УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР
|
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН
ФАКТОРЛАР
|
1
|
түрлі оқыту мен оқу әдістерін
пайдаланатын белсенді мұғалім
|
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция
оқитын мұғалім
|
2
|
көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар
|
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде
қатыспайтын тапсырмалар
|
3
|
белгілі бір мағынасы бар және осының алдында өткен тақырыппен байланысты жаттығулар
|
айқын емес, түсініксіз және осының алдында өткен тақырыптармен байланыспайтын жаттығулар
|
4
|
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар
орындай алатын етіп сараланған
|
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе қабілеті жоғары оқушылардың мүмкіндіктері ескерілмейді
|
5
|
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – сабақ қызықты әрі мазмұнды
|
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі
қолданылады – сабақтың қандай болатынын алдын ала болжап білуге болады
|
6
|
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту
|
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді
|
7
|
әр оқушыға жеке қолдау көрсету
|
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді, мұғалім тарапынан қолдау болмайды
|
8
|
орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы
кері байланыс ұсынуы
|
мақтау айтылмайды және мұғалім
оқушыларға тиімсіз кері байланыс береді
|
9
|
оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан күтілетін нәтижені біледі
|
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің нені үйренетінін білмейді
|
Бастауыш сыныптардың оқу жоспарындағы ортақ тақырыптар сынып бойынша барлық пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.