8 дәрістің тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» технологиясы Дәріс мазмұны: Сын тұрғысынан ойлау түсінігі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»



Дата15.02.2023
өлшемі21,46 Kb.
#68260
түріСабақ
Байланысты:
лек 8


8 дәрістің тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» технологиясы
Дәріс мазмұны:

  1. Сын тұрғысынан ойлау түсінігі

  2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарындағы басты мәселелер.

  3. Технологияның ерекшелігі,кезеңдері.

  4. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарындағы стратегиялар: «ДЖИКСО»,«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»,« Еркін жазу»,«Венн диаграммасы»,«РАФТ»,« Жуан-жіңішке сұрақтар»,«Қосжазба күнделігі»,« Сауалнама-интервью»

  5. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының балаларға беретін мүмкіндіктері.

1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.
2. «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

      1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

      2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

      3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін

тыңдау.

      1. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

3. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

  • Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);

  • Мағынаны тану (мағынаны ажырату);

  • Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр- малар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
4. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік.
Джиксо – ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты – жалпы мəселені ал- дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар- тады. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тəртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

  • Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дəптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мəтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол жағына мəтіндегі қатты əсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол əсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.) Сондай-ақ, əдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

  • Еркін жазу. Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді.

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мəтінмен жұмыс істей отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады.
Қосжазба күнделігі: мəтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан əр түрлі пікірлер құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет