Ф.7. 28-04
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Басқару және бизнес» жоғары мектебі
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы
7М04120 «Менеджмент» білім беру бағдарламасының
I курс магистранты А.Ж. Әділбектің
2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша
ЕСЕБІ
2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында келесі пәндер бойынша дәріс және семинар сабақтарына қатысты:
- Табиғат ресурстарын қорғау және басқару;
- Старегиялық жоспарлау және болжау;
- Психологияны басқару;
- Ұйымдастыру мәдениетін басқару.
Осы пәндер бойынша МӨЖ және емтихандар тапсырылды.
Магистрлік жұмыс тақырыбы: Ұйымды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Жетекшімен бірге жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жасалды. Қазіргі уақытта екінші бөлім (аналитикалық) әзірленді және бірінші (теориялық) бөлімге толықтырулар енгізілді.
«Хабаршы ЮКУ» баспасында екі мақала шығару жоспарда болған. Ақпан айында «Ұйымды тиімді басқарудың стратегиясы» тақырыбында мақала жарияланды. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан, «ICITI» халықаралық конференциясының еңбектер жинағында «Ұйымды басқару мәдениеті» тақырыбы бойынша мақала шығару жоспарда бар.
Қазіргі уақытта магистрлік жұмыс тақырыбы бойынша отандық және шетелдік авторлардың кітаптар, журналдар, мерзімді басылымдар, еңбек жинақтары, интернеттегі ақпарат қоса алғанда көптеген әдебиет көздері зерттелді. Осы тақырып бойынша пайдалы сілтемелер жасалды және библиография жасалды.
14.03.2022 ж. бастап 14.05.2022 ж. дейін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенттеріне менеджмент пәні бойынша педогогикалық іс-тәжірибеден өтіп, оқу бағдарламасымен танысып өтілді. Сонымен қоса, оқыту қызметімен танысу, зерттелетін проблема бойынша ақпаратты жинау, талдау және жүйелеу жүргізілді..
Оқу жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес ақпараттар толықтай жиналып, тағылымдамалар негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілмек.
Магистрант Әділбек А.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |