Теориялық түсінік. Беттік керілу сұйықтың беттік қабатының шекарасына әрекет ететін Fбеттік керілу күшінің, сол шекараның ℓ ұзындығына қатынасымен өлшенеді:.
Сұйықтың беттік керілуі шектелетін шекералардың табиғатына және сұйықтың температурасына тәуелді. Берілген жұмысқа судың беттік керілуін екі тәсілмен, тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдістерімен өлшеу қажет.
1 Бірінші әдіспен өлшеу үшін 13.4-суретте көрсетілгендей құрылғы жиналады. Ұшы 3 шыны, 2 краны бар резеңке түтік 1 құйғыға кигізіліп штативке бекітіледі. Құйғыға таза су құйылады. Шүмек арқылы судың жеке тамшылары стақанға ағатындай етіп реттеледі.
Тамшының үзілер мезетінде беттік керулер күшінің F модулі массасы m тамшының Fау ауырлық күші модуліне тең болады
F=Fау немесе.
Достарыңызбен бөлісу: |