8-сынып 1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет4/4
Дата23.10.2023
өлшемі21,6 Kb.
#120746
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу сауаттылығы

10. Мәтінге ат қойыңыз.
Оқылым
11-сынып
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады. Ал сусыз сонша
уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су
алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдерде, жер астында, топырақта
да су бар. Мұздықтар да қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада
бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады. Су сұйық, қатты және газ тәрізді
үш түрінде кездеседі. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар.
Табиғатта қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек зертханадан ғана
алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар
бар. Сондықтан оны ішуге болмайды.
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Жердің үштен бір бөлігі ... , үштен екісі ... болып табылады.
А) су, жер В) құрлық, су С) мұхит, су D) су, құрлық
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты анықтаңыз.
А) Теңіз суын ішуге болмайды. В) Таза суда мүлдем дәм болмайды.
С) Топырақтың құрамында су болады. D) Адам тамақтанбай бір күн де өткізе алмайды.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді белгілеңіз.
А) құрлық, тұз, су В) табиғат, су, теңіз С) су, тіршілік, өмір
D) көл, су, атмосфера
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Адам теңіз суымен қоректенеді. В) Суда затты еріткіштік қасиет бар.
С) Сусыз біраз күн жүруге болады. D) Құрлық судан гөрі кең жерді алып жатыр.
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Атмосфераның құрамы қандай? В) Адам неге сусыз өмір сүре алмайды?
С) Су табиғатта қандай түрінде кездеседі? D) Сусыз қанша уақыт өмір сүруге болады?
6. Мәтінге сай мақалды табыңыз.
А) Судың да сұрауы бар. В) Сыйласқанның суын іш.
С) Тау мен тасты су бұзады, Азаматты сөз бұзады D) Ақылы аздың — ашуы көп.
7. Көп нүктенің орнына керек сөзді қойыңыз. Теңіз суының құрамында ... бар.
А) қатқан тастар В) еріген жұлдыздар С) еріген темір D) еріген тұздар
8. Зертханадан алынған таза ...
А) су дәмді В) судың дәмі жоқ С) су ащы D) су тәтті
9. Мәтін бойынша, судың қандай қасиеті бар?
А) көптеген заттарды қатыратын В) көптеген заттардың түсін өзгертетін
С) көптеген заттарды ерітетін D) көптеген заттарды бұзатын
10. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет