Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады
Қан тамырларының тарамдалу заңдылықтары. Ұрықтық дамудың
бастапқы кезеңінде іштөлдің қан тамырлары тор түрінде қалыптасады.
Жүректің жетілуіне байланысты, тамырлар торындағы қан қозғалып аға
бастайды. Қоректендіретін мүшелердің қызметіне сəйкес, қан өз кезегінде
тамырларға əр түрлі деңгейде қысым түсіреді. Нəтижесінде əр түрлі қан
тамырлары жетіліп, олар артерияларға, веналарға жəне микроайналым
арнасының қан тамырларына ажырайды.
83)Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қантамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалғасы. Жалғама — құрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары — бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырларысоңғы тармақтарының өзара байланысып торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі артерия немесе вена тамырларыаралығындағы қылтамырлар (капиллярлар) торын "ғажап тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің әртүрлі жазықтық деңгейінде орналасқан қантамырларының байланысып жалғасуынан — тамырлар тораптары түзіледі. Артериолалар мен венулалардың қылтамырларға тарамдалмай, тікелей өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда болады. Анастомоз — негізінен қозғалмалы ағзаларда (қарын, ішек т.б.), аяқтар буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анастомоз денедегі қан қысымын реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді
анастомоз (грек тілінен. anastomos – ауызды қамтамасыз етемін) – фистула, қалған екеуін байланыстыратын кез келген үшінші тамыр;
Дененің негізгі бөліктерін (қолқа, ұйқы артериялары, бұғана асты, мықын және т.б.) қамтамасыз ететін және жеке тамыр жүйелерін білдіретін ірі артериялық магистральдардың тармақтары арасындағы анастомоздар жүйеаралық деп аталады. Бір үлкен артерия магистралінің тармақтары арасындағы, оның тармақталу шегімен шектелген анастомоздар жүйе ішілік деп аталады. Бұл анастомоздар артерияларды таныстыру барысында байқалды. Ең жақсы органішілік артериялар мен веналардың арасында анастомоздар – артериовенозды анастомоздар бар. Олар арқылы қан толып кеткен кезде микроциркуляциялық төсектің айналасында ағады және осылайша капиллярларды айналып өтіп, артериялар мен веналарды тікелей байланыстыратын коллатеральды жолды құрайды. Сонымен қатар, коллатеральды айналымға нейроваскулярлық шоғырлардағы негізгі тамырлармен бірге жүретін және периваскулярлық және перинервальды артериялық және веноздық төсек деп аталатын жұқа артериялар мен веналар қатысады. Анастомоздар практикалық маңыздылығынан басқа, артериялық жүйенің бірлігінің көрінісі болып табылады, оны зерттеуге ыңғайлы болу үшін біз жасанды түрде жеке бөліктерге бөлеміз.