Оттегі жайлы.
4 есеп Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды.
Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады.
Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді .Бірақ фтор күшті еді.естімеген ғажайып оқиға болды.Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.
Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?
Реакция теңдеуін жаз?
Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді.
O2+2F2 = 2OF2
5 есеп
Латын тілінен аударғанда «камал» дегенді білдіреді.Бұл металл табиғатта кең таралған жер қыртысында көптеген минералды кендері бар. Оның тұздары теңіз суларында бар,тіптен мұхит түбінде бай табиғи шөгінділері кездеседі.Адамның денесінде 4- 4,5 г болады. Таза түрінде метеориттердің құрамында болады.Оны ертеде «аспан тасы» деп атаған.
Бұл қай металл?
2.суреттегі тәжірибеден нені байқадық?
2. “Иә, жоқ”
1.Темір құймалары таттанбайды.
2.Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бұзылу құбылысы жеміріліу деп аталады.
3.Металдардың бәрі жемірілмейді.
4.Жемірілумен күресуге болмайды.
5.Жемірілу экономикаға үлкен шығын әкеледі.
6.Жыл сайын жемірілуден 20 % металл шығын болады.
7.Жемірілуді болдырмау үшін металл бұйымдардың бетін бояуға болмайды.
6 есеп
1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады. Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр болады. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.10
Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен?
ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?
2.Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15 гр адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.
Сұрақ:
а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.
ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?
3.Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, витаминдер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп кетеді.
Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |