Электр заряды – денелердің немесе бөлшектердің электромагниттік әрекеттесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама.
Электр заряды – денелердің немесе бөлшектердің электромагниттік әрекеттесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама.
Элементар заряд шамасы электронның зарядына тең кішкентай оң немесе тең заряд (e = 1,6∙10-19Кл).
Электр зарядтарының қасиеттері:
Электр зарядының екі түрі бар, оң және теріс. Аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады.
Электр заряды инвариантты, яғни санақ жүйесінен тәуелсіз.
Электр заряды дискретті, яғни кез келген дененің немесе элементар бөлшектің заряды элементар зарядқа бүтін еселі болады.
Электр заряды аддитивті, яғни денелердің (бөлшектердің) кез келген тұйық жүйесінің заряды осы жүйеге кіретін бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысымен анықталады.