7-апта/№7 дәріс
Тақырып: Академиялық мәтіннің базалық үлгісі және риторика мен композицияның үш аспектісі. Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы түсінік.
Тіл (сөз) дегеніміз – бұл белгілі бір ретпен орналасқан біздің ойларымыз мен сезімдеріміздің ауызша айтылуы. Рет пен байланыс жасанды сөздің тілден айырмашылығын көрсетеді. Тіл сөзінің кең мағынасында тілдің барлық ережелерін түсіну керек, әсіресе үш ғылымды құраушы ретінде: логика немесе диалектика, дұрыс, байланысты және түпкілікті ойлауға, байымдауға және қорытынды шығаруға үйретеді; грамматика, сөздердің мағынасы, қолдануы мен байланысын көрсетеді. Риторика – ойды жүйелі әрі нақты баяндайды, сөз таптары прозалық шығармалардың әрбір ерекше түрімен үйлесе отырып, орналасады.
Риторика, сөзшеңдіктің (ділмарлық) барлық теориясын қамтиды. Сөз ділмарлығы әдеттегідей бұл өз ойларымыз бен сезімдерімізді жазу немесе сөз арқылы дұрыс және анық жеткізу білу қабілетіміз. Ежелгілер сөз ділмарлығы дегенді тек қана – шешендік өнерді, риторика дегенде – қызмет етушілер және шешендердің қалыптасуын түсінген. Басқа да прозалық шығармалардың теориясы диалектика мен грамматикаға жатқан.
Риториканың мақсаты басқа да барлық прозалық шығармалардың теориясы сияқты тек қана сендіру мен дәлелдерден тұрмайды. Ежелгі және кейбір қазіргі тәлімгерлерге қарсы ретте біз сол сөзді ғылымдағы санамызды қалыптастыратын, үйрететін немесе жүрекке және ерік-жігерімізге әсер етеді деп түсінеміз. Сонымен, ол үйрететін, әсер ететін, орын алатын, дәлелдейтін бұл әрбір прозалық жазушының құрайтын пәні.
Мағына (композиция), бұл сезім, және оларды жеткізу сөздің маңызын құрайды, ол жан мен тән сияқты байланыста болуы қажет. Сол және басқалары да материя мен форма секілді риторика пәніне жатады, олар өздерінің зерттеулерін сөздеріне және ойларына дейін жоймайды, оны оны логикамен грамматикаға қалдырады. Ол шығарманың әдемілігіне және түзулігіне қарайды, сол сияқты ол дұрыс ойланған және грамматиканың ережелеріне сәйкес сөзшеңдіктің әрбір түріндегі ойларды оқиды. Кейбіреулер сөзшеңдікті өлеңдер және проза деп түсінсе, біреулер тек қана проза деп бөледі, сол себепті оны екі түрге: прозалық және өлеңдік өнер деп атауға болады. Бұл тек сыртқы пішініне қарап бөлу емес; оны шешен мен ақынның алдарына қойған мақсаттың айырмашылығынан білуге болады; біреуі-оқытуға, екіншісі – қанағаттануға мақсат тұтады.
Әрбір жазушыдан талап етілетін нәрсе ол өзінің айтатын сөзін жан-жақты білуі қажет, ол өзін барлық уақытта ұстай білуі, басқаларға ұсынатын себептеріне және дәлелдеріне сенімді болуы керек, сондай-ақ оқырманның жүрегіне жеткізуі қажет.
Ғылыми зерттеудің мақсаты – жанжақтылық, объектісі, үрдісті және құбылысты тыңғылықты зерттеу; оның құрылымын, байланысын және қатынасын ғылымда жетілдірілген принциптер мен меңгеру тәсілдері негізінде, сонымен қатар адам үшін қажетті нәтижелерді алу және өндіріске (тәжірибеге) енгізу.
Тұтас мақсатты белгілеу бойынша ғылыми зерттеудің үш түрін ажыратады: іргелі (фундаменталды), қолданбалы және жетілдіру.
Іргелі зерттеу жаңа құбылысты зерттеуге және алуға, табиғаттың заңдылықтарын, зерттеудің жаңа үрдістерін жасауға бағытталған. Бұның мақсаты болып, қоғамның ғылыми білімін кеңейту табылады.
Қолданбалы зерттеулер табиғаттың заңдарын жаңа құралдар мен әдістер жасау үшін және бар құралдарды одан ары жетілдіру үшін бағытталады. Мақсаты болып – іргелі зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми білімді адамның тәжірибелік шығармашылығында қалай қолдану керектігі жайында.
Қолданбалы зерттеу нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік қалыптасады. Қолданбалы зерттеу ізденіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- құрастыру болып үшке бөлінеді. Іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми техникалық ақпарат қалыптасады.
Әр ғылыми зерттеу жұмысын нақты бір бағытқа жатқызуға болады. Ғылыми бағыт ғылым немесе ғылыми кешені негізінде түсіндіріледі, яғни зерттеу жүргізілетін төңірігіне байланысты. Осыған байланысты: техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-құрылымдық, тарихи және тағы басқа ажыратылады.
Техникалық бағытқа – техникалық-жылудинамика төңірігіндегі зерттеуді; биологиялық бағытқа – биохимиялық немесе гендік инженерия төңірегіндегі зерттеуді жатқызуға болады. Сонымен ғылыми бағыттың негізгі арнайы ғылым немесе арнайы ғылымдар қатары саналады.
Ғылыми зерттеудің құрылымдық бірлігі болып кешенді мәселелер табылады: мәселелер, тақырыптар және ғылыми міндеттер. Кешенді мәселе өз алды мәселенің өзіндік құнын көрсетеді, бір мақсатта біріккен; мәселе бұл күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырманың өзіндік ұйлесімділігі, олардың шешімі қоғамда жетілдірілген мәселе әлеуметтік аумақта, ұлттық, салалы, салааралық болуы мүмкін. Бұл пайда болған тапсырманың аумағына байланысты. Сонымен ғылым – табиғат туралы, қоғам туралы және ойлау қабылеті туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу жұмыстарының аймағы. Қазіргі қоғамда ғылым мен техниканың әсері өте жоғары. Ғылым нарықтық экономика жағдайында қоғамдағы өндіргіш күшке айналды. Ғылыми-техникалық прогресс өнеркәсіптің бар саласында – медицинада, транспортта, байланыста, тұрмыста-үлкен өзгертуші күшке айналды. Ғылымды жіктеу – олардың өзара байланысын белгілі принциптер негізінде көрсету, олар зерттейтін материалдық өмірдің объектілерін анықтау. Мысалы, техникалық, табиғаттану, қоғамдық және философиялық ғылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |