7-сыныптың Физика пәнінің оқу бағдарламасына талдау



Дата30.04.2023
өлшемі20,5 Kb.
#88534
түріБағдарламасы
Байланысты:
физика


Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті

7-сыныптың Физика пәнінің оқу бағдарламасына талдау


Пәні: Физиканы оқытудың заманауи әдістері
Тексерген: Жусупкалиева Г.К.
Дайындаған: Бақтығалиева Әдемі, физика-информатика

Атырау қаласы, 2022 жыл




  1. Бағдарламаның ғылыми деңгейі, қазіргі заманның физикасының даму деңгейіне сәйкестілігі:

7-сыныптардағы бағдарламаның мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1)оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.

  1. Бағдарламада негізгі педогогикалық және әдістемелік идеялардың ашылуы:

7-сынып бағдарламасының педогогикалық идеясы бойынша оқушы физика ғылымының алғашқы жалпылама білімін меңгереді. Яғни, төмендегі тақырыптармен танысады:
Физика – табиғат туралы ғылым;
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;
Физикалық шамалар мен өлшеулер;
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI);
Скаляр және векторлық физикалық шамалар;
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.;
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
Механикалық қозғалыстар;
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы;
Санақ жүйесі;
Қозғалыстың салыстырмалылығы;
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар;
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу;
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері;
Тығыздық;
Масса және денелердің массасын өлшеу;
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу;
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі;
Денелердің өзара әрекеттесуі;
Инерция құбылысы;
Күш;
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ;
Деформация;
Серпімділік күші, Гук заңы;
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру;
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу;
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы;
Қатты денелердегі қысым;
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы;
Қатынас ыдыстар;
Гидравликалық машиналар;
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу;
Манометрлер. Сорғылар;
Кері итеруші күш;
Жұмыс және қуат;
Механикалық жұмыс;
Қуат;
Энергия;
Кинетикалық энергия;
Потенциалдық энергия;
Энергияның сақталуы және айналуы;
Күш моменті. Жай механизмдер;
Иіндіктің тепе-теңдік шарты;
Пайдалы әрекет коэффициенті;
Жер және Ғарыш. Аспан денелері туралы ғылым;
Күн жүйесі;
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл).
Бағдарламаның әдістемелік идеясы оқушыларға педогогикалық идеяны меңгерту жолдары. Оған оқу мақсатын және оқу жоспарын айтуға болады.

  1. Бағдарламаның құрастырылу қағидаларының орындалуы: Жалпы оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленеді. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген). Бағдарламада әрбір сыныпқа сай белгілі бір мақсат және міндет айқындалады. Оқу пәнінің мазмұны бойынша оқу жүктемесінің көлемі анықталады. Ол «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

  2. Пәнаралық және пәнішілік байланыстардың орындалуы:

Жалпы физика пәні табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол жаратылыстану ғылымдарымен яғни, алгебра, геометрия және химиямен тығыз байланысады. 7-сыныптың Физика оқу пәнінің бағдарламасы алгебра және геометрия пәнімен байланысқан. Мысалы, «Скаляр және векторлық шамалар» тақырыбын алар болсам, бұл шамалармен оқушы таныса отырып, оларға есептеулер жүргізу кезінде алгебралық және геометриялық білімдерін пайдаланады. Пәнішілік байланысқа келер болсақ, физиканың барлық бөлімдері, мысалы, механика, молекулярлық физика және кванттық физика, олар бір-бірімен байланысып, толықтырылады. Яғни, физика оқу пәнінің бағдарламасындағы пәнішілік байланыс жоғары деңгейде.

  1. Бағдараманы оқушылардың тиісті жастағы меңгеруі үшін оның қолжетімділігі тұрғысынан бағалау: 7-сынып оқушысы үшін бағдарлама толықтай сай жасалған. Жалпылама алғашқы білім беруге толықтау жарамды бағдарлама. Мысалы, механика тарауын алар болсам, кинематика бөлімінде 7-сынып оқу бағдарламасында механикалық қозғалыс жайлы алғашқы түсінік беріледі. Бұл осы сынып оқушысы үшін түсінікті әрі қолжетімді. Ал, кинематикадағы айнымалы қозғалыстар, қисықсызықты қозғалыстар күрделі болғандықтан ол 9-сынып бағдарламасында қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет