7-Дәріс ҚАЛАҚШАЛЫ СОРАПТАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІ
Дәрістің мақсаты: Қалақшалы сораптардың сипаттамаларын оқып-үйрену
Түйінді сөздер:Қалақшалы сорап, өтім, қуат, пайдалы әсер коэффициенті, айналым жиілігі
Қаралатын сұрақтар: Сораптардың теориялық сипаттамасы
Сораптардың теориялық сипаттамалары Қалақшалы сораптардың негізгі параметрлері (өтім, арын, қуат, пайдалы әсер коэффициенті және айналым жиілігі) өзара белгігі бір байланыстылықта болады. Оны сипаттамалық қисықтарды қарастыру кезінде анықтай аламыз.
Арыннің, қуаттың және ПӘК мәндерінің су өтімінің әртүрлі шамалары үшін Q— Н, Q—N және Q—η координаталарындағы нүктелер жұйесі ретінде берілуі мүмкін. Тұрақты айналым жиілігі жағдайында нүктелерді жатық қисық арқылы қоса отырып қарастырылып отырған параметрлердің сораптың су беруіне байланысты үздіксіз сипаттамасын саламыз. Сораптың негізі сипаттамалық қисығы тұрақты айналым жылдамдығы жағдайында (п=сопst) су беруге байланысты туындап отырған арыннің бір біріне байланысын Н=f(Q) көрсететін график болып табылады.
Q—Н теориялық сипаттамасын тұрғызу үшін ортадан тепкіш сораптың негізгі теңдеуін пайдаланамыз. Егер ағын доңғалаққа кірер жерде бұралмаған болса, онда:
. Сонда сораптың идеалды су беруі
Qт=πD2b2v2r одан
мұндағы D2 — жұмыс доңғалағының диаметрі;
b2— жұмыс доңғалағының ені.
3.1 суреттен көріп отырғандай:
n=соnst болған жағдайда шеңберлік жылдамдық и2 тұрақты болады. Қарастырылып отырған сорап үшін D2, b2және tgβ2 тұрақты шамалар болып табылады. Тұрақты мәндерді А және В коэффициенттері арқылы белгілейміз:
сонда:
Hт = А — ВQт.
(7.2)
7.1 сурет – Доңғалақтан шығар жердегі жылдамдықтар параллелограмы
Сонымен Hт -нің Qт-ға байланысы бірінші дәрежелі теңдеумен өрнектеледі. Олар Hт және Qт координаталарында түзу сызық түрінде салынады. Бұлардың еңістігі β2 бұрышының функциясы болып табылатын бұрыштық коэффициентке байланысты.
7.2 суретте бұрыштық коэффиценттің әртүрлі мәндері үшін (7.1) теңдеуінің графикалық интерпретациясы берілген.
β2<90°, β2=90° және β2>90° болғандағы түзу сызықтардың орналасуы келесі жағдайлармен сипатталады.
β2<90° болғанда (қалақшалар артқа қайырылған) tgβ2>Q, сондықтан Qтартқан сайын сорап тудыратын арын Hт кеми береді. Осының әсерінен теориялық арыннің су беріліміне байланыс сызығы (7.2 І сурет) көлбеу төмен бағытталған, tgβ2, ал β2 бұрыш кем болған сайын І сызықтың көлбеулігі де үлкейеді.