8-есеп. Массасы 20 т вагон, сандық мәні 0,3 м/c



Дата15.05.2022
өлшемі1,89 Mb.
#34443
Байланысты:
Mekhanika esepteri sessia


1-есеп. Бастапқы жылдамдығы нольге тең дене h=19,6 м биіктіктен вертикаль төмен түседі. Дене: 1) өзінің жолының бірінші 1 метрін және 2) өзінің жолының ақырғы 1 метрін қанша уақытта жүріп өтеді? Ауаның кедергісі ескепе алынбайды.

2-есеп. Дененің жүрген s жолының t уақытқа тәуелділігі теңдеу  арқылы берілген, мұндағы А=3 м, В=2м/с және С=1 м/c2. Дененің қозғалысының бірінші, екінші, үшінші секундтарындағы орташа жылдамдығы мен үдеуін табу керек.



3-есеп. Дене  жылдамдықпен горизонтқа бұрыш жасай лақтырылды. Ұшу ұзақтығы t=2,2 с. Осы дененің ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек. Ауаның кедергісі есепке алынбайды.





4-есеп. Горизонтқа  бұрыш жасай  жылдамдықпен лақтырылған тас, лақтырған орнынан  қашықтықта жерге түсті. Тасты сол  бастапқы жылдамдықта сол орынға түсіру үшін горизонталь бағытта қандай h биіктіктен лақтыру керек.

5-есеп. Допты  бұрыш жасай   жылдамдықпен горизонталь бағытпен лақтырған. Мыналарды: 1) доптың қандай   биіктікке көтерілгенін, 2) доптың лақтырған жерінен жер бетіне түскендегі  қашықтығын, 3) оның қанша уақыт қозғалыста болатындығын табу керек. Ауаның кедергісі есепке алынбайды.

6-есеп. Білік, 180 айн/мин жиілікке сәйкес келетін, тұрақты жылдамдықпен айналады. Бірнеше моменттен кейін білік тежеледі де сандық мәні 3 рад/с-қа тең бұрыштық үдеумен бір қалыпты баяу айналатын болады. 1) Білік қанша уақыттан кейін тоқтайды? 2) Ол тоқтағанға дейін қанша айналым жасайды?



7-есеп. Радиусы R=0,1 м дөңгелек радиусының бұрылу бұрышының уақытқа тәуелділігі  теңдеуімен өрнектелетіндей айналады. Мұндағы В=2 рад/сек және С=1рад/с3. Дөңгелектің шеңберінде жатқан нүктелер үшін қозғалыс басталғаннан кейін 2 сек уақыттан соң төмендегідей шамаларды табу керек: 1) бұрыштық жылдамдықты, 2) сызықтық жылдамдықты, 3) бұрыштық үдеуді табу керек.



8-есеп. Массасы 20 т вагон, сандық мәні 0,3 м/c2-қа тең тұрақты теріс үдеумен қозғалады. Вагонның бастапқы жылдамдығы 54 км/сағ-қа тең. 1) вагонға қандай тежеуші күш әсер етеді? 2) вагон қанша уақыттан кейін тоқтайды? 3) вагон аялдамаға дейін қанша жол жүреді?





9-есеп. Массасы  кг  м/с жылдамдықпен қозғалған молекула ыдыстың қабырғасына түсірілген нормальға  бұрыш жасап соғылады да, осындай бұрышпен жылдамдығын жоғалтпастан кейін серпіледі. Соғылған уақыттағы қабырғаның алған күш импульсын табу керек.

10-есеп..Трамвай вагонының төбесіне жіпке байланған шар ілінген. Вагонды тежегенде оның жылдамдығы   уақыт ішіндекм/сағ-тан   км/сағ-қа дейін бір қалыпты өзгереді. Сонда шар ілінген жіп қандай  бұрышқа ауытқиды?



11-есеп. Тауға қарай 1 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан автомобиль моторының тарту күшін табу керек. Әрбір 25 м жолға таудың көлбеулігі 1 м-ге тең. Автомобильдің салмағы  Н. Үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең.
12-есеп. Горизонтпен   бұрыш жасаған көлбеу жазықтың бетімен дене сырғанады. Дененің  м жол жүргеннен кейінгі жылдамдығы  м/с-қа жетеді. Дененің көлбеу жазықтықпен жасайтын үйкеліс коэффициенті неге тең?

13-есеп. Салмақсыз блок горизонтпен  бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықтың төбесіне бекітілген (2-сурет). Салмақтары бірдей  кг, А және В гирлері өз ара жіппен жалғастырылып блоктан асырылып тасталынған. Мыналарды: 1) гирлердің қандай үдеумен қозғалатынын, 2) жіптің керілуін табу керек. Блоктағы, сондай-ақ В гирінің көлбеу жазықтықпен жасайтын үйкелісін ескермейміз.


14-есеп. Салмақтары кг  және   екі гир өз ара жіппен жалғастырылып салмақсыз блоктан асырылып тасталынған. Мыналарды: 1) гирлердің қозғалатын үдеулерін, 2) жіптің керілуін табу керек. Блоктағы үйкелісті ескермейміз.

15-есеп. Нейтрон (массасы ) көміртегі атомының қозғалмайтын ядросына келіп соғылады. (). Соғылысуды центрлік және серпімді деп алып, соғылысу уақытында нейтронның кинетикалық энергиясының неше есе кемитіндігін табу керек.

16-есеп. Дененің 10 м жолдағы қозғалысының жылдамдығын 2 м/с-тан 6 м/с-қа өсіру үшін қандай жұмыс істеу керек? Жолдың барлық ұзындығында да 0,2 кг –ға тең тұрақты үйкеліс күші әсер етеді. Дененің массасы 1 кг-ға тең.





17-есеп. Биіктігі Н=25 м мұнарадан 15 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта тас лақтырылған. Қозғалыс басталғаннан 1 сек өткеннен кейінгі тастың кинетикалық және потенциалдық энергиясын табу керек. Тастың массасы  m=0,2 кг. Ауаның кедергісі есепке алынбайды.

18-есеп. Салмағы 60 кг адам 8 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, салмағы 80 кг 2,9 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан арбаны қуып жетіп, үстіне секіріп шықты. 1) арба қандай жылдамдықпен қозғала алады? 2) адам арбаның қозғалыс бағытына қарсы бағытта жүгірсе, онда ол қандай жылдамдықпен қозғалар еді.





19-есеп. Салмағы 70 кг коньки тебуші конькимен мұздың үстіне тұрып, салмағы 3 кг тасты 8 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырады. Егер конькидің мұзбен жасайтын үйкеліс коэффициенті 0,02-ге тең болса, коньки тебуші қанша жерге дейін сырғанап барады.

20-есеп. Ұзындығы 25 см жіпке байланған, массасы 50 г кішкентай гир горизонталь жазықтықта шеңбер сызады. Гирдің айналу жылдамдығы 2 айн/с-қа сәйкес келеді. Жіптің керілуін табу керек.





21-есеп. Нүкте радиусы R=20 см шеңбердің бойымен  м/с2 тұрақты тангенциаль үдеумен қозғалады. Қозғалыс басынан қанша уақыттан кейін нүктенің нормаль үдеуі  : 1) тангенциаль үдеуге тең болады, 2) тангенциаль үдеуден екі есе үлкен болады?

22-есеп. Массасы 5 т зеңбіректен, массасы 100 кг снаряд ұшып шығады. Зеңбіректен ұшып шыққандағы снарядтың кинетикалық энергиясы Дж. Кейін тебу әсерінен зеңбіректің алатын кинетикалық энергиясы қндай?






23-есеп. Массасы 20 г болат шарик h1=1 м  биіктіктен болат плитаның бетіне түсіп, одан кері секіріп   h2=81 см биіктікке көтеріледі. Соғылысу уақытындағы плитаның алған күш импульсы мен бөлініп шыққан жылу мөлшерін табу керек.

24-есеп. Ұзындығы 25 см жіпке байланған, массасы 50 г кішкентай гир горизонталь жазықтықта шеңбер сызады. Гирдің айналу жылдамдығы 2 айн/с. Жіптің керілуін табу керек.





25-есеп. Егер қабырғаға соққы түскенде әрбір буфер 10 см –ге қысылатын болса, онда массасы 20 т вагон қандай жылдамдықпен қозғалатын болады? Әрбір буфердің пружинасы 1 т күштің әсерінен 1 см-ге қысылатындығы белгілі.

26-есеп. Суда жүзіп жүрген шардың диаметрі 30 см. Шарды одан әрі 5 см тереңдікке батыру үшін қандай жұмыс істеу керек? Шар материалының тығыздығы 500 кг/м3.


27-есеп. Дөңгелек орбитамен қозғалған Жердің жасанды серігінің 200 км және 7000 км биіктіктердегі сызықтық жылдамдығы қандай болады? Осы берілгендер бойынша Жердің жасанды серігінің айналу периодын табыңыз.


28-есеп. Радиусы 0,5 м барабанға, ұшында массасы 10 кг жүгі бар жіп оралған. Егер жүктің төмен түсу үдеуі 2,04 м/с2 болса, онда барабанның инерция моменті қандай болады?

29-есеп. Бояуыш пульттің ішінен ағып шығатын сұйық бояудың жылдамдығы 25 м/с болса, онда бояуыш пульттегі компрессордың жасайтын қысымы қандай болады? Бояудың тығыздығы 0,8 г/см3.





30-есеп. Тұрақты жылдамдықпен 5 айн/с-қа сәйкес айналатын біліктің киентикалық энергиясы 60 Дж. Осы біліктің қозғалыс молшерінің моментін табу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет