70. Wordwall платформасының кемшіліктерін, артықшылықтарын атаңыз


Әдістемелік кешен негізінде қашықтан оқыту контентін құру



бет11/12
Дата23.09.2023
өлшемі81,82 Kb.
#110031
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Документ (12)

89. Әдістемелік кешен негізінде қашықтан оқыту контентін құру
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттерінің оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискілерде сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді өз бетімен алу және бақылау үшін оны кешенді қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.
Кейс–технологияға арналған контент
Кейс–технологияға арналған контенттерді жасақтауда әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, анықтама, оқу, аудио, бейне, бақылау және емтихан материалдары, қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері секілді элементтер қолданылуы қажет.
Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта оқу әдістемелік материалдардың кешені беріледі. Кешенді даярлауды ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.
Қашықтықтан оқытудың контенттері: Білім алаушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдарымен, яғни контентпен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондақ оқу-әдістемелік кешен болуы керек; Электрондақ оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады; Әрбір пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша бөліктерден тұруы керек. Оқу-әдістемелік қаматамасыз ету жеке және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың кезеңдері:
виртуалды

синхронды

асинхронды

Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.


Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет