8-сынып 3-тоқсандық тест Физика пәні Теріс заряды бар бөлшек
А) протон В) нейтрон С) электрон Д) позитрон
2. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым
А) Кулон В) Резерфорд С) Вольт Д) Милликен
3. заттың диэлектрик өтімділігі қалай белгіленеді?
А) β В) α С) ɛ Д) р
4. Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 2 есе арттырғанда олардың арасындағы әрекеттесу күші қанша есе өзгереді?
А) 2 есе артады В) 2 есе кемиды С) 4 есе артады Д) 4 есе кемиді
5. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын шама
А) заряд В) жұмыс С) потенциалдар айырымы Д) ток күші
6. Әр аттас электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылатын құрал
А) амперметр В) конденсатор С)аккумулятор Д) электрометр
7. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым
А) Вольт В) Кулон С) Ампер Д) Фарадей
8. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. 1 секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?
А) 4 Кл В) 0,4 Кл С)40 Кл Д) 10 Кл
9. Кернеудің формуласы:
А)U=A/q В) I=q/t С) I=U/R Д) R=U/I
10. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама
А) ток күші В) кернеу С) кедергі Д) заряд
11. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы үлкен болғанда оның кедергісі
А) азаяды В) көбейеді С) өзгермейді Д) ток күшіне байланысты болады
12. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда өзгермейтін шама
А) кернеу В) кедергі С) ток күші Д) меншікті кедергі
13. Токтың қуатын есептейтін формула:
А)U=A/q В) I=q/t С) I=U/R Д) P=I*U
14. Ток көзі істен шығып, өрт пайда болатын құбылыс
А) балқу В) резонанс С) қысқа тұйықталу Д) тізбектей жалғау
15.Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар
А) протондар В) иондар С) электрондар Д) нейтрондар
16. Заттың молекулалары иондарға ыдырайды. Бұл қандай құбылыс?
А) рекомбинация В) диод С) электролиттік диссоциация Д) электролиз
17. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, кедергі 2 Ом. Ток күші неге тең?
А) 12 А В) 6А С) 3А Д) 10А
18. 150 В кернеуге есептеліп жасалған вольметр арқылы өтетін ток күші 0,01 А-ден аспауға тиіс болса, ол вольметрдің кедергісі қандай болғаны?
А) 150 Ом В) 1,5 Ом С)0, 15 Ом Д) 15 кОм
19. Джоуль-Ленц заңы
А) Q=IRt В) Q=IRq С)Q=IRt2 Д) Q=I2Rt
20. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
А) 50000 Дж В) 2500 Дж С) 2000 Дж Д) 500 Дж
1 с 2в 3с 4д 5с 6в 7с 8В 9а 10с 11а 12 с 13д 14с 15с16с 17с 18 д 19д 20 а