Компилятор жұмысының нәтижесі сlass кеңейтілуі бар бинарлы файлдарда сақталады. Java-да қолданылатын мәліметтердің 8 типі бар, олар объект болып табылмайды
Компилятор жұмысының нәтижесі сlass кеңейтілуі бар бинарлы файлдарда сақталады. Java-да қолданылатын мәліметтердің 8 типі бар, олар объект болып табылмайды.
Компилятор жұмысының нәтижесі сlass кеңейтілуі бар бинарлы файлдарда сақталады. Java-да қолданылатын мәліметтердің 8 типі бар, олар объект болып табылмайды.
Бес бүтін санды типтер бар, олар: byte, short, int, long және символдық тип char. Екі нақты тип float, double және бульдік тип boolean кіреді. Мұндай типтерді қарапайым немесе примитивті типтер деп атайды (ағылшынша primitive).
Басқа барлық типтер объектілі немесе сілтемелі (ағылшынша, reference) тип деп аталады. Java синтаксисі C/C++ тілдерінің негізінде құрылған.
Java тілінің ерекшеліктері
1 Объектіге бағытталған тіл, онда тиімді объектілі модель құрылған;
2 С/С++ синтаксисін қолдайды;
3 Internet ортасында да пайдалануға бағытталған, мұнда желілік қосымшаларды құруға да болады;
4 динамикалық: жаңа мүмкіндіктерді қосу және дамыту мүмкіндігі бар;
5 үйрену үшін қарапайым тіл деп саналады.
Алғашқы программа
Java тілінің алғашқы файлы – кластардың бір немесе бірнеше сипаттамаларынан тұратын мәтіндік файл. Программа файлы java кеңейтілуі бар файлдарда сақталады (Hello.java). Файл аты мен класс аты бірдей болуы тиіс. Сонымен, алғашқы Java-программа мәтіні:
class HelloWorld
class HelloWorld
{ public static void main (String args [ ])
{ System. out. println ("Hello World"); } }
Программаны трансляциядан өткізгенде, class типіндегі аралық файл пайда болады. Содан кейін ол орындалып, программа нәтижесі шығады. Жоғарыдағы файлды Hello.java орындағанда, оның нәтижесі мынадай сөз болады: Hello World!
Программа жолдарын талдап барып, тілдің төмендегі негізгі элементтерін қарастырамыз, олар: бос орын, комментарий, түйінді сөздер, идентификаторлар, литералдар, операторлар және айыру таңбалары.
Программа жолдарын талдап барып, тілдің төмендегі негізгі элементтерін қарастырамыз, олар: бос орын, комментарий, түйінді сөздер, идентификаторлар, литералдар, операторлар және айыру таңбалары.
Енді әрбір жолға тоқталып өтейік: class Hello World
{ … }
Мұнда class түйінді сөзі қолданылады. Ол трансляторға жаңа класты сипаттайтынымызды хабарлайды.