Ұйқы (қарын асты) безі – қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары гормондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта клеткалары бар. Альфа
клеткаларында гликоген, бета клеткаларында инсулин гормоны бөлінеді.
Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсутегінің, майлардың алмасуына қатысады.
Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликолизге қатысады. Сөйтіп организмді қажетті қантпен қамтамасыз етеді.
Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Ас ішкеннен кейін организмдегі әсіресе
қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады.
Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.
Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір граммынан 10Е (халықаралық өлшем бірлік), ересек адамнан 2Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180Е инсулин бөлінеді.