7. Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық семиотикалық тәсілдер Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс­ әрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады



бет1/3
Дата10.07.2023
өлшемі47,25 Kb.
#104158
  1   2   3

7. Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық семиотикалық тәсілдер
Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс­ әрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бір­біріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бәрі семиотикалық мәдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сәйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мәдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бір­бірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мәнге ие. Семиотикалық ­ тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе іс­әрекетінің құбылыстары қарама­қарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны «мәдениет емеске» қарама­қарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу және т.с.с. антитезі), — берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарама­қарсылықтар мәдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама­ қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің «сыртқы» контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді. Бұл көзқараспен қарағанда мәдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау және оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама­ қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл xx ғасырдағы ғылым (бұл жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі мәдениет» зерзатына кіреді. «мәдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді. Xx ғасыр басында орыс мәдениетінде қалыптасқан (а.блок) «мәдениет — өркениет» антитезі мәдениетті ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, «музыка жанымен» және сондықтан да «бастапқы» құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі «мәдениет — өркениет» антиподына тіркеледі. Сыртқы көзқарас жағынан қарағанда мәдениет пен мәдениет емес — бір­бірінен туындайтын, бір­бірін қажет ететін салалар. Мәдениеттің механизмі — сыртқы ортаны ішкі ортаға: бейұйымды — ұйымға, ақылсыздарды — ағартушыға, күнәлілерді — күнәсізге, энтропияны — ақпаратқа ауыстыратын құрылғы. Мәдениет тек қана ішкі және сыртқы орта аяларының қарама­қайшылығымен ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар ол бір саладан екіншісіне өтеді, ол тек қана сыртқы «ретсіздікпен» ғана күреспейді, оны қажет етеді, тек қана оны жойып қоймайды сонымен қатар оны жасап отырады. Мәдениеттің өркениетпен (және «ретсіздікпен») байланысы мәдениет өз антиподының пайдасына қарай «істен шыққан», кейіннен қалыпқа айналып және беймәдениетте іске асатын элементтерді бөгделейді. Сонымен мәдениеттің өзінде этропияның ұлғаюы мықты ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады. Осыған байланысты былай деуге болады, мәдениеттің әр тұрпатына ретсіздіктің бір сәйкес түрі бар. Ол алғашқы емес, біркелкі емес және өз­өзіне тең емес, мәдени ұйым саласы сияқты адамның белсенді шығармашылығы болып табылады. Әр тарихи мәдениеттің түрі өзіне тән бей мәдениеттің түріне ие. Мәдениеттен тыс бейұйым айна секілді айналмалы мәдениеттің орта аясы ретінде немесе кеңістік ретінде құрыла алады, ол берілген мәдениетке енген бақылаушының ұстанымынан қарағанда ұйымдаспаған, бірақ сыртқы ұстаным көзқарасынан бөгде ұйым саласы болып шығады… мәдениет өзінің шекарасын кеңейте отырып, барлық беймәдениет кеңістігін жаулап алғысы келгенмен және өзіне ұқсатуға ұмтылғанмен, сыртқы сипаттау тұрғысынан ұйымның орта аясын кеңейтіп, сол арқылы бейұйымның орта аясын кеңейтуге алып келеді. «мәдениет — мәдениеттен тыс кеңістік» оппозициясы берілген деңгейде ең аз бірлікті білдіреді. Іс жүзінде мәдениеттен тыс кеңістік (берілген мәдениет тұрғысынан «балалық», «экзотикалық ­ этникалық», «түпкі санадағы», «патологиялық» және т.б.) парадигмасы берілген. Әр түрлі халықтардың орта ғасырлық мәтіндердегі суреттеулері осыған ұқсас түрде құрылады: ортаға кейбір қалыпты жағдайдағы «біз» орналасады, оған парадигмалық тосын құбылыстар ретіндегі басқа халықтар қарсы қойылады. Мәдениет механизмінде сыртқы кеңістіктің белсенділігі былайша көрінеді: белгілі идеологиялық жүйелер мәдениетті құрайтын бастауларды сыртқы, ұйымдастырылмаған орта аясымен, оған мәдениеттің ішкі, мәдени өлі ретіндегі тәртіпті саласын қарама­қарсы қою арқылы байланыстыра алады. Мысалы, ресей мен батысты славянофильдердің қарама­қарсы қоюында біріншісі сыртқы, нормаланбаған, мәдени өңделмеген, бірақ болашақ мәдениеттің дәнін құрайтын орта аясымен байланыстырылады. Батыс — жабық, бір тәртіпке келтірілген, яғни, «мәдениетті» сонымен қатар мәдени өлі болып айқындалады. Сонымен, сыртқы бақылаушының ұстанымынан мәдениет қозғалмайтын синхронды теңгерімдегі механизм емес, дихотомиялық құрылым, оның жұмысы ретсіздік орта аясындағы тәртіпке деген агрессияда және ұйым саласына ретсіздіктің қарама­қарсы бағытталған кірігуінен көрініс табады. Тарихи дамудың түрлі сәттерінде қандай да бір қағида алдыңғы қатарда болуы мүмкін. Мәтіндердің мәдени орта аясына сыртқы жақтан келген инкорпорация кейде мәдени дамудың өте күшті ынталандырушысы болып табылады. Мәдениет пен оның сыртқы орта аясындағы ойын сәйкестігі мәдени әсерлер мен байланыстарды зерттеуде ескерілуі қажет. Егер мәдениеттің сыртқы орта аясына белсенді әсер ету кезеңдерінде ол өзіне тең нәрселерді қабылдаса, яғни өзінің тұрғысынан мәдениет дәйекті дерек болып қабылданады, ал өзінің экстенсивті даму сәттерінде ол оқылу құралдары жоқ мәтіндерді қабылдайды. Xx ғасырдағы еуропа мәдениетіне ата­бабалар өнерінің, архаикалық және орта ғасырлық өнердің немесе қиыр шығыстық және африкалық халықтардың өнерінің кең кірігуі бүл мәтіндердің оларға тән тарихи (немесе психологиялық) мән мәтінінен жұлынып алынуымен байланысты. Оларға «есейген адамның» немесе еуропалықтың көзімен қарайды. Белсенді рол атқару үшін олар «оғаш» секілді қабылдануы қажет. Ішкі және сыртқы кеңістіктердің арасындағы шиеленістің мәдени қызметі, мысалы, үй құрылыстарының (басқа да құрылыстарда) құрылымында айқын көрініс табады. Үйді жасау барысында адам кеңістіктің бір бөлігін қоршап қояды, ол сыртқы орта аясына қарағанда мәдени меңгерілген және ретті болып қабылданады. Бірақ бұл бастапқы қарама­ қайшылық тек қана тұрақты және бір­біріне қарсы бағытталған оны бұзушылықта ғана мәдени мәнге ие болады. Бір жағынан, жабық «үй» кеңістігі сыртқы әлемнің антиподы сияқты қабылдана бастамайды, бірақ оның үлгісі және баламасы (мысалы, ғибадатхана — дүниенің бейнесі) сияқты. Бұл жағдайда ғибадатхана кеңістігінің жүйелілігі (тәртіпке бағынуы) ретсіздік орта аясын баса отырып, сыртқы әлемге беріледі (ішкі кеңістіктің сыртқа қарай агрессиясы). Екінші жағынан, сыртқы әлемнің кейбір қасиеттері ішкі әлемге кіреді. Мұнымен үйдің ішінде «үйдің үйін» бөліп көрсетуге ұмтылу байланысты (мысалы, алтарь тұратын кеңістік — ішкі орта аясының ішкі жағы). Ғимараттың ішкі және сыртқы кеңістігінің арасындағы «ойынның» өте қызық мысалы ретінде барокко сәулет өнерін атап өтуге болады. Шекарадан шығып кететін құрылымдарды жасау (жақтаудан шығып тұратын суреттер, тұғырынан түсіп қалған мүсіндер, сыртқы табиғат көрінісін интерьерге енгізу үшін жасалған, терезе мен айналардың қос ­ қостан тұру жүйесі) мәдени орта аясын ретсіздікке және ретсіздікті мәдени орта аясына итермелейді.
8. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы
Ұлттық код дегеніміз ең алдымен тілде сосын дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізде, дінімізде, ұлттық мәдениетімізде көрінеді.
Қазақ баласының танымы мол тарихында мәдени, рухани болмысы ізгілік пен әдептілікке, қайырымдылыққа толы. Ұлттық код- ізгілік, адалдық, инабат, этикет, ақыл танылады.
Рухани кодымызда ұлттың ішкі жан дүниесі көрінеді.
Ұлттық код қайда? Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, ж. Баласағұни, м. Қашқари, а. Иасауи, абай мен шаһкәрім, ақымет пен әлихан, мағжан мен міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол -өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

9. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет