7 «Алысым жақын болды» 8-9-бет


«Қазақстан жол» ғылыми-зерттеу институтының



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата12.03.2017
өлшемі15,06 Mb.
#9075
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

«Қазақстан жол» ғылыми-зерттеу институтының 

мәжіліс залында «Көлік жүйелері мен энергетика 

геотехникасы» атты семинар өтті. Басқосуға 

Қазақстандағы құрылыс индустриясының жетекші 

ұйымдардың өкілдері, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің 

қызметкерлері, АҚШ жетекші ғалымдары, АҚШ 

құрылыс корпорацияларының өкілдері қатысты.

Жол – өмірдің өзегі

Шараның ашылу салтанатында Л.Н.Гумилев атын-

дағы Еуразия ұлттық университетінің геотехникалық 

институтының директоры, Ғимараттар мен құрылыстарды 

жобалау кафедрасының меңгерушісі, ISSMGE-тің Азиядағы 

вице-президенті Асқар Жүсіпбеков семинар жұмысының 

негізгі бағыттары автомобиль және теміржолдары, тон-

нельдер, к пірлер, жел энергиясы, Геосинтетика және Гео-

термалды энергия жүйелері екендігін атап  тті. 

«Қазақстан жол» ғылыми-зерттеу институтының 

президенті, техника ғылымының докторы, профессор 

Бағдат Телтаев институтта атқарылып жатқан игі істер 

ж нінде баяндады. Семинар барысында АҚШ, Ресей, Жа-

пония, Үндістан елдерінен келген ғалымдар баяндама жасап, 

Қазақстандағы жолдардың сапалылығы, метро құрылысын 

жүргізудегі тиімді тәсілдер, аспаптық технологиялық 

тәсілмен топырақты бекіту және т.б. мәселелер бойынша 

з пікірлерін ортаға салды. Бұдан басқа ғалымдар ЭКСПО-

2017-ге байланысты Қазақстандағы геотехникалық және 

құрылыс мүмкіндіктері мен Астананың күрделі топырақ 

жағдайындағы  бу-Даби Плаза құрылысының барысын 

талқылады.

Шетел ғалымдары «Қазақстан жол» ғылыми-зерттеу 

институтының зертхана орталығының жұмысымен 

танысты. Шараның соңында аталмыш институттың 

президенті Б.Телтаев профессорлар Эдиль Тунджер мен 

Йошинори Ивасакиди «Қазақстанның геотехникасына 

қосқан үлесі үшін» аталымымен марапаттады. 

Нұрлан ҚҰМАР 

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басы-

лым дардың еңбек ұжымдары Қазақстан Жазушылар одағы ның 

мүшесі, белгілі ақын Мылтықбай Ерімбетовке қайын атасы, 

зайыбы Маржанның әкесі 

             МҰСАХАННЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, к ңіл 

айтады. 


«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты 

басылымдардың еңбек ұжымдары С.Сейфуллин атындағы 

Қазақ агротехникалық университетінің баспас з орталығының 

директоры, белгілі журналист 



Айжан ЖҰМАБАЕВАНЫҢ 

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-

туыстарына қайғыларына ортақтасып, к ңіл айтады


13

№29 (1287) 

23 – 29 шілде 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

ПРОЗА

əѕгіме


Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ

ЖАҚАНБАЙДЫҢ АСЫ

ЖАҚАНБАЙДЫҢ АСЫ

1898 жыл туды. Бұл шақта Ұлы жүз 

бен Орта жүз игі жақсыларынан тарай-

тын әңгімелердің негізгі тақырыбы әлгі 

найман-садырдағы Жақанбайдың асы еді. 

Ұзақ уақыт болыстық қызмет атқарып, са-

дыр-матай арасында татулық орнатуға к п 

күш жұмсаған, үлкен парасат иесі атанған 

Жақанбай  ткен жылы дүние салып, 

ақтық демін аларда баласы Қасымға, басқа 

да жақын-жақыбайларына «менің асымды 

жа лайыр да ғы  Жәлменде  би  басқарсын» 

де ген  сиет қалдырыпты. Себебі де құпия 

емес, осыдан үш жыл бұрынғы қырғыз 

т ресі Шәбденнің кенже баласының 

үйлену тойында жалайыр биінің сол хан 

тұқымының сағын сындырғаны бұған қаз-

қалпында жеткен. Сол тойға ат арытып 

жетіп қатысқан  з ағайындары тіл мен 

жақтарын алтын-күміске суарғандай ол 

к ріністің бояу-нақыштарын келісті ріп-

ақ жеткізген. Жүйрік к кірек Жақан бай 

ол бояу-нақыштардың астарынан  зге де 

суреттерді к ре білген. Бәрін іштей тара-

зылап,  з асын Жәлмендеге басқартудың 

к п мәні барын болжаған.

Садыр Жақанбайдың бұл  сиетін ең 

алғашқылардың бірі болып естіген де 

Жәлменденің  зі еді. Алғашқыда ауыр ой 

үстінде ш гіп, соңынан баласына біраз 

с з арнады:

– Сенің шын ныспың Пішән емес, 

Мұса. Сол Мұса пайғамбардың құдіреті 

дарысын деп, бесігіңнің басында молдаға 

азан шақыртып қойдырып едік. Қазақтың 

салтында ас деген қызық к ріп, ішіп-

жеп қана қайтатын нәрсе емес. Онда 

әрқилы дау-дамай  рбиді, сауалдар туа-

ды, жоқ-жітіктердің іштеріндегі қыжыл 

ақтарылады, қазақтың маңдайындағы 

бағы мен соры жіктеледі, ажыратылады. 

Сол жағына зер сал, ән мен күйге желікпе! 

Ұға білгенге бұл ас дегенің үлкен оқу-

шоқудың ошағы. Қапы қалма!

Жақанбайдың асына Жәлменде би 

зінше бір топ, ал Назар болыс  зінше 

бір топ болып барған. Уақыт күздігүні. 

Астың  тетін орны Лепсі  зеніне таяу 

Мұқаншының сазы аталатын жер. Бұл сол 

кезде-ақ отырықшылық тұрмыстың қан 

ордасына айналған Шілікті, Андреевка, 

Саратовка селоларының теріскей жағы. 

Лепсі тасығанда су барып, ш п тұтасып 

қалың шығады. Ал күзде  зге маңды 

сарғыш рең басқанда бұл Мұқаншының 

сазы түсін жоғалтпай к геріп тұрады. Бұл 

әрі садыр елінің ескі қоныстарының бірі.

Бұл Мұқаншының сазы бас-аяғы жоқ 

үлкен кеңістік. Жалайырлардың екі тобы 

ас басталардан бір жарым күн бұрын 

жетіп ат басын тіреген. Қатарластыра 

к ше-к ше етіп тігілген киіз үйлерде 

қисап жоқ.  р үйдің  з сойыс малы, 

қымыз-шұбаты, қазан-ошағы, бір еркек, 

бір әйелден тұратын күтушілері  зінше 

б лек. Ер-тұрманында жарқырауық 

тас тары к п әсем аттар мінген,  здері 

де оқалы, күміс кемер белбеулі шапан 

киген алыс- жақын меймандар әр тұстан 

жосылып кеп жатыр. К к пәуескелі 

Жәлменде тобын ас иелері жақсылап-

ақ қарсы алды. Бұлар бір үйге, ал Назар 

болыс тобы екінші үйге түсірілді. Пішән 

әке қасында, тек бұл тынымсыздау он 

т рт жасар бала Назар тоқтаған үйге де 

барып, сондағылардың біраз марапа-

тын естіп қайтты. Бір жайдан екі үйдің 

арасындағы байланыс жібіне де ұқсаған.

Жәлменде тобында Бақтыбай ақын, 

Ерболған, Бәйменде, Жуасбай палуан, 

Қолдастың Мұсасы, Жазылбай бай, 

Бәйменде, Бименде, тағы бес-алты белгілі 

адамдар бар. Ал Назардың қасында  з 

ағасы Сақбай, Байқоржын, Қожан Ысқақ, 

Тілеуғұл балалары Жұрқаш пен Отарбай 

сындылар еді. Жәлменде түскен үйге 

Т легетайдың т рт тармағы – Қаракерей, 

Т ртуыл, Садыр, Матайдың,  зге де 

алыс рулардың маңғаз байлары бірінен 

соң бірі бас сұғып сәлем беріп жатты. 

Соңғы жағында Маман балалары – 

Тұрысбек, Сейтбаттал, Есенғұл, Тәнеке 

баласы Есімбек келді. Бұлардың келуі 

мұң екен Жәлменде түскен үй үлкен 

ән-сауық отауына айналды. Маман 

балалары Бақтыбайдың ән салуын  тінді. 

Бақтыбай ең әуелі күй тартты. Халық 

күйлерін т гіп, ара-арасына  зі шығарған 

күйлерді де қыстырды. Сосын әнге к шті. 

Ежелгі әуен «Қылқұйрықты» шырқағанда 

Маман, Тәнеке балаларының онсыз да 

нарттай қызарған жүздері алаулаған отқа 

ұқсағандай. Соның да әсері ме, Бақтыбай 

з әндерін де нақышына келтіре созып, 

ара-арасында Жәлмендені мадақтап, 

Маман, Тәнеке балаларына да бір-бір 

қолпаш шумақтарды арнады.

Бақтыбай сәл тынышталған сәтте 

Тәнеке баласы Есімбек қажы:

–  лгі Қоңыр т ре  сет әншіні ертіп 

әкепті! – деді. Оның с зіне Маман ба-

лалары елең етісті.  сіресе Тұрысбек 

мазасыздығы к бірек шалынды.  з 

туыстарынан  згеше, жартылай орыс 

шенеуіктерінше киінген, басында кең 

шалғайлы жұқа қара қалпағы, үстінде 

жоғарыдан т мен тізілген сап-сары 

жез түймелі сұр пиджагы бар, қап-қара 

жіңішке де ұзын мұртты, қас-қабағы да сол 

түстес, оқыған зиялы кісідей жұқа  ңді бұл 

жан иесі осы  ңірдің Маман байдан кейінгі 

ең шоқтықтысы еді. Оның ажарындағы 

үйреншіктілерге ғана шалынатын әрбір 

ұсақ құбылыс,  иірімдер  з- зінен к п 

нәрсені баяндап тұрады. Осыдан аттай 

жиырма жыл бұрын сонау ғажайып құрлық 

– Еуропаны к ктей  тіп, Мекке-Ме-

динеге соғып қажы атанып қайтқан бұл 

іші тұңғиық пенде к п дүниені арқалай 

қайтқан. Ол дүниеліктің атауы – ілім! Ал 

ол ілімнің түсі, пошымы қандай, оны бұл 

Тұрысбек Маманұлы осы соңғы жиырма 

жыл бойы жұрттың құлағына там-тұмдап 

құйып келеді.  рі онысын жүзеге асыру-

дан да жалыққан емес.

С йтіп сол күні кеште, Мұқаншының 

сазында, Жақанбай асы қонақтарының 

бас-аяғы жинақталып қалған шақта 

Бақтыбай мен  сеттің айтысы бұрқ етті. 

Қараңғылық түсіп кетті-ау деп жұрт 

кінген жоқ, екі ақынды екі мая ш птің 

т бесіне отырғызды да айналасына алау-

латып от жақты. Күндізгіден кем емес 

жарық т гіліп тұрды. Жәлменде, Есімбек 

қажы, Іле-Қаратал елінің болысы Назар 

Қарынбайұлы, Маман балалары Сейт-

баттал мен Есенқұл, Қоңыр т ре, марқұм 

Жақанбайдың баласы, ас иесі Қасым, 

зге де белгілі адамдар, әрі Жәлменде мен 

Назар тобындағылар айтыскер ақындар 

шоңқиған қос маяға тым жақын орнықты. 

Ал олардың сыртында түн түнегін қуалай 

үймелескен к пшіліктің бас-аяғы жоқ. 

Анау-мынау айғай-шу да естіліп қалады.

Ақындар домбыраларын қағып та 

үлгерген жоқ, т мендегі Жәлменде мен 

Есімбек қажы арасында бір күбір-күбір 

орын алды. Жәлменде:

– Жарықтығым-ау, манағы Тұрысбек 

қажының  зі к рінбейді ғой! – деді. Ауыр 

денелі Есімбек сәл ыңыранып, әрең жауап 

қайырды:


– Тұрысбек үшін әрбір қас қағым сәт 

сыңғырлаған алтындай пұл т гіліп тұрған 

заман емес пе? Қысылтаяң шаруамен бір 

к пестер іздеп келіпті. Таңертең  з әкесі – 

Байқажы келер қарсаңда ол да осы маңнан 

табылып қалар!

Бақтыбай мен  сет домбыраларының 

құлақ күйлерін келтіріп қаққылай бас-

та ған. Бұл шақта жалайыр ақыны 56 

жастағы кексе де, оның қасында  сет 

Найманбайұлы небәрі 21 жастағы сары 

үрпек балапан-тұғын.  рине, бұл жағын 

сет  зі үшін кемістік санамайды. Осы 

шақта-ақ ол талай  ткелектен  тіп үлгер-

ген. 9-10 жасында татар медресесінде 

оқып сауатын ашқан. Жазу-сызуға ағып 

тұр. 15-16 жасынан к пшілік арасында ән 

салып, «тамағында бұлбұлдың ұясы бар» 

әнші атанған. Айтысқа да солай. Осыдан 

үш жылдай бұрын саудагерлерге ілесіп, 

атақты Қоянды жәрмеңкесіне барып, 

Арқа  ңіріне танымал Ырысжан қызбен 

айтысып, ауызға іліккен.

Алайда табиғи дарыны аса күшті  сет 

үшін үлкен мектеп әкелі-балалы Маман-

Тұрысбек айналасы. Сонау Зайсан к ліне 

таяу  ңірде туған, руы арғын, бұл  сет 

тағдыр жазуымен балауса шағында-ақ 

осы найман мықтыларының ордасына тап 

болып, солардың қызық-шыжығын к ріп 

скен. Маман Тұрысбек айналасының 

тіршілігі, еңбекқорлығы оған қатты әсер 

еткен.

Тауық боп тары тердім 

  

Найман 

шалдан,

Найман шал шамы жанған маңдай-

шадан,  – деп ерте кезде-ақ таңдайы 

тақылдаған. Кейініректе:



Жер қайда Күреңбелдің салқынындай,

Ел қайда Қалқабайдың алты ұлындай.

Ақтасты, Баянжүрек, Күреңбелде,

К к үйлер дәулетінің артуын-ай! – деп 

сайраған.

М і н е ,   б а р ш а с ы н   с о л   к к   ү й л е р 

иелерінің мысы басқан ортада алыстан 

шаршап-шалдығып жеткен жалайырдың 

қалақтай ғана бойы бар кексе ақынын 

қайтсем де ойсырата жеңем деген нық 

сенім  сеттің ішкі дүниесін билеп 

әкеткен. Бірінші с з бастаған жалайыр 

ақыны:


Менің атым Бақтыбай,

Домбырамды қақтым-ай!

Ақын Қабан әулие

лең берген бақытыма-ай! – деп,  зінің 

нер әлемінде қашан да  рге жүзгенін 

паш етіп еді.  сет жауап с зінде сәл-

пәл  рк кіректік танытты. Ал Бақтыбай 

мынадай Ұлы жүз бен Орта жүздің 

айқайлаған Есімбек қажы еді:

– Тоқтат! Жәкең аруақ шақырды! 

Тоқтат! Тоқтатыңдар айтысты! Бақтыбай 

ақын жеңді!  сет, сен жеңілдің! Айтыс 

осымен доғарылсын!

Домбыра ішегі кілт үзілгендей бір күй 

баршасын есеңгіретті.  сеттің домбырасы 

қолынан сусып түскенін оларға жақын 

отырғандардың ең бір қырағы к зділері 

байқап та қалды.

– Не болды?

– Бұл қалай? – десті жұрт. Есімбек 

қажы екі с йлемейтін еді. Бір кезде қарулы 

күзетшілері бар орыс ұлығын сабаған 

қайраты осы шау тартқан шағында қайта 

бұрқ еткендей ол айналасына тым қаһарлы 

к рінді.  сет мая үстінен домалай жерге 

құлады. Екінші маядағы Бақтыбай жалғыз 

қалды. Жүйрік ойлы ақын жағдайды тез 

ұқты:

– Абыржымаңыздар! Уа, ағайын! Есім-



бек қажының бұйрығы тәңір бұйры ғынан 

бір былай емес! Бір жоғалт қанды екінші ба-

рымызбен толтырайық! Құлақ салыңыздар! 

Ұлы жүз – үйсін жұртының біраз ән-күйін 

әуелетейін!

Бақтыбай к пшіліктің келісімін 

күтпестен ескі халық күйін тартты. Дел-сал 

күйдегі ас меймандары сонда да істің мән-

жайын ұқпастан түн түнегінің әр тұсынан 

кеу-кеуге басты. Сосын Бақтыбай мана 

күндізгі «Қылқұйрықты» қайта шырқады. 

Айнала лаулап жанған от, одан арғы 

Жоңғар Алатауының б ктеріндегі тұтасқан 

қараң ғылық жалайыр ақынының дау-

сын одан әрмен к термелеп әкет кендей. 

Міне, сонда ғана шуласқан к пшілік сап 

басылды. Бір қызықты екінші қызықтың 

алмастырғанына к нген рай танытқандай. 

Осылай Бақтыбай бірнеше әнді 

әуелетті, күйді де т кті. Бір мезет Жәлменде 

қайта тілге келді:

– Ауылдың алты ауызы деген болмай 

ма?

Бұл сауал к пшілікті одан әрмен 



құтыртты. Қолында домбырасы бар орта 

жастардағы біреу  сет босатқан маяға 

тырмыса к терілді. Ол аузын ашып та 

үлгермеді, сондай аспап ұстаған бес-алтау 

маяның түбінде кезекке тұрды. Сол сәт 

Есімбек қажы Жәлмендеге бұрылып:

– Бақтыбай мен  сет жақ ақындар, 

әрі асқан әншілер ғой. Ал ондайдан дәмесі 

барлар бұл Матай мен Садырда тіптен аяқ 

алып жүргізбейді! – деді.

Есімбек қажының бұл с здері шын-

дыққа айналды.  н мен күйге тоғай ған 

к пшілік түн ортасы ауа к ңілді тарады.

***


Ертеңіне таңғы шайдан соң жұрт 

тағы дүрк к терілді.  ртүрлі қиқулаған 

дауыс тар естілді. Ары-бері жортуылдаған 

аттылар да к бейді.

– Апырау, бұл не?

– Маман келе жатыр!

– Байқажының  зі келе жатыр!

Ас меймандарында ес қалмағандай. 

Жәлменде мен Назар тобындағылар 

да қотарылып сыртқа шықты. Бұларға 

тігілген үйлер Сарқан ояз бастығына 

арналған үйге таяу еді. Сірә, астың 

орталығы осы тұс. Кенет түстік беттен үш 

қара ат жегілген пәуеске к рінді. Ортадағы 

ат саржеліске салады да, шеткі екі ат 

шауып отырады екен. Соңында күміс 

бастырылған ер-тұрманды тағы оншақты 

аттылардың т белері қоқы райды. 

– Баймағамбеттің  зі тізгін ұстаған 

екен! – десті біреулер. С йтсе, Маманның 

к шірінің  зі бұл қиырдың тайлы-таяғы 

үшін белгілі адам екен. Ояз үйінің тұсында 

Маман пәуескеден түскенде оған қол 

беріп үлгеруге жанталасқан жұрт бір-бірін 

басып-жаншып кете жаздады. Бұлар 

жай қара-құра емес, әр елдің, әр рудың 

дәстүрін білмеймін! Жай тамашалап 

к рейін! Ал басшылықты  здерің қолға 

алыңдар! – деп бірден бас тартты. Маман 

енді желпіне с йледі:

– Осы астың себепкері, бұл күнде о 

дүниелік Жақанбай ақтық демін алар-

да «менің асымды мына Іле-Қаратал 

б о л ы с ы н д а ғ ы   т б е   б и   Ж ә л м е н д е 

Байшығаш баласы басқарсын» деп  сиет 

қалдырыпты! Қазақ заңында  ліктің 

аруағын сыйлау оның  сиетін орындаудан 

басталады!

– Жоқ, Байғажы, Мәке, сіз біздің елге 

күйеусіз! «Пайғамбар да күйеу баласын 

сыйлаған» дейді. Мен сізге жолымды 

бердім, – деп Жәлменде ат-тонын ала 

қашқансыды. Ояз сәл ойланып:

– Мынау тым үлкен жиын. Екеулеп 

басқарғандарыңыз абзал! – деді.

Ақыры осылай шешілді.

Таңғы сусын, ас мәзірі үстінде Маман 

мен Жәлменде екі пәуескемен киіз 

үйлердің арасындағы к ше-к шемен 

жиынның бас-аяғын бір шарлап шықты. 

Асқа жиналған елдердің мұншама к птігін 

енді ғана бағдарлаған Жәлменде жағасын 

ұстады. Енді қалай, қазақ тарихында 

бұл ас әлгі Ақан серінің Құлагеріне 

қастандық жасалған Сағынайдың асынан 

кейінгі үлкен ас деп бағаланды. Маман 

мен Жәлменде дереу Т легетайдың 

т рт баласы Матайдан, Садырдан, 

Қаракерейден, Т ртуылдан т ртеу, 

ал сырт ел – арғыннан, басқалардан 

біреу, барлығы бес адам таңдап,  здеріне 

к мекші етті. Маман таптап тапсырды:

– Егер ас үстінде дау-жанжал, т белес 

шықса осы бесеуіңнен сұраймыз! Қай 

кикілжіңнің де ауыртпалығы сендердің 

жоталарыңа артылады.  рқайсың  з 

жұртыңнан бұлшық еттері білеуленген он 

шақты жігіттен к мекші алыңдар!

Таңғы ас, сусыннан соң ат бәйгесінің 

қамына кірісті.  р елден жиылған сыптай 

тұлпарлар осы Мұқаншы сазынан отыз 

шақырымдай қашықтықтағы бәйге ба-

стау алатын нүктеге қарай айдалды. Аттар 

келгенше палуан күресі  туге тиіс еді. 

Сол шақта Жәлменде, Назар, Бәйменде, 

Жуасбай палуан, Ерболған, Жазылбай 

бай алтауы оңашаланды. Жәлменде аузын 

аша бергенде Пішән да қыстырылып, 

араларына сұғынды. Жәлменде сәл-пәл 

тебірене с йледі:

– Қарағым, алтыным Жуасбай! Біз 

мына қалың найманның ортасындағы 

үлкен аста бәйгеге ат қоспадық! Бар 

үміті міз Бақтыбай мен  зіңде еді. Бақты-

байдың жағдайы анадай! Есімбек қажы 

ол жеңді деп жариялағанмен дүйім 

жұрттың к ңілі күпті, томпақ! Сосын 

да ендігі үміт сенде! Сен Қабан жырау 

туған Қожаназардың тұқымысың! Оның 

үлкен ұлы Сәбденнен тарайсың! Кешегі 

шұбырынды заманда Сәбденнің бел бала-

сы  теген, әрі батыр, ғұлама, сондай-ақ 

сол Сәбденнің екі немересі Жайнақ батыр 

Қайырлы, Тұрлымбет Бекенұлы қалай 

ерлік к рсетпеді? Саған солардың аруағы 

дарыған сыңайлы. Кешегі қырғыз т ресі 

Шәбденнің тойында неше алпауыттың 

жауырынын жерге тигіздің? Сол абырой-

лы ісіңді бүгін қайталасаң барша жалайыр 

баласы саған қарыздар! Ата-баба аруағы 

риза! К п с йлеп есеңгіретпейін, арғы 

жағын  зің топшылайсың!  

Шынында, бұл сол Сәбденнің бесінші 

ұрпағы еді. Сәбден – Қайыр – Дауыл-

бай – Бершімбек – Шоқан – Жуасбай 

болып түзіледі. Жуасбайдың  зі т рт 

ағайынды – Уасбай, Жуасбай, Бозаш, 

Рахым атты сайдың тасындай жігіттерден 

құралады. Бұл шақта сәл денесі толыса 

түскен, бетінің еті де қалыңдаған, әрі аз-

дап сақал-мұртқа да ерік берген Жуасбай 

бұрынғысынан да сұсты к рінуші еді. Осы 

зіне жалт еткен жұрт назарын байқа-

ған Тұрысбек:

– Екі ақынды айтыстырсақ қайтеді? 

– деп салды. Бұл Тұрысбектен сәл-пәл 

үлкендігі бар, әншейінде салмақты 

ауыр лау денелі, енді-енді алпысқа иек 

сүйемекші Есімбек қажы:

– Осы ой менің де к кейімді қышытып 

еді, – деп елгезектенді.

– Ендеше, қажы аға, бүгін кешкілікке 

зіңіз ұйысдастырыңыз! – деп кесіп 

с йледі Тұрысбек.

– Қажы-інім! Байқажының  зі келмей 

жатыр, ол жоқта мұндай шараға қалай 

жүрегіңіз дауалайды?

 – Қажы-аға! Ес-аға! Байқажы менің 

әкем, ертең таңертең ас басталар қарсаңда 

ғана келеді. Ол келгенмен мұндай «әкә-

куге» оның мұршасы болмайды. Бұл 

Жақанбайдың асында Байқажының ал-

дынан  тер дау-дамай ұшан-теңіз. Алтын 

уақытты шығындап қайтесіз?

Бұдан соң найман кісілерінің  з ішінде 

бір күбір-күбір, сыбыр-сыбыр орын алды. 

лденеден қобалжығандай бәрі. Ол 

тығырықтан шығар жолды Тұрысбектің 

үлкен інісі Сейтбаттал тапты:

сет ақынның тегі арғын болса, мұны 

найман мен жалайыр емес, Ұлы жүз 

бен Орта жүз ақындарының айтысы деп 

жариялайық! Сонда бәрі  з орындарына 

келеді.


атқамінерлері қатысқан, бес жүзден астам 

үй тігілген, аса әйдік астың беташары 

іспетті бұл айтыстың оңай-оспақпен 

тізгіні тежелмесін сезгендей аяқты кеңге 

сала  сет с зін кек к рмей қайта оның 

шашбауын к теріп тастады:



Оқығансың,  сетжан,

Сен құсап мен шам алман.

Жас кәртейіп, жас  ліп,

Адамзат солай жаңарған.

Кем к рмедім с зіңді

Жарығы түскен панардан.

Бақтыбайдың тап осы с здері т мен-

нен бұларды қадала баққан Жәлменденің 

қытығына тиген еді. «Құдайым-ау, 

Бақтыбай қайраты қайтыңқыраған егде 

жан, ал  сет мұның балаларынан кіші, әрі 

орыс оқуына тумай жатып қаныққан, сол 

жағын қауіп к ріп, біздің жезтаңдайымыз 

арғынның боз кпе жасының алдында 

тайғанақтай ма?» деген күдікті іштей са-

пырды. Кенет  з ақынына жігер бергісі 

келді ме, отырған орнынан:

– Балпық! Балпық!  улие ата! Қолда! 

Қолда! Қуат бер ақыныңа! – деп бар дау-

сымен айғай салды. Жан-жағынан от 

лаулаған қос маяның т бесінде шоқайған 

екі ақынға да, айналада түн дүниесін 

к шіре уілдескен қалың к пшілікке де 

Жәлменде даусы құлақ жарардай естілді. 

Жұрт ес жиып үлгермеді, екінші бір да-

уыс баршасын қайта ұрды. Бұл жолы 

мырзасы, қабырғалы биі, бай-манаптары 

еді. Бұл кезде денесі әбден толған, ұрты 

да салбыраған Байқажы Жәлмендені 

құшағында ұзақ қысты. Сарыала қозыдай 

киінген ояз да к рінді. Сосын ғана ояз, 

Маман, Жәлменде, Қасым – т ртеуі 

сәл-пәл оңашаланды. К пшілік дауыс 

әрең жетер жерге дейін ысырылып, екі 

аралықта ашық алаңқай қалды.

Маман оязға:

– Мынау асты сіз басқарыңыз! – деді. 

Ояз:

– Жоқ, мен қазақтың заңын, салт-



садыр Жақанбайдың асында да мұның 

бағы жанды. Матайдың Нысанбай палу-

анын, садырдан біреуді, арғыннан біреуді 

жығып, бас марапатты иемденді. Ал ат 

бәйгесінде Сарқандағы бір қазақ-орыстың 

қарагер айғыры бірінші келді.

Астың  не бойында бірде-бір дау-

жанжал қара к рсетпеді. Маман мен 

Жәлменде қос пәуескеге мініп, қаптаған 

киіз үйлердің арасындағы к шемен 

бірнеше мәртебе сырғытып  тті. Бәрін  з 

к здерімен бақылағандай еді. Күрестен, ат 

бәйгесінен соң баршасына астың негізгі 

мәзірі тартылды. Ояз бастығы, Маман, 

Жәлменде – үшеуіне, тағы олар іріктеген 

оншақты игі жақсыларға Маманға ар-

налып тігілген үлкен ақ үйде ас берілді. 

Пішән да осында еді. Осы ас үстінде 

болған мына бір екі оқиға Пішәннің 

мәңгі-бақи жадында сақталды. 

Бұл үйге ұзын бойлы, еңкіштеу арық 

шал Қоңыр т ре әлгі жас  сетті ертіп 

кірді. Қоңыр т ре:

– Байқажы, мына баланың сізге 

арызы бар! Құдай үшін сәл құлақ салы-

ң ы з ш ы !   –   д е д і .   с е т   д о м б ы р а с ы н 

қағып-қағып жіберіп,  з арызын әнмен, 

леңмен жеткізді. Кешегі айтыста Есімбек 

қажының аяқтан шалғанын, айтыст ы 

ортан белінен үзіп, жеңісті Бақтыбайға 

әпергенін к лденең тартты. Маман басын 

т мен салбыратты да  з баласы Сейтбат-

талды шақыртты.

– Сен, Сейтбаттал, мына  сетті  з 

ауылыңа апарып қонақ ет, сый-сияпат 

жаса! – деп тапсырды.

Сейтбаттал, Қоңыр т ре,  сет киіз 

есікті түре ашып сыртқа аттап та үлгер-

меді, жүдеу киімді, орта жастардағы 

сидиған біреу, қолында жетектеген баласы 

бар, жыларман қалдегі даусын шығарып, 

ол да ішке тұмсығын сұқты:

– Байеке! Байеке! Мәке! Мәке! Менің 

де арызым бар!

– Айт арызыңды! – деді Маман.

– Айтсам былай! Мен садырдағы бір 

кембағалдау жан едім, ныспым Тыныш-

пай. Ал мынау менің балам Мұхамеджан. 

Мына  зіңізбен табақтас Сиқымбай қажы 

мен Нияз батырдың маған қорлығы  тіп 

барады! –Бір қызығы – бұл арызқой 

Тынышпай атаған Сиқымбай қажы да, 

Нияз батыр да осы шаңырақтың астында 

отырған. – Бұл екеуі  з балаларының 

орнына зорлықпен менің баламды оқуға 

жібергелі жатыр. Жалғыз баламның ор-

нын сипап қалсам  зім шыр бітпеген 

сорлымын, қалай күнелтпекпін?

Ол кезде патшалық Ресей Қазақ 

о р д а с ы н а н   т е к   а у қ а т т ы л а р д ы ң   б а -

л а л а р ы н   ғ а н а   о қ у ғ а   т а р т а т ы н .   А л 

м ы н а   Т ы н ы ш п а й д ы ң   к е д е й   е к е н і 

үсті-басынан-ақ к рініп тұр. Маман 

Сиқымбай мен Ниязға жалғыз к зін 

бір-бір қадап, тағы да басын т мен сал-

ды. Сәл ойланып басын қайта к терді:

–  й, Тынышпай замандас! Сен 

Сырттан батырды естіп пе едің? Естісең 

былай! Соның Барлыбек, Тұрлыбек деген 

екі баласын осылай біз де гимназияға 

оқуға бергізіп едік. Барлыбегі онымен 

қоймай Петерборға барып заң институтын 

бітіріп қайтты. Қазір Сырттанның сол екі 

баласы да Верныйдағы губернатордың 

қарамағында үлкен қызмет атқарады. 

Былайша айтқанда, ел билеп отыр. 

Олардың үстіне  зіміз батып кіре алмай-

мыз. Оқытқанға ренжіме! Балаң оқуға 

барсын, жолы ашылсын! Тек айтарым, сен 

Сиқымбай,  з балаңның орнына баласын 

оқуға жібергенің үшін Тынышпайға бір 

құлынды бие, ал сен Нияз, бір бұзаулы 

сиыр бересің!

Екі жақ та бас изесіп келісім берді (Бұл 

бала кейін Верныйдағы  ерлер гимназия-

сын алтын медальмен бітірген, Санкт-

Петербургтегі тек дворян әулетінің балала-

ры қабылданатын жол қатынасы инженері 

институтын тәмамдаған, Түрк сібтің бас 

инженері қызметін атқар ған, сол саладағы 

алғашқы қазақ маманы, қоғам қайраткері, 

тарихшы-ғалым Мұхамеджан Тыныш-

паев еді). Бұдан кейінгіде Ояз, Маман, 

Жәлменде отырған үйге басқа ешкімді 

жуытпады. Барлық дау-шарлар Маман 

мен Жәлменде алдында келесі екі күндікте 

шешілді (Ал Тұрысбек сол кеткеннен мол 

кетіп, бұл аста қайтіп к рінбеді).

Сонымен ас бітті, ел тарқады! Астан 

түстікке қарай қайтқандар Басқан  зенінің 

бойындағы «К п ұста» аталатын ұсталар 

ауылын басып  тетін. Ертоқым, белдік, 

сақина, сондай-ақ кетпен, күрек, соқа 

сынды шаруашылық дүниелерін де жасау-

ды кәсіп еткен, әрі осы  нерді ұрпақтан-

ұрпаққа табыстаған үлкен әулеттің ауы-

лы еді. Астан қайтқандар осында ш л 

басуға тоқтайтын. Ауыл иелері олардан  

«астан не қызық-шыжық к рдіңдер» 

деп сұрайды. Ойбай, астың бар қызық-

шыжығын түгесіп жеткізу мүмкін емес, 

тек үш нәрсені ғана атайық. Біріншісі, 

Маман деген шалды к рдік, бір к зінің 

ағы бар екен. Сосын жалайырдың бойы-

мен к к тіреген Жәлменде биін к рдік. 

Екеуі екі пәуескемен астың  не бойын 

шарлағанда оң жаққа қараса оң жақтағы 

ел, сол жаққа қараса сол жақтағы ел желді 

күнгі қурайдай жапырылып жатты. Қыңқ 

дейтін біреу табылсашы! Екінші сұмдығы 

– бір казак-орыстың қара арғымағы 

қазақтар баптаған неше жүз жүйріктен 

қара үзіп, сүт пісірім уақыт бұрын келді! 

Үшіншісі – жалайырдың  Жуасбай па-

луаны небір атан түйедей мықтыларды 

шақ келтірмеді ғой. Олардың жауырынын 

жерге тигізгенде қара жер солқ еткенге 

ұқсады.


Басқан  зенінің бойындағы «К п ұста» 

әулетінің аулынан тараған осы с здер 

кейін ел-елді даланың сары желіндей кез-

ген аңызға айналды. Жақанбайдың асы 

жайындағы үздік-создық хабарлар ішкі 

Ресей газеттерінде де жарияланды.

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

Қазақстанның мұнайгаз бассейнінің келешегі 

зор. Оны ғылыми тұрғыдан уақтылы зерттеп, жер 

қойнындағы табиғи байлықтың к лемін бағамдап 

отырудың  зі – келешегіміздің жарқын кепілі екендігі 

анық. Осы жылдар аралығында жүргізілген геологиялық 

барлау жұмыстарының к лемі  се түскенін айта ке-

туге тиіспіз.  Кен орындарын барлау мен  ңдеуге ірі 

к лемдегі инвестиция тартылды. Мұнай мен газды 

ндіру барысында жаңа технологиялар кеңінен пай-

даланыла бастады. Соның нәтижесінде геологиялық 

мәліметтердің ірі м лшері жинақталды. Еліміздің әр 

түкпіріндегі орын тепкен бассейндердің әрқайсысына 

тыңғылықты зерттеулер жүргізілді. Дегенмен де, уақыт 

те келе игерілген тереңдіктерден оң нәтиже күту 

қиынға соға бастады. Осындай күрделі кезеңде заман 

ағымына жауап беретін геологиялық мәліметтерді 

жүйелі әрі тереңінен зерттеу жұмысы күн тәртібіне 

қойылды. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында 

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай компаниясының бас-

тауымен 2009-2012 жылдар аралығында еліміздегі 

геология ғылымының мүйізі қарағайдай білікті маман-

дарын қатыстыра отырып, «Қазақстан Республикасы 

к мірсутегі әлеуетін негіздеу» атты іргелі еңбек даяр-

ланды.

Бұл еңбекте біріншіден, қорымыздағы барлық 



геологиялық-геофизикалық материалдар толығымен 

ой елегінен  ткізіліп, осы бағыттағы мәселелерді 

шешудің айқын негізі ұсынылған. Екіншіден, еліміздің 

к мірсутегі әлеуеті нақты айқындалды.  «Қазақстан 

Республикасы к мірсутегі әлеуетін негіздеу» ғылыми 

жұмысын әзірлеген мамандардың еңбегіндегі 

ақпарат тар сейсмобарлау, аэромагнитті түсірілімдер 

мен бұрғылау жұмыстарының жаңа материалдары 

негізінде  бекітілген. Енді ғылыми еңбектің басты 

қорытындыларының бірқатарына тоқтала кетелік. Кей 

бассейндерде 5,5-7,5 шақырым тереңдікте ірі мұнай 

к здері бар екендігі анықталып, алдағы уақытта оларды 

ашу жұмыстары жоспарлануда. 

Аталған еңбекте қордаланған геологиялық мәсе-

лелерді оңтайлы шешудің жолдары ұсынылып, Қазақ-

станның к мірсутегі әлеуетінің 3 есе к п екендігі ғылыми 

тұрғыда анықталып, тартылатын инвестиция к лемі 165 

миллиард теңгені құрап отыр. Бұл дегеніміз, к мірсутегін 

ндірудің жоғары деңгейін бірнеше жылдар бойы сол 

қалпында ұстап тұрамыз деген с з. Ғылыми жұмыстың 

тағы бір қыры – геоло гиялық-геофизикалық зерттеу-

лер кешенінің жаңа әдісін кеңінен қолдану барысында 

жоғары деңгейлі технологияларға сүйену негізделді. Со-

нымен қатар, еңбектегі ғылыми тұжырымдар бүгіндері 

геологиялық барлау  ндірісінде кеңінен қолданылып 

отырғанын баса айтуға тиіспіз. Ғылыми жұмыстың 

ұсыныстарына сай, Каспий маңы ойпатында алғаш 

рет жоғары деңгейдегі аэромагнитті түсірілім жүзеге 

асты. Соның нәтижесінде тереңдіктегі карбонатты 

коллекторлардың дамуы негізделіп, айқындалды. 

Еңбектің ұсыныстары 2014-2019 жылдар мен 2030 

жылға дейінгі кен қойнауын зерттеудің Мемлекеттік 

бағдарламасына енгізілді. Елбасы Н. .Назарбаевтың оң 

бағасын алған тарихымызда тұңғыш рет Қазақстанның 

мұнайгаз бассейнінің Атласы даярланды. Ең бастысы – 

«Қазақстан Республикасы к мірсутегі әлеуетін негіздеу» 

ғылыми жұмысының зерт  теу нәтижелері – 2014 жылдың 

қыркүйегінде Қазақ стан мен Ресей Федерациясы 

Президенттерінің қол дауына ие болған, Каспий маңы 

ойпатында аса терең бұрғылау жұмыстарын жүргізуге 

арналған «Еуразия» инновациялық жобасының негізі 

ретінде жүзеге асып отыр. 

Енді осынау күрделі еңбекті к з майын тауыса 

зерттеген авторлар ұжымына тоқтала кеткен ж н. 

Авторлардың барлығы еліміздің мұнайгаз саласында 

зіндік абырой мен беделге ие аса білікті маман иелері. 

Герой Жолтаев болса мұнайшылардың талай буынына 

дәріс оқыған ұстаз болумен қатар, осы саланы ондаған 

жылдар бойы ғылыми тұрғыда  зерттеп келе жатқан 

ғалым. Ал Орал Ақшолақов, Балтабек Қуандықов, 

Құрманғазы Есқазиев, Петр Коврижных, Евгений 

Огайлар  ндіріс тен қол үзбей жүріп, ғылыммен айналы-

сты. Еліміз Тәуелсіздігін алған тұста мұнайгаз  ндірісін 

ұйымдастырып, шатқаяқтаған экономикамыздың 

еңсесін тіктеуге барынша үлес қосқан білікті мамандар. 

Бұлардың осы саланы к ркейтуге қосқан еңбегі мен 

бейнетін республика жұртшылығы жақсы біледі. Бұл 

азаматтар бірнеше мәрте Президенттің Жарлығымен 

жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды.  

Сонымен, «Қазақстан Республикасы к мірсутегі 

әлеуетін негіздеу» ғылыми жұмысы дер кезінде  мірге 

келген, ғылыми, әлеуметтік және  ндірістік маңызға ие 

тамаша еңбек деп нық сеніммен айта аламыз. Ғылыми 

еңбектің тұжырымдарына сүйене отырып, аз уақыттың 

ішінде елімізде мұнай мен газдың жаңа кеніштерін 

ашуға мүмкіндік бар, әрі осынау к мірсутегі қоры 

еліміздің экономикалық тұрғыда тұрақтылығы мен 

дамуының кепілі бола алады деп ойлаймыз. Аталған 

еңбектің авторлар ұжымы Қазақстан Республикасының 

әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 

Мемлекеттік сыйлығын иеленуге әбден лайық деп 

толық сеніммен айтуымызға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет