дәріс
8- дәріс. Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер. Дәріс жоспары:
Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда боуы.
Психикалық дамыту және үйрету.
Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу
Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.
Сәбилік шақта жаңа іс – әрекеттің пайда болуы.
Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері ( сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).
Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.
Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмытылысын қанағаттандырады.
Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.
Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық іс-әрекетті ұйымдастырып, бағыт беріп отырады.
Үйрету егер психикалық дамудың бала жеткен дәрежеіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Үйрету баланың дамуына ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат- сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу керектігін білу.Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.
Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.
Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз.