8-дәріс. Салт-дәстүрдің теориялық және діни негіздемелері мен оның ағартушылық арналары Дәстүр латынның «trаditiо»


Ислам және денсаулық, ондағы вакциналарға байланысты көзқарастар



бет13/32
Дата09.05.2022
өлшемі0,57 Mb.
#33136
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Дәрістер Дін және діни культтік тәжірибелер Кусаинов Д.У.

Ислам және денсаулық, ондағы вакциналарға байланысты көзқарастар
Өзін тексеру сұрақтары:


  • Сүннетте адам денсаулығын сақтауға байланысты қандай идеялар бар?

  • Намаз оқу мен ораза ұстаудың адам денсаулығына тигізетін қандай пайдасы бар?

  • Вакцина салу туралы ислам діні қандай идеялар айтады?


ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейханұлы: «Бұ заманның ғалымдары тарих ең оңды мұғалім деп түсінеді. Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмаймын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежеде ұғып білуге тиіс болады... Бұл кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс», – деп мәні терең тұжырым жасаса, сол ғасырдың аяғына қарай Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз, мұсылманбыз, оның ішінде Ханафи мазхабының суниттеріміз. Бұл жол біздің ата-бабаларымыздың ұлттық дәстүрге деген құрметімен негізделген…». Бұдан бөлек, «Біз мұсылман үмметінің бір бөлігі екендігімізге мақтан тұтамыз» деп, айрықша, тарихтың – өткеннен үлгі, танымға таразы, тіршілігіңе бағдар беретін құндылық екенін және Ислам діні қазақ мәдениеті мен руханиятының ажырамас бөлшегі болып табылатынын басып айтқан болатын.

Мұсылмандық танымның қазақ жерінде орнығуының тарихы терең. Мұсылман қауымының ІІ халифасы Омардың тұсында-ақ дін насихатшылары Орта Азияға келіп жетті. Халқымыз аз мерзімнің ішінде исламды толық қабылдап, оны түрлі қырынан зерттеп, әлемге әйгілі ислам ғалымдары біздің байтақ жерімізде дүниеге келді. Қазақ топырағына ислам дінінің келуі жəне орнығуымен қатар бүкіл Ислам əлемінің жарық жұлдыздары – Əбу-Насыр əл-Фараби, Əбу Ибрахим Исхақ əл-Фараби, Ғаламаддин əл-Жауһари, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Жүйнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ғұлама ғалымдарымыз ислам мəдениеті мен ғылымын əлемге паш етті.

Қараханидтер мемлекетінің негізін құрушы Қарахан 960 жылы қайтыс болғаннан кейін оның баласы Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялағаны белгілі. Қараханидтер (IХ-Х ғ.) кезінде Ислам мемлекеті ретінде танылғанымызға Қытай хандарымен жүргізілген келіссөздерге қойылған мөр дәлел. Мұның бәрі, қазақ халқының оған дейінгі отқа, ай, күнге, табиғатқа табыну сияқты т.б. тәңіршілдік нышандарынан кейін, мұсылманшылықты берік ұстанып, ондағы барлық құндылықтарды қадірлеп қанына, санасына сіңіргендігіне дәлел болады. Яғни, біздің ел – қазақ болып танылғалы мәдениетінің негізі мұсылманшылықтан басталып, ондағы құндылықтарды бойына сіңірген. Қазіргі күнде де халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының Құран мен сүннеттен нәр алады.

Осыған орай бірінші тарау бойынша: дәстүр, әдет-ғұрып ұғымдарының терминдік мән-мағынасы, қоғамдық жүйедегі атқаратын рөлі жайында жан-жақты зерттелді.

Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) – тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б.

Дәстүр – белгілі бір қоғамда, әлеуметтік топта қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әлеуметтік және мәдени мұра жиынтығы. Дәстүр қатарына қоғамға ортақ құндылықтар, идеялар, әдет-ғұрыптар жатады. Аталған тарауда дәстүр түсінігіне және оның қызметіне байланысты әлемдік деңгейдегі және ғалымдардың белгілі тұжырымдары келтірілді.

Қазақ тіліндегі «әдет» сөзінің шығуына талдау жасалынып, адамдар арасында көп қайталану әсерінен дағдыға айналған істер әдетті білдіретіндігі дәлелденді. Ал «ғұрып» сөзі арабтың адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекеттер, үрдіс деген мағыналарды білдіретіндігі негізделді. Әдет-ғұрып – кез келген халықтың дініне, өмір сүру формасына, ұлттық ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы қалыптасып жинақталған өзіндік нормалар формасы. Бұл нормалар арқылы бір топты екіншісінен айыруға және олардың әлеуметтік жүйедегі ерекшеліктерін анықтауға болады. Әдет-ғұрып ұлттың өмір сүру қағидаларын анықтап, қоғам заңдылығы ретінде адамдардың тәрбие, тағылым, тіршілік ережесіне айналады. Халық аталған талаптарды бұлжытпай орындайды. Қоғамның ауызбіршілігінің сақталуы тікелей осы әдет-ғұрыпқа байланысты.

ХХІ ғасырдағы ғылыми-технологиялық жетістіктердің қарыштап дамуына қарамастан дін мен дәстүрді халық өмірінен ажыратып қарауға болмайды. Дін мен дәстүр құндылықтары елдегі руханияттың нақты өлшемі болып табылады. Осы себепті мемлекет дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту ісіне барынша мән беруі қажет. Бұл жолдағы кешенді іс-әрекеттер қатарына келесідей мәселелерді жатқызуға болады:

Біріншіден, ұлт бойындағы рухани әлеуетті тиімді пайдалану. Қазақ халқының бойында сан ғасырлардан бері келе жатқан дінге қатысты өзіндік тамыры терең жол бар. Ол халықтың рухани-моральдық ұстанымдарында (ар, ұят, обал, сауап т.б.) көрініс тапқан. Бүгінгі міндет аталған негіздерді күнделікті өмірде басшылыққа алу және ұрпаққа насихаттау;

Екіншіден, ұлттың дәстүрлі діни құндылықтары мемлекеттік деңгейде түсіндірілуі тиіс. Бұл жұмысқа дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары және баспасөз ақпарат құралдары белсенді түрде атсалысқаны жөн;

Үшіншіден, дінді тәрбие құралы ретінде пайдалану арқылы жас ұрпақтың имани-рухани деңгейін жоғары деңгейге көтеру. Өз кезегінде бұл үрдіс қоғамдағы әртүрлі теріс факторлардың алдын алуға жәрдемдеседі;

Төртіншіден, діни білім беру орындарындағы білім сапасын қадағалау және шәкірттердің зияткерлік қабілеттерін шыңдау;

Бесіншіден, қазақ жеріндегі толеранттылық қарым-қатынастарды сақтаудағы ислам әлеуетін тиімді пайдалану.

Еңбектің екінші тарауы бойынша: қазақтың салт-дәстүрі мен ислам діні, қазіргі қазақ қоғамындағы дін мен дәстүр арақатынасы және де бұл тұрғыдағы қалыптасқан мәселелер бойынша талдау жұмыстары жасалды. Қазақ халқы ұстанатын Ханафи мазһабының басты ерекшеліктерінің бірі діни үкім шығарудың әдістерінің бірі ретінде әдет-ғұрыпқа жүгінуі болып табылады. Ислам ғұламалары әдет-ғұрыптың дінде назарға алынуы үшін кейбір шарттар қойған: Бірінші шарт, әдет-ғұрыптың кеңінен қолданыста болуы керек. Егер үкім шығарылатын жердің халқы белгілі бір мәселе бойынша әртүрлі әдет-ғұрыптарды ұстанатын болса, ортақ қолданыста жоқ болса, онда ол әдет-ғұрыпты негізге алып, діни үкім шығармайды. Екінші шарт, төреші рөлін атқаратын әдет-ғұрыптың сол мезетте бар болуы қажет. Үкім шығару кезінде бір әдет-ғұрып бар болып, кейін ол өзгеріп кетсе, үкім беретін кезде қолданыста болған әдет-ғұрып негізге алынады. Қазақ әдет-ғұрпының исламға қайшы келетін тұстары жойылып, ал кереғар болмаған тұстары сақталып қалды. Бұл құбылыс Ханафи мазхабының өзге ұлттардың салт-дәстүріне қатысты ұстанған толерантты арақатынасымен де байланысты болды. Ханафи мазхабы араб емес ұлттардың салт-дәстүрінің сақталуына және діни үкімдер шығаруда оларды басшылыққа алуға болатынына рұқсат берді. Осылайша түркі халықтарында толерантты негіздегі діни сенім жүйе-сі орнықты. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ жеріне шет мемлекеттердің исламдық діни идеологиялары келе бастады. Ол жайт қоғамдық өмірде дін мен дәстүр мәселесіне қатысты қарама-қайшы-лықтардың, түсініспеушіліктердің туындауына себепкер болды.

Жалпы қазіргі қоғамда деструктивті діни ағымдардың идеологиясы әсерінен туындаған дін мен дәстүр мәселесіне қатысты қайшылықтарды жою үшін төмендегі мақсат-міндеттерді жүзеге асыру қажет:

Біріншіден, зайырлы және діни қызметкерлер тарапынан бұқара халыққа дін мен дәстүрдің арақатынасы, қоғамдағы діннің, салт-дәстүрдің қызметтері жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту;

Екіншіден, қазақ салт-дәстүрінің ислами негіздері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми, көркем әдебиет шығармаларында жиі насихаттау. Ата дінінің исламмен тамырлас екенін түсінген халық деструктивті діни идеологиялардың арбауына бой алдырмайды;

Үшіншіден, көркем фильмдер, деректі фильмдер, қысқаша бейнероликтер, көшелердегі билбордтар арқылы дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттау. Мемлекет азаматтары дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы ақпараттарды визуалды тұрғыдан көру арқылы саналарына сіңіреді;

Төртіншіден, исламдық дін қызметкерлерінің уағыз-насихат жұмыстары қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен астасып отыруы керек. Қазақ ойшылдарының діни пікір-пайымдарын айту арқылы көпшілікке мұсылман ата-бабаларының аманатын жеткізуге, сол арқылы бабалар аманатын сақтаудағы жауапкершілігін сездіруге болады.

Аталған ұсыныстар деструктивті діни идеологиялардың алдын алуға және халықтың дәстүрлі діни танымға қатысты ой-түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық бірегейлігінің орнығуына, құқықтық-әдептік нормаларының қалыптасуына ислам діні өлшеусіз үлес қосты. Бала дүниеге келген сәттен бастап, адамды соңғы сапарға шығарып салуға дейінгі салт-жоралардың барлығы ислам талаптары арқылы орындалды. Қазақ әдет-ғұрпымен астасқан ислам діні материалдық, рухани мәдениеттердің тамырын тереңге жаюға мүмкіндік сыйлады. Ж.Баласағұн, Қ.Яссауи, А.Йүгінеки, А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпеев, Ғ.Қараш, Ә.Кердері т.б. қазақ ойшылдары дін насихатын қазақ қауымына биік дәрежеде жеткізді.

Абай өзінің қара сөздерінде отансүйгіштікке қатысты жеңіл əрі ауқымды анықтама берді. Отансүйгіштік Абайдың ойынша – салт-дәстүрді сақтай отырып, Отанға қызмет еткен адам, ал Отан дегеніміз – ең əуелі халық. Қазақтың «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал-мәтелдері қазақ халқының моральдық танымының исламмен терең үндестік тапқанын анық көрсетеді. Қазақ үшін ар-ұят, кісілік сияқты құндылықтар бірінші кезекте болған. Қазіргі уақытта қазақ қоғамында дін мен дәстүр арақатынасының үндестігіне барынша мән беріліп отыр. Дәстүр мен діннің өзара сабақтастығы арқылы мемлекет ішіндегі тұтастықты, халықтың ұлттық бейнесін сақтауға мүмкіндік беріледі. Дін халықты біріктірудің пәрменді құралы. Осы себепті мемлекет дәстүрлі діни танымның негіздерін өз идеологиясына тиімді қолдана білуі керек. Қазіргі кезеңде де ислам діні қазақтың ұлттық бірегейлігін сақтауға, ұлттық ренессансқа, ұрпақ тәрбиесінің рухани-моральдық қалпын дұрыстауға өзінің үлесін қоса алады. Қазақтың дәстүрлі діни танымы салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен астасқан маңызды құндылық. Діни танымның дұрыс бағытта дамуы мемлекеттің рухани қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Бүгінгі заманда да дін ислам қазақ ұлтының бірегейлігін сақтауына, рухани жаңғыруына, ұрпақ тәрбиесін дұрыс арнада болуына өз үлесін қоса алады. Дәстүрлі діни сана ұлттық қайнар көздермен сабақтасқан маңызды құндылық. Оның арнасы дұрыс бағытта жүрсе қазақ ұлты жаһандану заманында өзінің ұлттық ерекшелігін тек сақтап қана қоймайды, төлтума құндылықтарымызды замана талабына сай жаңғыртып жасампаз ете берері хақ. Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ. Осыған орай, қазақ әдет-ғұрыптарының ислами негіздері бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасына айналуы тиіс. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол - біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет