Байланысты: 7 билет Е бек т рбиесі. Міндеттері. Мазм ны. Ж йесі. О ушылар а
ЗЕЙІННІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ Зейіннің кейбір ерекшеліктері (немесе қасиеттері) болады, бұл әр адамда әр түрлі дәрежеде бейнеленеді. Кейде адам жұмысқа не бақылауға сондай беріліп кетеді де, басқа нәрсені байқамайды. Бұл — зейіннің қасиеті, ал зейіні аударылған нәрсеге берілу, мұны зейіннің бөлінуі (немесе шоғырлануы) деп атайды. Зейіннің маңызды қасиеті — оның тұрақтылығында, басқа імрсеге көңіл аууына берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады. Егер бір нәрселердіқ суретін салған, не цифрлар немесе әріптер жазылған плакатты көпшілікке сәл ғана көрсетсе, біреулері — ондағы объектілердің көбін, екіншілері — азын есіне сақтап, айтып береді. Алдыңғыларда зейін аумағы үлкен, яғни бір мезгілде қабылдайтын заттар саны көп, соңғыларында аз. Егер қабылданатын объектілер бірімен-бірі байланысты болса (мысалы, әріптерден құралып сөз жазылса) онда адамнық байқап қалатын объектілерінің саны көп болады. Бізге көбінесе назарымызды бір затқа ғана аудармай, бірнеше затқа аударуға, қатарынан екі-үш әрекет жасауға тура келеді. Мысалы, мұғалім өзінің назарына бір ғана баланы алмайды, 30—40 оқушыны, олардың не істеп жатқанын және мінез-құлқын байқауға, оқушының жауабын зер салып тыңдауға, оның тақтаға не жазғанына қарауға, жұмысын бағалауға, сабақтың жалпы өту барысын байқауға, уақытты, белгіленген жоспардың орындалуын т. б. қадағалауға тиіс. Қатарынан бірнеше заттарды немесе әр түрлі әрекеттердің орындалуын қадағалау зейіннің ерекше қасиетін, оның белінуін сипаттайды. Тек мұғалімнің жұмысы ғана емес, көптеген басқа мамандықтарда да зейінді дұрыс бөле білуді керек етеді. Мұның қатарына шофердың, ұшқыштың, диспетчердің және көптеген басқа мамандардың еңбегін жатқызуға болады. Мұғалімнің түсіндірмесін жаза отырып, оқушы да өзінің зейінін белуге тиіс, өйткені ол мұғалімнің айтқан сөйлемін жазумен қатар, онан әрі не айтатынын тыңдауға тиіс. Зейінді бөлгенде қатарынан орындалатын әрекеттердің ең болмағанда біреуін білудің маңызы зор. Көбінесе адам бұлардың біреуіне зейінін аударады, басқалары өзінен-өзі дерлік орындалып жатады. Іс-әрекет барысында адамға өзінің зейінін бір объектіден екінші объектіге, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіріп отыруға тура келеді. Зейінді жаңа объектіге саналы түрде көшіруді оның ауыстырылуы деп атайды. Ауыстырылудың табысты болуы және алдыңғы іс-әрекеті мен соңғы іс-әрекетінің ерекшеліктеріне және адамның жеке қасиеттеріне байланысты болады. Егер алдыңғы жұмыс үлкен ықыласпен істеліп, соңғы іс-әрекеті ондай ықыластылықты туғыза алмаса, онда зейін ауыстыру қиынға түседі. Егер, керісінше, адам жаңа жұмысқа бар ықыласымен кірісетін болса, онда оның зейіні оңай ауысады.