7 І. Теориялық бөлім



бет11/14
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#12808
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында

ІІ. Практикалық бөлім

    1. Бастауыш сыныптардағы тілдік мақсаттар

Әр пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады.

Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.

Академиялық тілді үйренуде тілдік мақсаттар маңызды құрал болып табылады.

Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып, оларды бағамдауға және қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді.

Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

- оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

- сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап, пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

- алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану;

- түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы;

- оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);

- тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

- тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау);

- сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі тақырыпшаларда ұсынылған:

1. пәнге тән арнайы лексика және терминология;

2. диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әрі оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады.

Тілдік емес пән сабақтарында оқу мақсаттарының басым бөлігі мазмұнға бағытталғанымен, кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек.

Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар арқылы оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл оқушыларды оқуға ынталандырып, ішкі уәжін арттырады. Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:

- белсенді оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру;

- оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты ресурстарды қолдану;

- әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын түрлендіру;

- оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).

Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегікестеде (1-кесте) мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.

1-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет