
отырып 7 санының кейбір қырлары мен сырларына тоқталмақпыз. 
Жеті күн – дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 
Жеті  қарақшы – аспанның  солтүстік  жарты  шарындағы  шоқ  жұлдыз.  Жеті 
қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық – 
осы шөміштің сабындағы соңғы жəне ең жарық жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы 
көретін мезгілдері – наурыз, сəуір айлары. 
Жетісу  –  Қазақстан  Республикасының  оңтүстік-шығыс  бөлігін  қамтитын 
тарихи-географиялық  аймақ.  Тарихи  деректемелер  мен  зерттеулерде Жетісу  атын 
құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ кеңес энциклопедиясы. – 4 т. – 
430 б.). Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, 
Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек. 
Жеті ата – əке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. 
Жеті қазынаға –  Грек  аңызды  бойынша  оған  мыналарды  жатқызамыз:  Күн, 
Жер, Ай, Аспан, Су, От, Ит. Жеті қазынаға байланысты аңыздар көп. 
Жеті ғашық  –  Лəйлі-Мəжнүн,  Жүсіп-Зылиқа,  Фархад-Шырын,  Таһир-Зуһра, 
Ару-Қамбар, Уəлік-Фəррат, Əни-Күлшəт. 
Жеті  амал  –  Күннің тоқырауы, қарашаның  қайтуы, үркердің батуы,  мұздың 
қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы. 
Жеті  қат  көктегі  7  саны «жеті  жұлдызға»  сəйкес  келеді. Шығыс 
астрономиясы  оларға  Ай,  Меркурий,  Шолпан,  Күн,  Марс,  Юпитер,  Сатурнды 
жатқызады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
116
Жеті  жетім  –  тыңдамаған  сөз  жетім, киюсіз  тозған  тон  жетім,  иесіз қалған 
жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, 
замандасы қалмаған қарт жетім. 
Жеті  ырыс  –  адамның ақыл-ой  мен  сана-сезімі,  денсаулық,  ақ жаулық,  бала, 
көңіл, жер, ит. 
Жеті  жұт  ағайынды – құрғақшылық,  оба,  мал  жұтауы, өрт,  соғыс,  сел, жер 
сілкінісі. 
Əлемдегі жеті керемет – Мысыр пирамидалары, Галикернас сағанасы, Родос 
алыбы,  Александрия  шаңырағы,  Эфестегі  «Диена»  ғибадатханасы,  Олимпиядағы 
Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы бағы. 
Жеті  жарғы  –  XVIII  ғасырдың  басында  Тəуке  хан  тұсындағы  жазылған 
қазақтың  əдет-құқықтық  жинағы.  Онда  жер  дауы,  күң  дауы,  жан  дауы,  жесір 
дауы, мүлік дауы жəне хандық пен билік мəселелері қамтылған. 
Жетіген – қазақтың байырғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нұсқасы тұтас 
ағаштан  астау  тəрізді  ойылып  жасалған.  Бетінде  7  қыл  шегі  бар.  Содан  жетіген 
аталған. 
Имандағы  жеті  парыз –  Алланың  барлығына, бірлігіне сену,  иман  келтіру, 
періштелеріне  сену,  пайғамбарларына  сену,  ахирет  күніне  сену,  жақсылық  пен 
жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену. 
Шығыстағы жеті жұлдыздар – Омар һаям, Низами, Жəми, Науаи, Фердауси, 
Сағди жəне Фзули. 
Жеті  ғалам  –  7  саны  негізгі  жеті  бағытты  білдірген.  Олар  –  дүниенің  төрт 
бұрышы:  күн  –  шығыс,  күн  –  батыс,  түстік, терістік,  аспан  –  жоғарғы  ғалам,  жер 
асты – төменгі ғалам. 
Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. 
Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Ясауидің  кесенесіндегі  тайқазан  жеті  түрлі 
металдан құйылған. 
7  санына  байланысты  жер  бетінде  жеті  нəрсе  жоқ  деген  ел  аузынан  таралған 
пікірлер  бар:  құста  сүт  жоқ,  жылқыда  өт жоқ,  көлде  көпір  жоқ,  тамда  белбеу 
жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ. 
Мұхаммед (с.ғ.с.) жетінші пайғамбар, жер асты жеті қабат, жеті тамшы су бір 
грамм, қазанның жетісін  береді,  жеті  нан құдайы  таратады,  наурыз  көже  жеті  түрлі 
тағамнан  жасалады  жəне  баланың тісі  жеті  жасында  түсіп,  сол  жастан  бастап 
мектепке  бара  бастайды.  Мұсылман ғұрпында,  түркі  дүниесінде құдіретті  əрі  киелі 
саналатын жеті саны жөніндегі қысқаша пікір осылай. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет