70. Wordwall платформасының кемшіліктерін, артықшылықтарын атаңыз


Сабақты ұйымдастырудағы инфографиканы пайдаланудағы тиімділігі



бет4/12
Дата23.09.2023
өлшемі81,82 Kb.
#110031
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ (12)

76Сабақты ұйымдастырудағы инфографиканы пайдаланудағы тиімділігі
Инфографика (ақпараттық графика) мәтінге қарағанда күрделі ақпаратты жылдам әрі жақсы түсіндіреді. Алайда инфографикада көркемдік емес, ақпараттық элемент басым болуы тиіс. Бір-екі абзацпен түсіндіруге болатын ақпаратты инфографикаға айналдырудың қажеті жоқ. Инфографиканың басты ұстанымы – «аз уақытта көп ақпарат жеткізу». Ақпаратты визуалды формада жеткізу оны оңай қабылдауға септігін тигізеді. Инфографика қосымша түсіндіруді қажет етпей түсінікті болатын ақпараттың барлығын қамти алуы керек. Инфографикада сонымен қатар ақпараттың дереккөзін, төменгі жағына көрсетіп қою керек.
77. Joyteka, Wordwall платформасының мүмкіндіктерін салыстырыңыз
Екі платформаның ұқсастығы екеуіндеде тапсырмаларды ойын арқылы құрастырамыз.
Joyteka платформасы 5 тапсырмадан тұрады. Олар: квест, видео, викторина, терминдер және тест
Біз дайындаған тапсырмаларды оқушыларға ссылка арқылы немесе код арқылы қосылуға мүмкіндік бере аласыз. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін оның нәтижесін көре аламыз. Дайындаған тапсырмаларымызды қайта өңдеугеде мүмкіндік бар. Тапсырмаларға кейбір шектеулер қою үшін немесе жоғары деңгейде тапсырмалар дайындау үшін премиум сатып алу керек.
1. Квест, видео, тест тапсырмаларында үш түрдегі тапсырмалар бар, олар:
Ашық сұрақ, көп таңдау, жалғыз таңдау
2. Барлық тапсырмаларда оқушылармен кері байланыс жүргізе аламыз.
Wordwall платформасында көптеген шаблондар бар соларды пайдалана аламыз. Оқушылармен кері байланыс жүргізе аламыз. Яғни біз дайындаған тапсырмамызды ссылка, qr, арқылы бөлісе аламыз. Платформаның артықшылықтарының бірі тапсырманы classroom ға да жүктеп оқушылармен кері байланыс жасай аламыз.
Wordwall платформасында шаблондар көп болғанымен онда 5 тапсырмадан артық тапсырма дайындай алмаймыз.
78.Инфографика түсінігі және ерекшеліктері. Инфорграфика жасауға арналған сервистер, мысал келтіріңіз
Инфографика - бұл белгілі бір күрделілігі мен маңыздылығы бар ақпаратты тікелей және жылдам синтездеу мақсаты болып табылатын мәтінді, иллюстрация мен дизайнды біріктіретін түсіндірме сурет.
Инфографика әртүрлі модельдерге жауап береді, мысалы, диаграммалар, схемалар, тұжырымдамалық карталар және басқалар. Сол сияқты, олар визуалды ресурстардың әр түрлі түрін пайдаланады: тілдік және тілдік емес: мәтін, суреттер, түстер, орналасу критерийлері және барлық пайдалы пластикалық және композициялық элементтер.
Бұл күнделікті баспасөзде де, журналдарда, дидактикалық кітаптарда, веб-парақтарда, әлеуметтік желілерде және барлық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданылатын ресурс. Мысалы, дауыс беру туралы нұсқаулық, тамақтандыру туралы нұсқаулық және т.б.
Инфографика жасауға арналған сервистер:
1. Canva
2. Piktochart
3. Visme
4. Crello
Мысал ретінде Canvaны алатын болсақ ол - ең танымал графикалық қызметтердің бірі. Бұл платформаны жаңадан бастағандар да, тәжірибелі дизайнерлер де пайдалана алады. Интерфейс өте қарапайым көрінеді, оны түсіну қиын болмайды. Ал егер бірдеңе түсініксіз болса, сайтта жұмысыңызға көмектесетін кеңестер бар.
Артықшылықтары:
Үлкен үлгілер галереясы, яғни өте көп шаблондарға мүмкіндік бар

Жылдам жүктеу

Жылдам басып шығару

Элемент анимациясы

Кемшіліктері:

Қосымша мүмкіндіктерге ақылы кіру яғни қызметтері ақылы түрде болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет