7 модуль оқытудың тиімді әдістері Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



бет5/6
Дата09.10.2022
өлшемі71,19 Kb.
#41995
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
«Ақылдың алты қалпағы»
Нәтижесі: Әр оқушы ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дағдыланады; бірін-бірі үйретуге машық-танады; әр түрлі көзқарастарды салыстырады, сынай алады; басқалардың пікірлерін құрметтеуге, бағалауға үйренеді; ойлау, болжау, қиялдау қабілеттері артады; өзін-өзі ынталандыра алады; білім алуға деген ұмтылыс пен қызығушылықтары ашылады; білімдерін тереңдетеді және шоғырландырады.
II. Мағынаны тану.
«Блум таксономиясы» бойынша тақырыпқа сәйкес алты түрлі сұрақ алдын-ала дайындалып, таратылады. /Оқушылар дайындалуға 7-8 минут уақыт беріледі/ Оқушылар сол сұрақтар бойынша оқулықтан және ізденгендері бойынша бар білгендерін айтып, бірін-бірі толықтырып, топтасып жұмыс жасайды.Ал мұғалім тек бағыт беріп отырады.
Сабақ «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жүргізіледі.Қалпақ орнына түрлі-түсті галстуктер алынады.Әрбір түстің өзіндік білдіретін көзқарасы бар.
Білу/ақ галстук/: Тақырып бойынша негізгі статистикалық мәліметтерді сызбаға түсіру. Тақырыпқа сәйкес негізгі фактілер бойынша сөйлейді. Оқулықтан түсінгендерін қысқаша баяндайды.Тапсырма орындау кезінде автор орындығын пайдаланады.
Түсіну/сары галстук/ : Қазақ халқының өзге ұлттармен достығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі,бауырмалдылығы туралы айту. Өз ойларынан мысалдар келтіреді. Мысалы: Қытайдан көшіп келіп жатқан оралмандарды үй беріп,жұмыс беріп,барлық жағдайын жасап қарсы алу.Ал біздің қазақтардың жағдайын басқа ел жасай ала ма, қалай ойлайсыздар?
Қолдану/қызыл галстук/ : Қазақ халқын басқа ел халықтарымен салыстыру. Мысалы: Біздің ауылда татар ұлты тұрады.Харисовтар отбасы.Бұл отбасын ауыл тұрғындары еш кемсіткен емес.Бір туғандай болып кетті.Олардың қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі болмағанымен, елу пайызын сақтайтынына сенімдіміз.Өйткені олар қазақ елінде тұрады./Осы тұста қазақ пен татар елінің ұқсастықтары мен айырмашылығын көрсету үшін Венн диаграммасы қолданылады.Демек,қазақтардың пейілінің кеңдігі. бауырмалдылығы осы жерде анық байқалады.т.б
Талдау/қара галстук/ : Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері тату тұрады.Дегенмен кейде ұлттар арасында келеңсіз жағдайлар туындайды.Мысалы: Сарағашта болған оқиға. Бұл неден болуы мүмкін? деген сұрақ тасталады.Оқушылар өз пікірін қосып,білгендерін айтып,талдайды.
Жинақтау /жасыл галстук/: Қазақтың ұлттық белгілері туралы айту.Қазақтың ұлттық тағамдары,ұлттық киім үлгілері туралы айтады. Егер мен дизайнер болсам, болашақта киім үлгілерін былайша тігер едім...
Бағалау/көк галстук/ барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.
«Қазақстандағы барлық халықтар ұлтының өзгешелігіне қарамай қазақша сөйлесе екен!» немесе «Мен қазақ болып туғаныма қуанамын.»Үндеу хат немесе эссе жазу.
III.Рефлексия. Осылайша оқушылар арнайы сұрақтардың жауаптары төңірегінде ой бөлісіп,бірінің білмегенін бірі толықтырып,сабаққа қаншалықты қатысқандарын байқатады.Әр тапсырма орындалған сайын оқушылар ынталандырылып, «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.Балалар өз ойларын айтып,жауап беру сәтінде «Автор орындығын» пайдаланады.Жүрекшеге тілектер жазып, сабақты қорытындылайды. Сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы көрсетеді. Бағалау парағы арқылы топ жетекшілері және мұғалім бағасы шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет