ХАССП (ағылш . Hazard Analysis and Critical Control Points (HACCP) — тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері) — өнімнің қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіруді, бағалауды және басқаруды көздейтін тұжырымдама. ХАССП жүйесі жеті негізгі қағидатты ескере отырып әзірленуі тиіс:
Қауіпті факторларға (тәуекелдерге) талдау жүргізу — өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде тәуекелдердің маңыздылығын және олардың қауіптілік деңгейін бағалау процесі арқылы.
Сыни бақылау нүктелерін (ККТ) анықтау.
Әрбір ККТ үшін сыни шектерді беру-процестің бақылауда екенін көрсететін критерияны анықтау.
Жоспарланған шаралар немесе бақылау негізінде сыни бақылау нүктелерін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мониторинг жүйесін әзірлеу.
Мониторинг нәтижелері нақты сыни бақылау нүктесінде басқарудың болмауын көрсеткен жағдайда қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын анықтау.
ХАССП жүйесі жұмысының нәтижелілігін растау үшін верификация рәсімін әзірлеу.
ХАССП қағидаттарына сәйкес келетін барлық рәсімдер мен жазбаларға және оларды қолдануға қатысты құжаттаманы әзірлеу.